Медицина факультеті


Класс атауы Функционал тобы



бет32/62
Дата26.05.2022
өлшемі0,51 Mb.
#35643
түріҚұрамы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62
Класс атауы

Функционал тобы

Жалпы формуласы

Галогентуындылары

-F,-Cl,-Br,галогендер

R-HAL

Спирттер,фенолдар

-OH гидроксил

R-OH,Ar-OH

Жәй эфирлер

-OR алкоксил

R-OR

Тиолдар(тиоспирттер,меркаптандар),тиофенолдар

-SH тиол

R-SH,Ar-SH

Тиоэфирлер(сульфидтер)

-SR алкилтиол

R-SR

Сульфоқышқылдар

-SO3H сульфо

R-SO3H

Аминдер

-NH2;=NH ;=N амино

R-NH2;R2NH ;R3N

Нитроқосылыстар

-NO2 нитро

R-NO2

Нитрилдер

-CN циан(нитрил)

R-CN

Альдегидтер,кетондар

=C=O карбонил (оксотоп)

R-CH=O
R-C-R
II
O

Карбон қышқылдары

-COOH карбоксил

R-COOH

Күрделі эфирлер

-C(O)-OR алкоксикарбонил

R-C(O)-OR

Амидтер

-C(O)-NH2 карбоксамид

R-C(O)-NH2

5. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы және изомериясы. Изомерлерге анықтама беріңіз. Құрылымдық изомерлер қандай топтарға бөлінеді? Мысалдар келтіріп, олардың аттарын жазыңыз.

Химиялық құрылыс теориясы — органикалық химияның іргетасы. Оның органикалық химиядағы маңызын бейорганикалық химиядағы Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесімен салыстыруға болады. Химиялық құрылыс теориясы молекулаларды өзара қатаң тәртіппен байланысқан атомдардан тұратын жүйе ретінде қарауға мүмкіндік берді. " Молекуланың құрылысын білуге болмайды " деген идеалистік көзқарасқа соққы беріп, органикалық химияда белгісіз болған көп фактілерді, мысалы, изомерлену құбылысын түсіндірді. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы іс жүзінде жинақталған көп материалдарды жүйелеуге, жаңа заттардың бар екенін болжауға және олардың алу жолдарын көрсетуге көмектесті. Органикалық химия құрылыс теориясының арқасында аналитикалық ғылымнан синтетикалық ғылымға айналды.


Құрамдары бірдей, ал кеңістіктегі құрылысы әртүрлі заттар изомерлер, ал осы құбылыс изомерия деп аталады. Изомерлер құрылымдық және кеңістік ( стереоизомерлер ) болып,екі топқа бөлінеді. Құрылымдық изомерлер молекулалардың химиялық құрылысына байланысты болып келеді және бірнеше топқа жіктеледі. 1. Тізбектік изомерлер көміртегі қаңқасының құрылысына тәуелді пайда болады. Мысалы СН 3 - СН 2 - СН 2 - СН 3 қалыпты бутан СН 3 - СН(СН 3 ) - СН 3 изобутан (2 - метилпропан ) 2. Еселенген байланыстардың изомерлері қос немесе үш байланыстардың орнына байланысты болып келеді.Мысалы СН 3 - СН - СН 2 - СН 3 бутен 1 СН 3 - СН - СН - СН 3 бутен 2 3. Функционалдық топтардың изомерлері функционалдық топтардың орналасуына байланысты болады. Мысалы СН 3 - СН 2 - СН 2 - ОН пропанол 1 СН 3 - СН(ОН) - СН 3 пропанол 2 4. Классаралық изомерия әртүрлі кластарға жататын қосылыстардың арасында байқалады. Мысалы СН 3 - СН 2 - СНО пропаналь СН 3 - С(О) СН 3 пропанон


6. Кеңістіктік изомерлерге, конфигурация мен конформацияға түсінік беріңіз. Цис - және транс-бутен-2 құрылымдық формулаларын жазыңыз Ациклді қосылыстарддың ретсіз, қысқыш тәрізді және зигзаг тәрізді конформациясына мысалдар на мысалдар на мысалдар келтіріңіз.

Кеңістіктік изомерия (стереоизомерия)-Бұл құрамы және атомдардың қосылу реті бірдей, бірақ атомдардың немесе атомдар топтарының кеңістікте бір-біріне қатысты орналасу сипаты бойынша ерекшеленетін изомерлердің болуы.Изомерияның бұл түрін Л.Пастер (1848), Дж.вант Хофф, Ле Бел (1874) сипаттаған


Нақты жағдайда молекуланың өзі және оның жеке бөліктері (атомдар, атомдар топтары) тербелмелі-айналмалы қозғалыс күйінде болады және бұл қозғалыс молекуладағы атомдардың өзара орналасуын қатты өзгертеді. Бұл кезде химиялық байланыстар созылып, байланыс бұрыштары өзгереді, сөйтіп молекулалардың әртүрлі конфигурациялары мен конформациялары пайда болады.
Сондықтан кеңістіктік изомерлер конформациялық және конфигурациялық болып екі түрге бөлінеді.
Конфигурациялар – атомдардың жалғыз байланыстар айналасында айналу нәтижесінде пайда болатын айырмашылықтарды есепке алмай кеңістікте орналасуы.Бұл изомерлер әртүрлі конформацияда болады.
Конформациялар – атомдардың немесе атомдар топтарының дара байланыстар айналасында айналуы нәтижесінде пайда болатын бір молекуланың өте тұрақсыз динамикалық формалары, нәтижесінде атомдар әртүрлі кеңістіктік орындарды алады. Молекуланың әрбір конформациясы белгілі бір конфигурациямен сипатталады.

Зигзаг тәрізді (I),
Ретсіз емес (II)

Қыскаш тәрізді (III)


х
у




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет