Медицина факультеті



бет35/62
Дата26.05.2022
өлшемі0,51 Mb.
#35643
түріҚұрамы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62
Химиялық қасиеттері. Спирттердің химиялық қасиеттерін анықтайтын гидроксил тобы және ол байланысқан радикалдардың құрылысы. Гидроксил тобы қатысында өтетін реакциялар О—Н немесе С—ОН байланыстарын үзу арқылы жүреді. Спирттер (алканолдар) полюсті косылыстар, көміртек пен оттек және оттек пен сутек атомдарының арасында екі полюсті байланысы бар: С —» О жәнө 0 <— Н . О <— Н байланысының полюстігі С —> О байланысының полюстігіне қарағанда жоғары. Оттектің жұп электрондары спирттерге электрондонорлық қасиет береді.
Этерификация реакциясы спирттердің органикалық және оттекті бейорганикалық қышқылдармен өзара әрекеттесуіне, күрделі эфирлердің түзілуіне әкеледі. СН3ОН +НО – NO2 → СН3О – NO2 + H2O
Біріншілік спирттер тотыққанда альдегид, ал екіншілік спирттер тотықса кетондар түзеді. Ендеше бутанол -1 тотықса бутаналь, бутанол -2 тотықса, бутанон түзіледі.


12. Екіншілік спирттердің тотығу реакциясын, фенолдарды анықтауға арналған сапалы реакцияны, диолды фрагментіне сапалық реацияны жазыңыз. Реакция өнімдерін атаңыз.

Альдегидтер тотықсызданғанда біріншілік спирттер, кетондар гидрленгенде екіншілік спирттер түзіледі


Фенолдың қышқылдық қасиеттері суға және қаныққын спирттерге қарағанда әлде қайда айқын білінеді. Ол O-H байланысының үлкен полярлығымен және оның айырылуы кезінде түзілген фенолят ионының тұрақтылығымен түсіндіріледі. Спирттерден айырмашылығы фенолдар сілтілік және сілтілік жер метплдарымен ғана емес, сонымен қатар сілті ерітінділерімен де феноляттар түзеді.
2C6H5OH+2NA 2C6H5ONa+H2
Натрий феноляты

C6H5OH+NaOH C6H5ONa+H2O


Натрий феноляты


13. Аминдерге анықтама беріңіз. Біріншілік, екіншілік және үшіншілік аминдер. Мысалдарды келтіріңіз. Ароматты аминдер. Аминдердің химиялық қасиеттері. Азотты қышқылымен аминдердің дезаминдену реакциясын жазыңыз.


Аминдер — молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомы амин тобына (-NH2) алмасқан көмірсутектердің туындылары. Амин тобымен байланысқан радикалдың табиғатына байланысты аминдер алифатты және ароматты болып бөлінеді.Аминдерді аммиактағы сутек атомдарының орнын радикал басқан аммиактың туындылары деп те қарастыруға болады. Молекуласындағы амин тобының санына байланысты аминдер: моноаминдер, диаминдер, полиаминдер болып бөлінеді.
1.Аминдерді жіктеудің бірінші белгісі аммиак молекуласындағы сутектің орнын басу дәрежесі болып есептеледі.
1)біріншілік аминдер
CH3-NH2 C6H5-NH2 C2H5-NH2
метиламин фениламин этиламин




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет