«Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру



бет105/110
Дата11.02.2022
өлшемі155,82 Kb.
#25281
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110
Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2.Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.

3.Дайындық ережесінің бұзылуы салдары туралы ескертіңіз (зертгеу нәтижесі дұрыс шықпайды).

4.Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз.

5.Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін шлаксыз диета тағайындалады, науқастың тағамынан газ түзетін азық-түліктер, көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, нан алынып тасталады.

6.Зерттеуді жасар алдында 2 күн бойы іш жүргізетін дәрілер тағайындалады (фортранс схемаға сәйкес). 1 литр ерітіндіні 15-20 кг дене салмағына, бұл 3-4 литр ерітіндіге сәйкес келеді. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай немесе бірдей бөлікке бөліп кеш қарсаңында және зерттеу жасайтын күні таңертең қабылданады. Соңғы препарат емшара алдында 3-4 сағат бұрын қабылданады.

7.Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай науқасқа жоғарғы тазарту клизмасын 3-4 литрдей сумен жасаңыз.

8.Таңертең зерттеу жасайтын күні зерттеуден 2 сағат бұрын 1 тазарту клизмасын жасаңыз.

9.Белгіленген сағатқа науқасты эндоскопиялық кабинетке ертіп апарыңыз (ауру тарихымен).

10.Зерттеуден кейін науқасты палатасына дейін шығарып салыңыз.

Ескерту: жуан ішекті нәжістен, сұйықтықтан және сілемей сұйықтықтардан тазарту - дайындықтың негізгі міндеті, осының дұрыс шешілуі зерттеудің жетістігін қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет