Международная академия аграрного образования костанайский филиал маао



Pdf көрінісі
бет11/35
Дата27.03.2017
өлшемі8,05 Mb.
#10578
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35

Әдебиеттер тізімі: 
 
1.Халық мұрасы. А. 1974. 9-б. 
2.Алпысбес  Махсат  Аапысбесұлы  «Тарих  ғылымдарының  докторы  ғылыми 
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефератынан» 
3.  –  Кн.  XXVI.  –  С.  49-92.;  Радлов  В.  Образцы  народной  литературы  тюркских 
племен. Киргизские наречия. – СПб., 1870. – Ч. ІІІ. – 712  
4. Марғұлан Ә. Шежіре. Қазақ шежіресі  // Қазақ совет энциклопедиясы.  – 1978. – 
Т.12. – 595 б. 
5.Қазақ энциклопедиясы. 
 
 
 
 

87 
 
ОӘЖ:398 
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ 
ӘДЕБИЕТІ 
 
Аюпова Б.А. Сейсембай Г.А. 
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 
 
Мақалада  ХІХ  ғасыр  қазақ  әдебиетіне  үлес  қосқан  М.Әуезовтің  «Әдебиет  тарихы»  кітабының  VII 
тарауындағы «Зар заман ақындары» бөлімі талданған.  
В  статье  анализируется  творчество  поэтов  стилевого  течения  «Зар  заман»,  который  вошел  в  VII 
раздел книги М.Әуезова «История Литературы», который внес вклад в казахскую литературу ХІХ века. 
The article analyzes the work of poets stylistic flow " Zar Zaman ", which entered the section of the book 
VII M.Әuezova "History of Literature ". 
 
Мұхтар  Әуезов  творчествосы  –  қазақ  өнерінің  кемелденуінің  айғағы.  Әлемдік 
мәдениетке қазақ халқы қандай көркемдік игіліктер қосты дегенде, ауызға алынар есімнің 
бірі  –  Әуезов.  Ол  –  әлемдік  құбылыс.  Әуезов  –  ғасырлар  бойы  жиналып  келген  қазақ 
топырағындағы асыл құнарлардың жарқырап қайта көрінуінің үлгісі. Қазақтың реалистік 
әдебиетіндегі халықтық арнадан, ұлы Абай айдынынан нәр алған М.Әуезов творчествосы 
қазақ  әдебиетіне  орыстың  реалистік  дәстүрлерінің  тереңдеп  сіңгенін  танытты.  Мұхтар 
Әуезов,  негізінен,  қазақ  прозасы  мен  драматургиясын  әлемдік  биікке  көтерген  ұлы 
суреткер.  Сонымен  қатар  ол  әдебиеттану,  фольклор,  тарих,  философия,  эстетика 
саласында  да  аса  бай  мұра  қалдырған  энциклопедиялық  қуаты  бар  тамаша  ғалым  еді 
[1,478]. 
М.Әуезов  қазақ  әдебиеттану  ғылымында  алғашқылардың  бірі  болып  әдебиет 
тарихына  байланысты  зерттеу  еңбектер  жазып,  мол  мұра  қалдырғаны  белгілі.  Өйткені 
жазушы өз мақала, еңбектерінде айтып өткендей, әдебиетті тану оның тарихын, осы күнге 
дейін  жүріп  өткен  жолын,  өсу  кезеңдерін,  түрлі  заңдылықтарын  білуден  басталады  деп 
түсінеді [2,74]. 
Мұхтардың  әдебиет  тарихы,  оның  басталуы  мен  дамуы  жайлы  ойлары  тым 
қызғылықты.  Мұхтар  Әуезов  20-жылдары  әдебиет  тарихының  түрлі  мәселелеріне 
арналған  «Қазақ  әдебиетінің  бүгінгі  дәуірі»  (тарихи-әдеби  сын),  «Ыбырай 
Алтынсарыұлы»,  «Әдебиет  ескілігін  жинаушыларға»,  «Халық  әдебиеті  туралы», 
«Қобыланды  батыр»  атты  мақалалары  мен  «Әдебиет  тарихы»  атты  көлемді  зерттеу 
кітабын жариялайды. 
М.Әуезовтің  «Әдебиет  тарихы»  (Алматы,1991)  да  толық  күйінде  қайта  басылып 
шықты.  Бұл  кітап  –  қазақ  халқының  ұлттық  әдебиетін  тұтас  күйінде  жүйелеп  зерттеуге 
жасалған алғашқы талап [3,110].  
М.Әуезов еңбегінде классикалық әдебиеттанудың орнықты, ғылыми жүйесі, үлкен 
мәдениет,  ой  тереңдігі,  стиль  сұлулығы  сайрап  жатыр.  Өнерді  өмірдің  образды,  суретті 
бейнесі,  жанды,  тірі  көрінісі  деп  қарау,  жалпы  адам  баласының  көркемдік  игіліктерді 
бірінші  қатарға  шығару,  ұлттық  сұлулық  категориялары,  терминдер  әлемдік  әдебиеттің 
биік-биік тұғырларымен салыстырыла, шендестіріле алынады. 
Кітапта  ерекше  ықтиятпен  талданған  проблема  –  «Зар  заман»  дәуірінің  әдебиеті. 
Шортанбай  өлеңінен  алынған  ойларды  пайдалана  отырып,  Мұхтар  Әуезов  қазақтың 
әдебиетіндегі  ең  ұлы  сарын  –  елдік,  тәуелсіздік,  азаттық,  бостандық  ұранының 
көркемсөздегі  көріністерін  нақты  шығармаларды  айқын  саралап  талдау  арқылы  көрсетіп 
береді  [1,274].  ХІХ  ғасыр  қазақ  әдебиетіне  қатысты  құнды  материалдарының  бірі  «Зар 
заман  ақындары»  атты  бөлімде  жазба  әдебиетінің  басы  болған  ақындар  шығармаларына 
талдау  жасалып,  олардың  не  себепті  «зар  заман  ақындарына»  қосқандығы  баяндалған. 
Жалпы жазба әдебиеті мен ауызша әдебиетінің басты айырмашылығы деп жазу кірген соң 
шыққан  әдебиет  пен  жазу-сызу  болмаған  әдебиетті  айыру  баяғыдан  қалыптасқан 
болғандығын айта келе, ақындардың бойында ескі әдебиет жұрнақтарына өзіндік көзқарас 

88 
 
қосуды  да  жазба  әдебиет  ерекшелігі  деп  түсіндіреді.  Осыдан  ел  мүддесін  қорғайтын,  өз 
жанынан  елден  бөлек  ұғым,наным,пікір  туғыза  алатын  ақындар,  яғни  «зар  заман 
ақындары»  туады  деп  түсінген.  Зар  заман  дәуірі  қазақ  әдебиетінің  тарихында  әлеумет 
халін  ұғып,  ел  қамын  жоқтауға  кіріскен  ақындарды  тудырған  кезең  екендігін  Әуезов 
алғаш  танып,  бұл  дәуір  өкілдеріне  ХІХ  ғасырда  болған  ақындардың  бәрін  жатқызады. 
Дегенмен, оның кейбір өкілдеріне ерекше тоқтала кеткен. Мәселен,  «ХІХ ғасырдағы зар 
заман  ақындарының  басы  Махамбет.  Одан  кейінгілері:  Шортанбай,  Мұрат, 
Алтынсарыұлы, бұлардан соңғы бір буыны Абаймен тұстас ақындар», - дейді. [4,208 б].  
Солардың  ішінде  ғалым  Шортанбай  Қанайұлының  шығармаларына  тоқталып 
кетеді  де,  зар  заман  әкелген  екі  жаңалық  бар  болса,  соның  бірі  діншілдік  сарыны  осы 
Шортанбай  өлеңдерінен  байқалғандығын  жазады.  «Әдебиет  тарихы»  кітабының  «Зар 
заман» бөлімінің атауы осы Шортанбай өлеңінің атауы болса, сол өлең жалпы ХІХ ғасыр 
ақындарының  жиынтық  идеясы    деп  түсіндірген  болатын.  Ендеше,  сол  өлеңді  талдауда 
ғалым  елдің  өзгергендігі  үкіметтің  елді  басып  билеп  алғандығы  жайлы  былай  дейді: 
«Басында  заман  жайын  ел  өмірінің  ұсақ  белгісінен  бастаса  да,  аяғында  келіп  тірелетіні 
баяғы ескі түйін. Заманның зарын айтып,күңіреніп келгенде, сол қайғыға салып отырған 
себепті іздесек, ол: орыс үкіметінің билігі болып шығады» [4,215]. Ел өміріндегі өзгерісті, 
жаңалықты  ақын  ақыр  заман  нысанасы  ретінде  көріп,  заманның  бұзылған  белгісі  тек 
адамда емес, табиғатта да бар екендігін ақын өлеңдерін талдаудан көрсетеді.  
Мұхтар  Әуезов  ХІХ  ғасыр  әдебиетінің  тағы  бір  көрнекті  өкілдерінің  біріне 
тоқталады.  Ол  –  Мұрат.  Шортанбай  өлеңдерінде  байқалған  сарын  –  діншілдік  сарыны 
болса, Мұрат оны жоққа шығарады да, ақыр заманды әкелген адамның өзі дейді. Жалпы 
Мұрат өлеңдерінде патша саясатының бір тарауына көп көңіл  бөлінгендігін Әуезов айта 
кеткен.  Ол  тарауы  қазақтың  жерінің  алынуы.  «Жер  тарылып,  заң  бұзылып,ел  сасқан 
соң,бұрынғы  ұйытқысы  бұзылмаған  ру  тіршілігі  көркінен  айырылып,құбылып,  қуарып 
бара  жатқан  сияқты.  Бұзылған  заман  мұның  да  өлең  сөзінің  бар  күшін  әлеумет  қамына 
жұмсатады.  Мұрат  зар  заман  ішіндегі  ірі  ақынның  бірі.  Бұның  сөз  үлгісі  баяғының 
толғауы  сияқтанып,қарсыға  шапқан  жүйріктей  көсіліп,  құлашын  керіп  келеді»  [4,215],  - 
дейді  ғалым  Мұрат  шығармаларына  баға  беріп.  Ғалым  Мұхтардың өлеңдерінен  заманды 
бұзған қазақтың өз қауымы екенін аңғартып, адамның бұзылуының белгісі  қайсы екенін 
айтады  да  белгілері:  бұрынғылар  айтқан  берекесіздік,  арамдық,  жат  бауыр  болып 
қарындастан айрылғандықтан дейді. Заманды аздырған тек бұл емес, иыққа шығып алған 
тағы бір күшті дұшпан бар екендігін аңғарады. 
Кейінгі туған баланың  
Шашын, мұртын қойдырып, 
Ащы суға тойдырып, 
Бұза ма деп реңін, 
Адыра қалғыр заманның 
Жаратпаймын  сүреңін»,  -  деп  Мұрат  өлеңінен  үзінді  алып,  ақынның  айтпақ  ойын 
оқырманға  жеткізеді.  «Бұл  сөзде  жақындап  келе  жатқан  заманның  ақынды  күпті  қылған 
жұмбағы  бар.  Ол  жұмбақ  патша  үкіметінің  қазақ  елін  орыс  қылмақ  саясаты.  Мұрат  сол 
ниеттің шетін сезген. Өз заманындағы көп белгіден топшылап, сол күн бола ма деп қайғы 
шеккен.  Көрген  күні  осы  болған  соң,  бұ  да  тіршілікке  ырза  емес,  Махамбеттің  «нәлет» 
оқыған  заманынан  өзге  емес.  Сондай  қайғылы,  сондай  дертті  заман  екенін  білдіреді» 
[4,217]. 
Ендігі  сөз  болатын  зар  заман  әдебиетінің  өкілі  –  Ыбырай  Алтынсарыұлы. 
М.Әуезов: «зар заманның орта буындағы бір жаңалығы діншілдік сарыны делік. Екіншісі 
– жоғарыда айтқан мәдениет исі. Бірақ бұл дәуірде соңғы жаңалық оншалық айқын болып, 
толық  күйінде  білінбейді.  Білінсе  жалғыз  Алтынсариннің  ғана  сөздерінде  білінеді. 
Сондықтан  мұны  бір  үлкен  жаңалық  демей  исі  деп  қана  атадық»  [4,212],  -  дейді.  Ғалым 
Алтынсаринді мәдениетті ақын ретінде танып, оның ол қыры европа ақындарынан алған 
үлгісі  деп  біледі.  Алтынсариннің  басқа  зар  заман  өкілдерінен  ерекшелейтін  қырын  да 

89 
 
жазады:  «Алтынсарин заманды жоқтап, заман зарын айтуға арнамайды. Заманның қайғы 
шерін қалың елдің өзі сезіп біліп, көріп тұр. Оның орнына, мүмкін болғанша, ем айтқысы 
келеді. Бірақ мұның айтқан емінде бір бағыттық, анықтап бастаған екпін, ағын жоқ. Елдің 
әр  алуанына  әр  түрлі  ем  айтады.  Елдің  үміт,  сүйенішін  жас  буынға  артқандай  болады. 
Сондықтан балаларды оқуға шақырып, бата береді»[4,218] 
Ғалым  енді  ел  басына  төнген  қатердің  көп  айтылатынын,  бірақ  оған  қарсы  іс 
жасалмайтынын түсінген Ыбырайдың елді түзу жолға бастар өлеңдерін талдауға кіріседі. 
Ақынның  «Сәуірде  көтерілер  рахмет  туы»  өлеңін  Әуезов  оқымысты,  үлгілі  ақындардың 
салтымен  жазылған  дейді:«Бұл  өлеңінде  әлеуметшілдік  сарыны,  ел  қамы  жоқ  қазақ 
әдебиетінде алғашқы шыққан жаңа үлгі болғандықтан, сол жаңалық мысалының есебінде 
атап  отырмыз»[4,218].  Сол  секілді  Алтынсариннің  елге  айттқан  ақылы  таза  адамшылық 
жолына түсу деп, мына үзінді жолдарын мысалға келтіріп кеткен: 
«Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен. 
Өліп кет, басың кетсе шындықпенен, 
Алланың рахметінен күдер үзбе, 
Термірме еш адамға мұңдықпенен
Мақтанба бай болдым деп, бағыңызға, 
Қартаймақ, о да қиын тағыңызда. 
Дөң аспай бақ дәулеттің кетуі оңай, 
Басыңнан бақыт тайған шағыңызда» 
Әуезов  Ылтынсарин  шығармашылығына  баға  беріп,  «зар  заман  ақындарының 
ішінде  дін  сарынын  шығарып,  дін  мейманалығын  көп  ұсынатын  ақын  Алтынсарин»  деп 
тұжырымдайды.  Жалпы  Ыбырайды  зар  заман  әдебиетіне  жатқызуын  оның 
шығармашылығында  зар  заман  ақындарымен  жалғасатын  желі  бар  екендігінде  және  ол  
тағдырына  бас  иіп,  үміт,  тілекке  қош  айтып,  жарық  сәулені  дүниеден  күткен  ақын  деп 
білуінде деп түсінеміз. 
«Әдебиет  тарихы»  кітабында  сөз  болған  ХІХ  ғасыр  қазақ  әдебиетінің  ендігі  бір 
өкілі,  заман  зарының  ең  ақырғы  күйін  шертіп,  тоқтаған  ақын  –  Нарманбет.  Зерттеуші-
ғалым  Нарманбеттің  өзіне  дейінгілердің  ізін  басқандығын  оның  солардай  қайғыра, 
шерлене  жазған  «Сарыарқа»  өлеңінен  алынған  мысалымен  таныта  түседі.  Нарманбет 
өлеңінде бұрынғылардай ем айтып, ел дертінен шығарлық жол іздеу жоқ, өзінің мақсаты 
ескіні жоқтау болғандықтан, сол үлгіден ауыспағандығын айта кетеді.  
Қазақ ауыз әдебиеті  нұсқалары ХІХ ғасырдан, негізінен оның екінші жартысынан 
жиналып  хатқа  түсіріліп,  белгілі  мөлшерде  жүйелене  бастағалғаны  белгілі.  Бұл  салада 
орыс ғалымдары И.Березин, Н.Ильминский, Г.Потанин, В.Радлов т.б. еңбектері өте үлкен. 
Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин,  Ә.Диваевтер  де  мол  еңбек  сіңірді.  Дегенмен  олардың  сол 
өлшеусіз құнды еңбектері қалың жұртшылықтың, жаңа ашыла бастаған қазақ мектептері 
оқушыларының  игілігіне  айналып,  күнделік  қажетін  өтей  алмағаны  өзінен-өзі  түсінікті 
[5,305]. 
М.Әуезов:  «... Сол себепті  қай қалада бастауыш мектептен гөрі  жоғарырақ болып 
ашылған мектептер болса, барлығында ана тілінің әдебиетін ұғынудың талабы байқалады. 
Ана  тілінің  іздейтін  жаңалығы,  кең  өрісі  сол  әдебиет  болады.  Әдебиет  мектеп  ішіндегі 
оқушылардың  ақыл  сезімін  тәрбиелеп  жетілтуден  басқа  сол  оқушыға  қазақ  деген  елдің 
өткендегісі мен бүгіндегі пішінін танытуы керек. 
Белгілі  заманның  тарихи  шарттары  мен  кәсіп  дағдысынан  туған  салт,  сана,  сезім, 
тілек қандай еді? Елдің өнер туғызған хиялы мен үлгілі сөз туғызған ақыл шалымы, ішкі 
дүние байлығы қандай еді? Қазақ тілінде әрбір заманда шыққан сырлы сөздердің үлгі түрі 
қандай,  мағына,  маңызы  қандайлық?  Бір-бірінің  ортасындағы  тарихи  байлам,  тіркестік 
қайсы,  әрбір  жұрнақтары  туғызған  себеп  не?  Міне,  осының  бәрін  бүгінгі  мектеп  ана 
тілінің шеңберіне сиғызып, оқушыға білдірмекке талап етеді» [4,9] - деп жазады кітаптың 
«Жазушыдан» деп аталатын алғы сөзінде. 

90 
 
Сонау  1927  жылы  жазылса  да,  ғалымның  бұл  кітабы  әлі  күнге  дейін  өз  мәнін 
жойған жоқ. Жастарға тарихтан сыр шертіп, сол кездегі қазақ әдебиеті өкілдері толғаған 
мәселелерден хабар беретін құнды оқу құрал болып қала береді. Қазақ әдебиеті тарихын 
зерттеуде  күрделі  мәселеге  алғаш  тоқталған  автордың  «Әдебиет  тарихы»  қай  жағынан 
алып қарағанда да қайта жаңғыртып, жариялауға жараған туынды деп білеміз. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Әуезов М. Таңдамалы: Қазақ және орыс тілдеріндегі ғылыми еңбектер: 
монография, зерттеулер, мақалалар, сөздер, баяндамалар, хаттар.- Алматы: Қазақ 
энциклопедиясы, 1997. - 512 б. 
2.
 
Сыздықов К. Мұхтартанудың беймәлім беттері.-Алматы:Қазақстан, 1997. – 244 
б. 
3.
 
Ыбыраев Ш, Қорабаев С.Мұхтар мұрасы.-Алматы:Қазақстан, 1997. – 352 б. 
4.
 
Әуезов М. Әдебиет тарихы.-Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б. 
5.
 
Әуезова Л. Сыздықов К.Уақыт тынысы.- Алматы: Әдебиет әлемі, 2012. – 20 б. 
 
 
ОӘЖ:
 
82-1/-9 
C. МҰҚАНОВТЫҢ «АДАСҚАНДАР»РОМАНЫНДАҒЫ 
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Әуезханова С.Е. қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс 
студенті, ғылыми жетекшісі: Қанапина С.Ғ. филология ғылымдарының 
кандидаты,доцент, АМА қауымдастырылған профессоры 
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 
 
Ғылыми  мақала  жазушымыз  С.  Мұқановтың  «Адасқандар»  романындағы  мақал  –  мәтелдердің 
қолданыс ерекшелігіне қатысты. Мақаланың кіріспе бөлімінде мақал – мәтелдерге қатысты біршама ғылыми 
еңбектер қаралып, шолу жасалған, және мысалдармен дәлелденген. 
В  статье  рассматриваются  особенности  пословиц  и  поговорок  в  прозе  С.Муканова.  В  начале 
статьи исследованы научные труды ученых паремиологов. Во второй части статьи собранные пословицы 
и  поговорки  проанализированы  и  раскрыты  с  помощью  толкового  словаря  казахских  пословиц  и 
поговорк. 
Scientific  articles  of  the  writer.  Mukanov's  "Lost"  novel  and  Proverbs,  in  connection  with  the  specific 
application . In the introductory part of the article, Proverbs and sayings, in relation to the opening remarks of the 
Director reviewed several scientific works, review, proven, and examples. 
 
Көркем сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жататын мақал – 
мәтелдер  мән  –  мазмұнының  тереңдігімен,  өткірлігімен,  өміршеңдігімен  ерекшеленеді. 
Көлемнің  ықшамдығына  қарамастан,  бейнелі  тілдік  бірліктер  нақты  да  күрделі  ойдың 
себеп салдарын, халықтың өмір тәжірбиесінің қорытындысы мен дәлелін қатар білдіреді. 
Қазақтың  мақал  –  мәтелдерін  алғаш  қағаз  бетіне  түсірген  ғалым  –  Ш.Уәлиханов. 
Ш.Уәлиханов  пен  Н.Н  Березин  архивтерінде  XIX  ғасырдың  елуінші  жылдарында  ел 
аузынан  жазып  алынған  екі  жүзден  аса  мақал  –  мәтелдер  сақталған.  Сондай  –  ақ,  қазақ 
ауыз  әдебиетінің  басқа  үлгілерімен  бірге  қазақ  мақалдары  мен  мәтелдерін  де  жинақтап, 
жеке  жинақтар  шығарып,  қазақ  тілі  мен  әдебиетінің,  тіл  ғылымының,  мәдениетінің 
дамуына  зор  үлес  қосқан  Ы.  Алтынсарин,  Ә.Диваев,  В.Радлов,  Ш.Ибрагимов, 
М.Тереньтев,  Я  Лютш,  Ф.  Катанов,  В.В.  Катаринский,  П.М.  Мелиоранский,  Н.Н. 
Пантусов,  А.Е.  Алекторов  т.б  сынды  ағартушы,  ғалымдардың  еңбегі  ерекше.  [1,  6-бет  ] 
Кенжемұратова  Сәлима  Кенжемұратқызының  «Мақал  –  мәтелдердің  синтаксисі»атты 
ғылыми  диссертациясында  мақал-  мәтелдер  шығу  жолдарына  қарай  әртүрлі  болады 
делінген және 3 түрін қарастырған:   

91 
 
1)
 
 Бұлардың  ең  басты  шығу  жолдары  –  ол  халықтың  әлеуметтік  тұрмысы  мен 
тарихи экономикалық жағдайына тікелей қатысы бар өмір тәжірбиесінен пайда болады.  
2)
 
Мақал  мен  мәтел  ауыз  әдебиетінің  басқа  жанрларының  «Тоқсан  ауыз  сөздің 
тобықтай түйінін» білдіретін кестелі, түйдек ойлардан жасалып отырады. 
3)
 
 Мақал  –  мәтелдердің кейбіреуі  көрнекті  ақын  – жазушылардың қолтума нақыл 
сөздерінен де пайда болады. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің 
көбі  халық  арасына  кең  тарап,  мақал-мәтелдік  сипатқа  ие  болып  кетті.Сол  сияқты  Ы. 
Алтынсариннің көптеген нақыл сөздері айтылып, ел аузында мақал болып кеткені айқын. 
«Жинақылық сараңдылыққа жатпайды», «Ауырған аяғаннан күштірек» дегендер т.б [2,11-
бет] 
Қазақ ММ-дердің узуальды (тұрақты) қолданысы 
Зерттеуші  ғалым  Ә.Хайдар  мақал  -    мәтелдердің  узуальды  варианттары  көп  емес 
екендігін айтып оның 4 вариантын ұсынған.  
1)
 
Парадигматикалық  вариант.    Бұл,  негізінен,  мақал  –  мәтелдердің  сөз 
жүйесіне,  сөйлем  құрамына  енуіне  байланысты  соңғы  компонентінің  келесі  сөйлем 
мүшесімен синтаксистік байлнысқа енуіне қажетті қарапайым тұлғалық өзгеріс. Мысалы, 
жоғарыда  келтірілген  :  Сұмырай  келсе,су  құрыр<>деген  мақалды    Сұмырай  келсе  су 
құриды<>  деп  те  қолдану  бар.  Міне  ,  бұл  мақалдың  құрамдық  вариантын  тудыратын 
қарапайым  прагматикалық  өзгеріс  нәтижесі.  Одан  ММ  –  дің  мағынасына  ешбір  нұқсан 
келіп тұрған жоқ. 
2)
 
Синонимдік варианттар. Бұл өзгерістің тетігі тілде қалыптасқан бір мақал, не 
мәтелдің  бір,  не  екі  компонентін  өзгертіп,  оны  мағыналас  (синоним)  басқа  сөзбен 
ауыстыруға  байланысты.Мысалы:  Жақсы  сөз  –  жарым  ырыс<>түрінде  қалыптасқан 
мақалды  кейде  Жақсы  лепес  –  жарты  ырыс  <>  деп  қолданады.  Бұл  екеуінің  мән  – 
мағынасы бірдей , бірақ, көріп отырғанымыздай, құрамында синонимдердің (сөз – лепес ) 
алмасуы бар. 
Бәлен жерде бақыр бар, барсаң, бақыр тұрмақ шақа да жоқ <> 
Бәлен жерде бақыр бар, барсаң, бақыр тұрмақ шелек те жоқ<> 
Бұл екеуі – бір мақалдың екі варианты. 
3)
 
Мақал  –  мәтелдердің  эллипсистенген  (ықшамдалған)  варианттары. 
Паремиологияда  мұны  «  узуальды  –  эллипсистенген»  (  «узуально-  эллиптированные 
варианты»),  не  ықшамдалған  варианттар»  деп  те  атайды.  Бұл  құбылыстың  мәні  мақал  – 
мәтелдердің  құрамынан  о  бастағы  құрамдық  элементтерінің  (компоненттерінің)  біреуін, 
не екеу- үшеуін, жалпы мән – мағынасына нұқсан келмейтіндей етіп түсіріп айтуға және 
олардың тілде сол қалпында қалыптасуына байланысты.  
Мысалы: 

 
Көрмес  түйені  де  көрмес<>  //  Көрмес  түйені  де  көрмес,  Танымас  құдайын  да 
танымас<> 

 
Шегірткеден  қорыққан  егін  екпес<>//  Шегірткеден  қорыққан  егін  екпес, 
Барымтадан қорыққан мал жимас<>// т.б 
Метатезалық варианттар.  Метатеза, әдетте сөз құрамындағы жеке дыбыстардың 
, не буындарың орын ауыстыруын білдірсе, оны біз шартты түрде  ММ-дер құрамындағы 
жеке  компоненттердің,  не  сөз  тіркестерінің  орын  алмастыруына  қатысты  қолданып 
отырмыз. Өйткені,  бұл құбылыс ММ-дерде де кездеседі. Мұны кейбір қос тағанды ММ-
дердің  тағандарының  орнын  ауыстырып  қолданудан  көруге  болады.  Мысалы,  Сиыр 
сипағанды білмейді, Жаман сыйлағанды білмейді<> деген мақалдың бір варианты -  Сиыр 
сипағанды  білмейді<>  ықшамдалған  (эллипсистенген)  вариант  болып  қалыптасса,  енді 
біреуі  Жаман  сиыйлағанды  білмейді,  Сиыр  сипағанды  білмейді<>деген  метатезалық 
варианттары тағы кездеседі. [Ә.Қайдар, «Халық даналығы», Алматы 2004ж ]  
С.Мұқановтың  «Адасқандар»  романында    кездесетін  мақал  –  мәтелдердің 
көрінісі 

92 
 
1)
 
«Ер  мойнында  қыл  арқан  шірімейді»    деген  мақал  бар  ғой,  -  деп  келе 
жатыр ем...(«Адасқандар», 83бет) 
Ер мойнында қыл арқан шірімес ауыс. Қазақ салты бойынша ала жіп кесісіп, 
қыл  арқан  ұстасып  уағдаласқан,  анттасқан  адамдар  оларды  мойнына  алған  міндетім, 
арқалаған  аманатым,  берген  уағдам  деп  қарап,  қайткен  күнде  де  орындауға  тырысатын 
болған. Бұл ең парасатты адамдық парызды уағдаласқан ер – азаматтың ерте ме, кеш пе, 
әйтеуір, бір орындауы сол арқанның ешбір «шірімейтіндігінің» кепілі болып саналады>[Ә. 
Қайдар, Халық даналығы 290 бет] 
2)
 
«Әй»  дер  ажа,  «қой»  дер  қожа  болмаған  соң,  мен  еркінсімегенде,  кім 
еркінсісін. Ұлғая келе үй ішінің тілін де алмауға айналдым («Адасқандар»,11 бет). 
«Ай  дер  ажа  жоқ,  қой  дер  қожа  жоқ»-  бұл  мақалдың  мағынасы  баланы  бетінен 
қақпай, өз еркіне жіберіп өсіру, қой деп айтар адам болмаған деген мағынада. Және де ажа 
деген сөз көне сөзге жатады, қазіргі қолданыстағы жаңа түрі  «Әй дер әже, қой дер қожа 
жоқ» деп айтылып жүр 
«Ажа»  деген  сөз  ескі  түркі  тілдерінде  «ата»деген  мағынада  қолданғанын  кейбір 
тарихи  материалдар  дәлелдейді.  Оңтүстік  облыстарда  «еже»  деген  сөз  «ие»  деген 
мағынада  қолданылады.  Сондықтан  бұл  сөздердің  лексикалық  мағынасы  мен  тұлғалық 
өзгешелігін ескергенімізде «еже» немесе «ажа» деген сөздердің төркіні бір – біріне жақын 
келетіні сияқты.[4, 28 бет] 
3)
 
 «Жетімнің құрсағы жеті қабат» дегендей, Шапылдақ берген асқа қарным 
ашқандықтан, ол майға менің қолымды салуым бұл ғана емес еді. («Адасқандар», 241 бет) 
Жетімнің  қарны  –  жетеу  <  ауыс.  Ашқарақ,  тамақсау,  қомағай  болы  өскен 
жетімектің  асқа  қарны  тоймайтын,  көп  ішетін  себебін  ел  арасында  «оның  мәйегі 
болмағандықтан»  деп  түсіндіреді.  Қалай  болғанда  да,  мақал    жетім  баланың  (бұл  ерте 
кездерге  қатысты)  қарны  тоймайтын,  ас  –  тамақты  көп,  әрі  ретсіз  жей  беретін  әдетін 
сипаттап тұр>[Ә. Қайдар, Халық даналығы 329 бет] 
4)
 
«Алтын көрсе періште жолдан таяды»деген ып- ырас. Молдекең садақаны 
көбірек берген баласы баса оқытады, ұрмайды. Ал ақша әкелмеген балаларға «сабағыңды 
білмейсің»,  не  «көп  ойнайсың»  дегенді  сылтау  қылып,  арқасынан  таяқ  айырмайды 
(«Адасқандар»,  12 бет) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет