Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап



Pdf көрінісі
бет13/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   138
18
19
I БӨЛІМ «АҚПАРАТ» ЖӘНЕ «МЕДИА»
I БӨЛІМ «АҚПАРАТ» ЖӘНЕ «МЕДИА»


1.2. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ 
а) Бұқаралық ақпарат құралдары мерзімді баспасөз және электронды БАҚ деп бөлінеді. Мерзімді баспасөзге газеттер, журналдар 
және де басқа да мерзімді баспасөз өнімдері жатады. Электронды БАҚ – радио мен телевизия. 
Мерзімді баспасөз – баспа станогы көмегімен басып шығарылған, ақпаратты қағазға басылған мәтін, 
сурет, кескін, схема, графика және басқа да графикалық формалар түрінде жеткізетін, оқырман ақпа-
ратты тек визуалды (газеттер, күнделіктер, журналдар, альманахтар, кітаптар) қабылдайтын бұқаралық 
ақпарат құралы. Мерзімді баспасөз уақытының тығыздығына немесе басқа да себептерге байланысты 
телеарнадағы жаңалықтарды тұрақты көре алмайтын адамдар үшін ыңғайлы. 
Электронды БАҚ. Радионың артықшылығы – ақпаратты аудиалды формада таратуында. Телевизия-
ның артықшылығы – аудио және визуалды бейнелер. Бұрындары баспасөзді оқығанда оқыған матери-
алға қайта оралуға болады, газет немесе журналдан алынған ақпаратты жаңартып отыруға болады, бұл 
электронды БАҚ-пен салыстырғанда мерзімді баспасөздің артықшылығы деп саналған болатын. Қазір 
электронды БАҚ-тың веб-нұсқалары бар, онда телевизиялық өнімдерді кез келген уақытта көруге бола-
ды, тіпті стенограммасы да беріледі. 
б) БАҚ тақырыбы бойынша қоғамдық-саяси және салалық деп бөлінеді. Қоғамдық саяси басылымдар қоғам өміріндегі маңызды 
мәселер мен оқиғаларды көтереді, ал салалық басылымдар нақты бір салаға, тақырыпқа арналады. Оларға ведомстволық немесе са-
лалық/тақырыптық басылымдар жатады. Олар көбіне интернетте немесе газет-журнал түрінде шығады. Мысалы, мұғалімдерге, дәрігер-
лерге арналған журналдар, ауыл-шаруашылығы саласы бойынша және т.б. осындай салалық БАҚ-ң қоғамдық-саяси БАҚ-қа айналған 
кездері әлемдік тәжірбиеде болған. Мысалы, бүкілресейлік мемлекеттік қоғамдық-саяси «Звезда» (Ресей) арнасы әскери тақырыптарға 
бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет