бет 77/157 Дата 13.03.2023 өлшемі 351,98 Kb. #73913
Байланысты:
«мейірбике ісі стандарт кітап Жеке ингаляторды қолдану
Д әрілікзаттытынысжолдарынадемалғандаауызарқылыенгізугенауқастыүйрету
Мақсаты: емдік және оқулық , науқасқа ингаляторды өздігінен қолдануды үйрету.
Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу органдары ауруларында дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: 2 қолданылған қалта ингаляторын, 3-дәрілік заты бар ингаляторды , дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасқа өз-өзіне ингаляторды қолдануын үйрету.
Науқасқа жоғары Фаулер қалпын беріңіз немесе науқастың жағдайы мүмкіндік берсе, емшараны тұрып орындағаны жақсы, өйткені өкпенің дем алыс экскурсиясы әсерлі.
Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз
Науқасқа және өзіңізге бос ингаляторды алыңыз.
Дәрісіз ингаляторды қолдана отырып , науқасқа емшараның орындалуын тізбектілікпен көрсетіңіз.
Ингалятордың мундштугінен қорғаныш қалпағын алыңыз.
Ингаляторды аэрозольмен түбін жоғары қаратып бұрып, бірнеше рет жігерлі сілкілеңіз.
Науқасқа асықпай ауыз арқылы терең демді шығаруды сұраңыз.
Ингаляторды аэрозольмен қолыңызға алып , ауызға жақындатып, ингалятордың мундштугін еріндерімен қамтып ұстап , басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраңыз.
Науқастан терең дем алуын сұрап, бір мезетте ингалятордың түбін басыңыз – осы мезгілде ауыз қуысына дәрінің дозасы аэрозольді түрде түседі.
Науқасқа аэрозольді ішке тартуын , 10-12 секундтай демін ұстауын сұраңыз. Ауызынан ингалятордың мундштугін шығарып, сосын науқас ақырын мұрын арқылы демін шығарады.
Ингалятордың мундштугіне қорғаныш қалпағын кигізіңіз.
Науқасқа өздігінен емшараны орындауын ұсыныңыз , ең алдымен бос ингалятормен, сосын дәрісі бар ингалятормен
Науқасты дәрісі бар ингалятормен емшараның орындауын өзіңіздің барыңызда бақылаңыз.
Ескерту:
аэрозольмен дем алғанда клапанның шашырататын басын 1 реттен артық басуға болмайды;
ингаляцияның мөлшерін және олардың уақыт аралығын дәрігер анықтайды ;
әрбір ингаляциядан кейін мундштукті сабындап сумен жуу қажет, сосын құрғатып сүртіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: