Мәңгілікпен үндесу


«Мен де неміс композиторларын ерекше жақсы көремін, бірақ Сіздің жазбаларыңыздан өзім ерекше қадірлейтін Р.Вагнердің есімін кездестіре алмадым



бет18/32
Дата06.01.2022
өлшемі94,39 Kb.
#14578
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
«Мен де неміс композиторларын ерекше жақсы көремін, бірақ Сіздің жазбаларыңыздан өзім ерекше қадірлейтін Р.Вагнердің есімін кездестіре алмадым.

Ол әлемдегі теңдесі жоқ ең ұлы опера композиторы. Жақын келе алатын бір-ақ адам бар, ол – Верди. Оның өзі Вагнердің ұлылығын әлденеше мойындаған.

Вагнер барлық операларының либреттосын тек өзі жазған. Композитор ғана емес, ұлы философ. Вагнердің «Тангейзер» операсы осыдан үш жыл бұрын тұңғыш рет қазақ опера сахнасында қойылды.

Бұл тақырыпта тым ұзаққа кетіп қалмау үшін Сізге әлемнің ең үздік опера театрларының (Ла Скала, Ковент Гарден, Венская опера, Мариинский театр) қойылымдарындағы Вагнердің барлық опералары («Золото Рейна», «Валькирия», «Зигфрид», «Гибель богов», «Летучий голландец», «Лоэнгрин», «Тангейзер», «Тристан и Изольда», «Нюрнбергские мейстерзингеры», «Парсифаль») менің коллекциямда бар «Неміс музыкасымен басымды қатыратын бір қожадан құтылып едім, мына пәлесі қайдан шықты» демесеңіз қажет жағдайда тыңдауға бере аламын.

Музыка саласындағы сырласуымыздың басы болсын деп Сізге Вагнердің көзі тірісінде өзі жасаған жобамен салынған Байройттағы театрда қойылып, әйгілі музыкант Даниэль Баренбоймның дирижерлігімен жүзеге асқан ұлы композитор творчествосының шыңы саналатын «Нибелунг сақинасын» сыйлаймын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет