Лақтай бақыру теңеуі сөйлем ішінде дәрменсіз адамды білдіру үшін жұмсалып
тұр.
О.Бөкей шығармасында сиыр малына қатысты айтылған теңеулер де молынан
кездеседі.
Жалпы сиыр өзен жағалаған егінші, отырықшы елге жайлы, жағымды болғанымен
көшпелі елде онша бағаланбаған. Өйткені жүріске кем, жүні тықыр сиыр малына ерекше
99
бағым-күтім қажет. Оның үстіне сиыр – қыңыр мал, онша айдауға көнбейді, жөнге
жүрмейді. Сондықтан басқа малдарға қарағанда көшпелі ел сиырды аз ұстаған. Қайсыбір
жайсыз адамдардың жағымсыз мінез-қылықтарын сынағанда да сиыр мінез, сиырдай
мүйіздесті деп сиырды ұнамсыз кейіпте тану қалыптасқан.
Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған, тіпті түске
кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта епетейсіз, икемсіз әрі денелі адамды
«сиырдай» (көбіне қыздарға қатысты) деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей»,
«мыңқиған бұзау сияқты» деп мазақтайтын тіркестер қолданылады. Сонда да, сиыр үйдің
берекесі, айран-сүттің көзі, балаларының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған.
1.Тайын ерткен танадай боп жарасып отырыстарыңыз-ой, пах, пах, - деді
арсалаңдап. («Өз отыңды өшірме», 43).
Талдауға түскен шығармада сиыр малына қатысты қолданылған теңеу тайын
ерткен танадай. Тана – мүйізді қараның жас ерекшелігіне байланысты қолданылатын
атау. Ал, тайын ерткен танадай тұрақты теңеуі – бұзауын, төлін ерту яғни, бірігу,
жарасу мағынасында жұмсалады.
2.Ақыры міне, бұзауы өлген сиырдай тұлыпқа мөңіреп босқа қалдық. («Өз
отыңды өшірме», 44).
Жан-жануарлардың ерекше қасиеті – адам сияқты сезінуінде, төліне деген аналық
махаббаттың болуы. Төрт-түлік мал да түлігін іздейді. Берілген сөйлемдегі теңеу соның
бір дәлелі болмақ. Бұзауы өлген сиырдай мөңіреп тұлыпқа қарау тіркесі – артында қалу
сынды мағына орнына жұмсалады. (Тұлып – жас төлі өлген малдың енесін алдарқату
үшін ішіне шөп, сабан тығылған бітеу тері).
Берілген мысалдардағы мүйізді қараға қатысты қолданылған теңеулердің барлығы
халық тілінде айтылатын мағынасына сай жұмсалған.
О.Бөкей шығармаларынан түйеге қатысты қолданылған теңеулерді де молынан
кездестіруге болады.
1.Әлде қолды болып, қызыл сирақ күйде күлге аунаған түйедей қасынып қалып
қоя ма. («Өз отыңды өшірме», 46).
Күлге аунаған түйедей – қимылға байналысты айтылған теңеу. Жай ғана
«қасынды» деп қолданғаннан гөрі, «күлге аунаған түйедей» тұрақты теңеуі сөйлемге
ерекше реңк беріп, сөйлем мәнін аша түседі.
2.Бірде бар, бірде жоқ өмірдің талқысына түскенде көзіңе қамшы тиген ботадай
боздап, мені кінәлап жүрмесең, маған одан артық бақыттың керегі не? («Өз отыңды
өшірме», 87).
3.Отау үйде ботадай боздап қыздары мен бәйбішесі қалды. («Өз отыңды өшірме»,
148).
4.Тәтемнен айрылдық! – деп ботадай боздап, Құландыға қарай құйынперен
безектеп барады әне... . («Өз отыңды өшірме», 304).
Ботадай боздау – «қатты налып, зар еңіреген, жан қиналысты сөзбен жеткізе
жұрттың құйқа тамырын шымырлата жылаған адамның дауысын» суреттеу. Сондай-ақ,
«боз інгендей боздады», «боталаған нардай боздады», «ботасы өлген түйедей боздады»
деген тіркестерде де адамның баласынан немесе жақынынан айырылғанда ботасы өлген
інгендей, енесі өлген ботадай боздап бақыруы іспеттес, еңіреп, ағыл-тегіл көзінің жасын
бұлауды білдіреді [2, 24]. Ботадай боздау тіркесі шығарма тілінде бірнеше рет
қолданылған. Бәрінің де білдіретін мағыналары бір – зар жылау, еңіреу сөздерімен
синонимдес болып келеді.
5. Не болды, ақсақал? – деп ұмтылған жігіт сүйеп үлгергенше, шоғыр-шоғыр
тарғылданған тастық үстіне шөккен нардай шөке құлады. . («Өз отыңды өшірме», 150).
Шөккен нардай теңеуі адамның дене бітімін, пішімін анықтауда қолданылады.
Сөйлемде де осы мағынасына сәйкес жұмсалған. Сондай-ақ нар, түйе, бура түлігіне
қатысты теңеу сөздер көбіне ер адамдардың қимылын, пошымын суреттеуде
қолданылады.
100
«Түйе» малы қазақтар өмірінде бірнеше ұғымды қалыптастырған. Ол ұғымдар бір
күн немесе біл жылдың ішінде тумайды. Көп уақыт өте келе, салыстырмалы ұғым дами
келе, адамдар әбден танып білген соң, ұқсату заңдылығымен жарыққа шыққан.
Қазақ халқы малды аса жоғары бағалаған. Түйені – байлық, салтанат, жылқыны –
сәндік, мақтан, сиырды – ақтық, қанағат, қойды – қазына, мырзалық санаған.
Сонымен, О.Бөкейдің «Өз отыңды сөндірме» романында төрт түлік малға қатысты
теңеулер барынша мол қолданылып, белгілі бір стильдік қызмет атқарып тұр.
Әдебиеттер тізімі
1.
Каракузова Ж.К., Хасанов М.Ш. Космос казахской культуры. – Алматы.:
Евразия., 1993.-177 б.
2.
Өтебаева Э. Ә., Қазақ тіліндегі -дай, -дей, -тай, -тей тұлғалы теңеу мәнді тілдік
бірліктердің этнотанымдық сипаты: филол. ғыл. канд. ... дисс. – Алматы, 2010.- 28 б.
3.
Хинаятұлы Б., Қазақтардың төрт түлікке қатысты дәстүрлі ырым, жосын-
жоралғы, әдет-ғұрыптары // Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері: өткендегісі
және бүгіні. Мақалалар жинағы. – Алматы.: Ғылым., 2001. – 190 б.
ОӘЖ:
392
ХІХ ҒАСЫР АҚЫНДАРЫ ТУЫНДЫЛАРЫНДАҒЫ ЗАМАН
БЕЙНЕСІ
Жанжігітов С.Ж., Сейсембай Г.А.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Ғылыми мақалада ХІХ ғасыр ақындарының туындыларындағы заман бейнесі толықтай ашылды.
Мақала жазу барысында поэзияда «қызыр қонған » құдайдың сүйген құлдарының шындық беті
ашылды.Халқының қамын ойлап, ер үшін еңіріп туған ерлер істері дәріптеліп, әділеттік, адамгершілік пікірлер
ұсынылды.
В научной статье полностью открыт образ времени в творчествах поэтов ХІХ века. При написании
статьи в поэзиях открыли истинное лицо любимых раб Бога. Восхвалино дел мужчин, которые родились ради
народа и заботится о будущем своего народа, были представлены коментарии о справедливости и
нравствености.
In an academic paper fully open, the image of time in the works of poets of the nineteenth century. When
writing the article in the poetry revealed the true face of the beloved servant of God. Washbasin of cases of men who
are born for the sake of the people and care about the future of his people, were presented the comments about fairness
and nravstvennosti.
ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті XV-XVIII ғасырлардағы деңгейіне қарағанда тек
сандық тұрғыдан ғана емес, сапалық жағынан да біраз ілгері басты. Сондықтан бірсыпыра
нышандары әдебиеттегі тарихилық мәселелерінде көрініс тапты.
Ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан жыраулық поэзия өмір
аренасындағы өз орнын ХІХ ғасырдың екінші ширегінен бастап ақындық поэзияға бере
бастады. Өйткені, бұл кезде қазақ қоғамының көшпенді тірлігі адам таңғалаларлықтай боп
өзгеріске түспегенмен дала тіршілігінде бірсыпыра өзгерістер дүниеге келді. Соның ең басты
өзгешелігі бұл кезеңде қазақ даласы түгелге дерлік Ресей империясының құрамына енді.
Соған байланысты қазақ қоғамының ел басқару, халық билеу дәстүрлері мен заң жобаларына
өзгерістер дендеп кіре бастады. Территориялық мәселелер бірсыпыра айқындалып, жерге
деген меншіктілік жағдайлары өз шешімін тапты. Ұлыстарды билейтін хандық
институттардың құқығы қысқарды. Бірақ жыраулардың қарасы кеміп, қарымы
тарылғанымен, елдің мүддесін ойлайтын, оның арман-мүддесін паш ететін, трихынан тағлым
алуға шақыратын – бойында ақындық оты мен патриоттық намысы бар ақындар аз болған
101
жоқ. Олар Махамбет пен Шернияз, Абай мен Ыбырай, Ығылман мен Мұхамеджан Сералин
т.б. еді [1,116] .
Бұл кезеңде әдеби тілдің негізгі жанры – поэзия жаңа белеске көтерілді. Өсиет мәнді
дидактикалық толғаулар ығыстырылып, олардың орнына кең көлемді әлеуметтік тақырыптар
жырланатын болды [2, 108].
Зар заман дәуірі қазақ әдебиетінің тарихында асқан дәуір болғандықтан, қазақтың
жазба әдебиеті осылардан бастап әлеуметтік халін ұғып, ел қамын жоқтауға кіріседі. Өлең
бұрынғыша қызық, сауық сияқты ермек емес, қауым қызметін атқара бастайды. Елдің саяси
пікірі мен тілек, мақсат, мұң, зар сияқты сезімдерінің басын қосып, жаңадан ой негізін, салт
санасын құра бастайды. Бұл уақытқа шейін болмаған әлеуметшілдік сарыны, азаматтық
нысанасы шығады [3,194-195].
ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың әлеумет қайраткерлеріне,
оқымысты, ақын, жазушыларына, олардан қалған мұраларға біз осы тұрғыдан келсек, өмірде
екі түрлі көзқарас, екі түрлі тілек, екі түрлі мүддені аңсаушылардың болғандығын көреміз.
Бұны әдеби нұсқалардан айқын аңғарамыз. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиеттің
идеялық мазмұнына, стиль ерекшеліктеріне қарап, біріншісін регресшіл романтизм
бағытындағы әдебиет те, екіншісін реалистік және прогресшіл романтизм бағытындағы
әдебиет деп бөліп қараймыз. ХІХІ ғасыр ақындарының мұраларын алсақ, барлығына ортақ,
барлығының шығармаларына тән бірнеше ерекшеліктерді көреміз, яғни өмірге торыға қарау,
заманына риза болмау, қазақ даласына жайыла бастаған капитализм элементтеріне, олармен
байланысты туа бастаған жаңалықтарға қарсы болу, Қазақстанның Россияға қосылуына
наразылық білдіру, өткен заманды, хандық-феодалдық құрылысты мадақтау, бар жанымен
ескі өмір, көне заманға қайта бұрылу, өмірден торығу, дінге сену, бұл дүниеден безіп, ол
дүниені іздеу [4, 4-5].
Бұқар жырау заманынан келе жатқан бұрынғы әлеуметшілдік, ойшылдық сарынына
Махамбет заманында ісшілдік қосылса, кейінгі ақындардың тұсында жаңа әсер сияқты
болып дін мен мәдениет исі кіре бастайды.
Зар заманның орта буынынан бері қарай дін сарыны біздің әдебиетте жылдан жыл
өткен сайын үлкенірек орын алды. Басы Шортанбайдан басталған діншілдік, ХІХ ғасыр
аяғына келгенде толып жатқан дін қиссаларына келіп соғады. Бірақ бұл жазылып отырған
әдебиет тарихында біздің мақсат қылған нәрсеміз ең әуелі қазақтың нағыз өз әдебиетін ашып
алу болғандықтан, дін ағымымен туып, жат жұрттың үлгісі сияқты болып көшіп келген
әдебиетіне әзірше қозғамақшы емеспіз.
Жырау жырлағанда ел басына келе жатқан жаңа заманның ұлы денесін, нобай суретін
сөз қылатын, содан қорқып толғанатын. Олар қазақ жайлаған сахараның бір шетінен шыққан
шоқтай қара бұлтты көріп, соның белгісінен шошып, содан келетін бәле қандай екенін
болжап, тұспал қылып айтатын.
ХІХ ғасыр ақындарының заманында сол бұлт бір есептен қазақ даласына үстінен
соғып өтті. Сондықтан бұл күннің ақындары баяғыдай шыққан бұлтты сөз қылмай, содан
түскен бұршақты, үй шыққан дауылды, мал ықтырған соққыңды сөз қылды. Дала жайлаған
елдің өмірінде бұлттан түскен қаза менен дерт қандай болды, соларды айтып күңіренетін
болды.
Сол қаза мен дерттер қайсы. Дерт көп. Біреуі, елді орыс ұлығы билегенін арман
қылады. Ел мінезінің бұзылып, берекеден айырылғанын айтады. Байлық кетіп, кедей
болғанына қайғырады. Екіншісі, ел жайлауын орыс алып, жер тарылғанын, зорлық көргенін
айтады. Бұрынғы кең қоныс, кең өрісін жоқтайды. Үшіншісі, дін жоғалып, қарындастық
қадір тозып, ру тіршілігігің шырқы бұзылғанын сөйлейді. Кейбіреулер өзгеріп тұрған
заманның ауыртпалығын айтып келіп, өткен күнге жоқтау айтады. Осының бәрін санаумен
бірге тығырыққа қамалып, сенделген елдің қайғылы хандары кей-кейде ем айтқысы да
келеді. Бірақ мұның ешқайсысы да алдыңғы заман неге соғатынын білмейді. Өткен күннен
қалған ұлы жұмбақты шеше алмайды. Сондықтан әрқайсысының демі де әр түрлі.
Кейбірінікі дін, кейбірінікі таза адамшылдық, тағы бірінікі шала күйде айтатын оқу өнер.
102
Бұлардың сөз қылған жайлары басқа-басқа сияқты болып, атаған емдері де әр түрлі
болғанымен, барлығының басын қосатын ортақ жері бар. Ол ортақ жері: заман халінің
қайсысынан туатын өкініш, зар өткендей ойлап, күрсініп сағынып, қазірден қажып, торығу,
алдыңғыдан шошынып, қорқу, сондықтан ыңыранып зарығу. Жылауына зорлау. Зар
заманның пісіп жеткен кезіндегі толық шыны осы. Енді осы халдерді Шортанбай ақынның өз
мысалдарынан тексеріп қарайық. [3,212-213]
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алатын, өзіндік сөз өрнегі бар
өнерпаз, туған елінің тарихи тағдырын болжап, халқының басына түскен ауыртпалықтарды
көкірегі қарсы айырыла жырлаған өз дәуірінң тамаша жырау-ақыны, замана құбылысының
шындығына өз түсінігі тұрғысынан үкім шығарып, іргесі сөгіліп, реңі кетіп бара жатқан
қоғамдық құрылыс пен ата-баба салтының жоғын жоқтап, зар шекккен ақ нитті адал жан -
Шортанбай ақын [5, 535].
Шортанбайдың әрі кеңірек әрі тереңірек жыр еткен тақырыбы, көтерген мәселелері –
сол өз кезінде қазақ даласына қанат жая бастаған сауда капитализм элементтері және
халықты қанау мәселелері. Бұл тақырыптармен байланысты ақын көп шындықтардың бетін
ашты, кейінгілер елерлік, зерттерлік, олардың негіздерінде сол мәселелер жайлы белгілі бір
қорытындыға келерлік шығармалар қалдырды.
Ескішіл көзқарасты берік ұстанған Шортанбай олардың бәрінде құбыжық етіп
көрсетуге тырысты. Әрине, ол ескі феодалдық таптың жыршысы болғандықтан, одан
басқаша көзқарасты күту қиын. Демек, Шортанбай капитализм элементтеріне феодалдық
тұрғыдан қарады. Оны сынағанда осы тұрғыдан сынады. Ескі феодалдық құрылыстағы
қанауды бүркеп отырды. Әйтсе де, Шортанбай қазақ даласын да өріс ала бастаған
капитализм салдарынан туған жалпы еңбекші халықты қанау, еңбекші бұқараның
қолындағысын саудагерлердің өз қалтасына түсіруі және саудагерлердің өз араларындағы
бәсеке тартыстары жайын сынап жазғанда, шындықты жазуға ылажсыз мәжбүр болды.
Қай кезде болса сауда мәселесі ақшамен байланысты. Капитализм кезінде
басақаларды қанау үшін ақшаның айрықша орны бар, Шортанбай осы кезде қазақ даласына
ақшаның кең жайыла бастауын суреттей келіп, былай дейді:
Асылық азған заманда,
Алуан-алуан жан шықты.
Арам, араз хан шықты,
Қайыры жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Сонымен қатар, Шортанбай қазақ даласына капитализм элементін және
саудагерлердің қалай қанайтынын ғана көріп қоймайды, оның басқа жағын да көре білді.
Базар, сауда бар жерде баю үшін бәсеке талас болады. Сауда болған жерде бәсеке болу –
табиғи заң. Бұл қазақ даласында да болды. Саудагерлердің өзара бәсекесі Шортанбай
шығармасында айқын түрде суреттелді, «Бала зарының» бір жерінде:
Шолақ иттей діңкілдеп,
Бір-біріне жетем деп,
Алас ұрып өліп тұр,
- деп суреттейді. Бұл үзінділерде сауда кәсібін қолданушылардың өзара тартысы ,
баюдың аумалы-төкпелелегі, ақшаның сауда жолындағы орны, бәсекесі – бәрі де тайға таңба
басқандай анық суреттеледі. Ол кездегі сауда мәселесінің қазақ даласында қай жерде
болғандығын білуіміз үшін Шортанбайдың бұл шығармаларының мазмұны күшті [6, 162-
169].
Қорыта айтқанда, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті өзінің мазмұны мен идеясы жағынан
біраз ілгерілеген, қоғамдық мәні зорайып, әлеуметтік беті айқындала бастаған әдебиет. Бұл
кез әдебиетінде дәуір көрінісі айқын бейнеленді. Заман сыры жан-жақты ашылып, қоғамдық,
ұлттық сананың ояна бастағаны, әлеуметтік теңсіздіктер, қоғамдық қайшылықтар жырланып,
103
қазақ ақындарының ел ісіне белсене араласып жатқан кезеңі танылады. Патшалық, аға
сұлтандық өктемдіктерге жергілікті үстемдер озбырлығы қосылып, қалың ел, еңбекші
бұқараның қасіреті молайып жатқан бұл кез поэзиямызда өзінің реалистік сипатын табады.
Шыдамы таусылып, басқа амалы қалмаған шаруаның қолына қару алып, патшаға, аға сұлтан
тобына қарсы аттанғаны үлкен оптимистікпен жырланады. Қазақ поэзиясы бұрынға бірыңғай
сарыннан арыла бастайды, батыл істерді жақтайды. Бұл сарыннан жаңа дәуір поэзиясы түгел
арылып кетпеседе, оның алдыңғы қатарлы өкілдері заманы ұсынған жаңа талаптарға сай,
зұлымдыққа, әділетсіздікке қарсы, батыл күрес идеяларын қолдап атой салып, «Ереуіл атқа
ер салуды» үндеді. Осылайша қазақ поэзиясында жаңа бір өршіл сарын пайда болды.
Көтерліске аттанған халықтардың қаһарлы күші мен айбынды алып бейнелерін танытар жаңа
пафосты ерлік идеядағы күресшіл поэзия бой көрсетті. Сайып келгенде, өзіне дейінгі
бастырлар жыры дәстүрінің жаңарған тың түрі. Идеялық жағынан өскен поэзияның табысы
еді. Қазақ елін билеп-төстеп отырған төре-шора, би-болыс, дін иелері, бай шонжарлар кейбір
ақындарша бұрынғыдай, «қызыр қонған» құдайдың сүйген құлдары болып, «тақсырлап»
сөйлеп, мадақ жырларының кейіпкерлері бола бермейді. Енді олардың шындық беттері
ашылып, халық алдында әшкере болады. Олардың аттарына лайық сын-сықақ жыр толғанып,
поэзияның шыншылдық беті айқындалады. Осылайша қазақ поэзиясының халықтық беті
ашылып, бұқарашыл идеялары нығаяды. Еңбекші халықтың талап-тілектері, мұң-
мұқтаждары бірінші қатарға шығарылып, азаттық, ерлік күрес, ел тәуелсіздігі жоқталады.
Халқының қамын ойлап, ер үшін еңіріп туған ерлер істері дәріптеліп, әділеттік, адамгершілік
пікірлер ұсынылады [5,420-421].
Әдебиеттер тізімі:
1.
Ж.Тілепов. Елім деп еңіреген ерлер жыры. –Алматы: Білім, 1995. - 190 бет.
2.
Ғ.Қалиев, Г.Боранбаев. Қазақ әдеби тілінің тарихы . - Алматы: Ы.Алтынсарин
атындағы қазақ білім академиясының республикалық баспа кабинеті, 2000.-323 бет.
3.
М.Әуезов. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, - 1991. – 240 бет.
4.
Қ.Жұмалиев. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. –
Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет, 1960. - 363 бет.
5.
Х.Сүйіншалиев. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Санат, 2006. - 904 бет.
6.
Қ.Жұмалиев. XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1967. -
434 бет.
ОӘЖ:392
Ш. МҰРТАЗАНЫҢ «АЙ МЕН АЙША» РОМАНЫНДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ КӨРІНІСІ
Жолдыбаева А.Е., Амангелді А.А.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс студенттері
Ғылыми жетекшісі: Бекбосынова А.Х.
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Мақалада Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» романынан қазақ халқының мәдениетінен, дәстүрінен
мәлімет беретін ұлттық атаулар жинақталып мағынасы талданды.
В статье собраны и проанализированы слова национального значения отражающие культуру и
традиции казахского народа в романе Ш.Муртазы «Ай и Айша».
The paper collected and analyzed the words of national importance reflecting the culture and traditions of
the Kazakh people in the novel Sh.Murtazy "Аi and Aisha ."
104
Жалпы, әр ұлттың өзіне ғана тән, сол ұлтқа барынша түсінікті, әрі жақын, сол
ұлттың мәдениетінен, дүниетанымынан хабар беретін сөздері болады. А.Әмірбекова:
«Ұлттың, этностың жеке ерекшелігін, өзге ұлттардан айырмашылығын, өзгешелігін
танытатын тілдік бірліктердің бірі – этномаркерленген лексемалар. Жалпы
лингвомәдениеттану саласында ұлттық мәдениетті таңбалайтын бірліктер ретінде ұлттық-
мәдени концептілерді, лингвокультуремаларды (лингвомәдени бірліктер) келтіретін болса,
этнолингвистика саласында жеке бір ғана ұлтқа тән ерекшеліктерді бейнелейтін
ұғымдарды этнографизмдер деп атайтыны белгілі. Дегенмен, осы екі саладағы
лингвокультурема, этнографизмдер мен одан туындайтын тұрақты түрде сақталып,
этномаркерлік деңгейге жеткен таңбалардан бастау алады» [1, 89] – деп тұжырымдайды.
Ж.Манкеева тілдің этномәдени мұралық қызметі туралы айта келіп былай дейді:
«...тілді адамның әлеуметтік тұрмысын қамтитын мәдениеттен, тарихтан тыс қарапайым
таңбалық жүйе деп қарастыру – оны зерттеудің мүмкіндіктерін шектейді. ... Демек, тіл –
таңбалар жүйесі ғана емес, ол осы жүйені көмкерген мәдениет, сондықтан да ол – әр
халықтың ұлы мұрасы, ұлттың тарихи жетістігі» [2, 116].
Жазушы Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» романынан қазақ халқының
мәдениетінен, дәстүрінен мәлімет беретін ұлттық атауларды молынан кездестіруге
болады. Мысалы,
1.
Балалардың ересегі Сейсенбай маған болысып, мен ұтылып қалсам да
асықтарымды өзіме қайтартқызып береді («Ай мен Айша», 9).
Асық ойыны – қазақы ортада ерекше кең тараған ұлттық ойынның түрі, оны
көшпелі этномәдени орта тудырған төлтума өнер ретінде де бағамдауға болады. Ойынның
негізгі объектісі де, құралы да – асық [3,229].
Асық баланың ақыл санасын дамытатын, балалалығының бал шақтарын мәнді
өткізуге әсер ететін ойын түрі. Ұлттық болмыстың көрінісі. Ұлттық мәдениетті, салт-
дәстүрді бейнелейтін ойын түрі.
2.
Сенің байың Мұртаза ақ боз ат мініп, қайда той, қайда көкпар – сонда жүрген
сері еді («Ай мен Айша», 23).
Көкпар – аттылы адамдардың сойылған ешкіні тартысып ойнайтын ойын түрі.
Көкпар үлкенді-кішілі той-мерекенің барлығында өткізіледі. Тек қуанышты сәттерге
байланысты өткізілетін ғұрыптық ойын болғандықтан, ас беру сияқты ұлы жиын кезінде
Көкпар тартылмайды [3,176].
Көкпар Көк Түріктің ұрпағы болып саналатын қазақ халқының ұлттық ойынының
бірі. Ұлттық болмысты танытатын қызу қанды азаматтардың ерлігін көрсететін ойын.
Көкпар арқылы қазақтың көкжиегі көрінеді.
Сері – эстетикалық талғамы айрықша, сұлулыққа аса тәнті, әрі паң, әрі кербез,
дәулетті ортадан шыққан өнерпаз жандардың ерекше түрі [3,209].
Сері қазақ халқында аса қадірлі өнерпаздардың бір шоғырын сері деп атаған.
Өздері ақын, өздері әнші сал-серілер ұлттың мәдениетін қалыптастыратын бірден-бір
мәдениеттің өкілі болып табылады. Ертеде серілік нағыз «жігіттік» деген ұғымды
білдіретін болған. Сері жігітті «жігіттің сұлтаны» деп атаған.
3.
Айша көзінің қарашығындай сандыққа салып сақтап жүретін кішкентай қозы
қарын майдан бір қасық қана алып мейманның алдына қойды («Ай мен Айша», 53).
Достарыңызбен бөлісу: |