Международный универстет астана


Педагогикалық технологиялардың тарихи бастауы мен дамуы



бет13/58
Дата14.04.2022
өлшемі0,6 Mb.
#30986
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58
Педагогикалық технологиялардың тарихи бастауы мен дамуы

Оқыту процесін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын Я.А. Коменский оның пікірінше оқыту «технологиялық» болуы қажет. Оның мағынасы нені үйретсе де, нені оқытса да оқу процесі табыссыз болмауы керек. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды.

АҚШ-та үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастағанда “білім берудегі технология” термині пайда болды. Бұл көбіне оқу процесінде техниканы пайдалануға байланысты да болды.

Педагогикалық технологияларды жасауға қатысты алғашқы амал 1950-1960 жылдарда педагогикалық үдеріске түрлі техникалық оқыту құралдары мен ақпараттық технологиялар ендірілуімен байланысты болды. Себебі техникалық құралдардың жинақталуы оқытуды жетілдіруге тиімді жағдайлар жасайды деп есептеді, яғни технологияландыру негізінен өзігешелігі бар техникалық орта жасауға немесе оқытуда ақпараттық технологияларды қолдануға бағытталды. Бірақ 1960-1970 жылдары оқу үдерісін жетілген техникалық қамтамасыз ету білім беруді жаңаландырудың барлық мәселелерін шеше алмайтындығы белгілі болды.

Оқыту технологиясын жаппай ендіруді алғашында американдық, ал одан соң европалық мектептің қайта өрлеуімен байланыстырады. Шет елдегі қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды неғұрлым танымал зерттеушілері: Дж. Кэролл, Л.Н. Ланд, Ю.К. Бабанский, Л.М. Эрдиев, Н.П. Раченко, Л.Я. Зорина, В.П. Беспалько, М.П. Хомерики және басқалардың ғылыми еңбектерінде көрсетілген. Сондай-ақ Қазақстандық ғалымдардың Ж.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің, Қ.Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде білім беру жүйесінде қолданылуда.

Оқытуды технологияландырудың екінші қадамы оқу үдерісіне кибернетикалық ұстанымдарды ендірумен байланысты бағдарламалық оқытумен байланысты болды. Бағдарламалық оқытудың сипатты белгіліері оқу мақсаттарын және оларға қол жеткізудің ретті, элементті процедурасын анықтаумен байланысты болып табылады. Бірақ бағдарламалап оқытудың ішкі процедуралық жағы оқытушылар назарынан жиі тыс қалып жатты, себебі оқытудың процессуалдық жағына емес, тағы да сол техникалық құралдарға аударылды.

Ал 1970-1980 жылдарда педагогикалық технологиялардың мәнін түсінуге педагогикалық үдерісті жүйелі құрып басқару тәсілімен байланысты жаңа қадам пайда болды. Бірақ педагогикалық үдерістің арнайы ерекшеліктерімен анықталатын мәселелер күрделілігі педагогикалық технологиялардың мәнін түсінуге қатысты әртүрлі тұжырымдардың пайда болуына алып келді.

XX ғасырдың 80-ші жылдары Ресейде жаңашыл мұғалімдер топтары қалыптасады, олардың әрқайсысы баланы оқыту, тәрбиелеу және дамытуда өзіндік жаңалықтары болады, олар ең жоғарғы нәтижелер береді. Сонымен бірге олардың жалпы ортақ белгілері болды. Мектеп оқушысының оқу жұмысы тәсілдерін жеңілдету және жандандыру, танымдық іс-әрекеті (сүйеніш схемалар, сигналдар) үлкен блоктар арқылы материалдарды оқу және т.б. аса айырықша көрсететін жаңашыл педагогтардың мұғалімдер позициясының бағытын авторитарлықтан демократиялыққа гумандыққа ауыстыруға деген ұмтылушылықты айтуға болады, бұл жаңа педагогикалық ынтымақтастық деген бағытқа орын берді.

Бүгін педагогикалық технологияны, педагогикалық мiндеттердi шешумен байланысты, педагогтың жалғастырмалы жүйедегі іс-әрекеті ретінде немесе алдын-ала жобаланған педагогикалық процестің тәжірибе де тұрақты және жалғастырмалы шығаруы ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология туралы бұндай көріністер былай анықталады:



  • өте жоғары деңгейде теориялық дайындығы және бай тәжірибесі бар мамандардың әр түрлі таңдаулы педагогикалық технологияларды дайындау мүмкіндіктері;

  • мақсатқа сай педагогикалық технологияларды өзіндік таңдау мүмкіндіктері, мұғалім және оқушылар іскерліктерінің өзара байланысты мүмкіндіктерімен және шарттарымен байланысты.

Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтің тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.


1



1.2. ДӘРІС 2: ЗАМАНАУИ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ САПАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
1 Оқыту технологияларының негізгі ортақ сапалары

2 Педагогикалық технологиялардың жіктелуі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет