Қолды хирургиялық деңгейде өңдеу-медицина қызметкерлерінің қолдарының айықтыруын қамтамасыз ету.
Көрсеткіштері: стерилді стол жаю қажеттілігі,хирургиялық ота мен манипуляцияға,босануға қатысу.
Қарсы көрсеткіштер: қолмен денеде іріңді жарақаттардың болуы ,қол мен денеде пустулалардың болуы,жарылған және жараланған тері,тері аурулары.
Жабдық: сұйық сабын , антисептик , бір рет қолданылатын сүлгі, Б тобын медициналық қалдығын салатын кәдеге жарату қорыту.
Міндетті шарт: Антисептика ережелері қатаң сақталу
Дайындық: Қол терісінің бүтіндігін тексеру , әшекей бұйымдарды, қол сағатты шешу, шынтаққа дейін халат жеңін қайыру
Алгоритм:
2 минут көлемінде шынтаққа дейін қол саусақтарының арасын сабынды сумен жуу.
Саусақ араларының сабынды көбік кеткенше тазарту. Қолды бір реттік сүлгімен құрғату.
Кепкен теріге 5-6 мл тері антисептигімен қолды өңдеу жүргізу, 2,5 минут ішінде , қол кепкенше өңдеуді екі рет қайталау , қол жуу ұзақтығы 5 минут.
Кепкен қолға стерилді қолғап кию. Қолғап әр науқастан кейін алмастырылады
Достарыңызбен бөлісу: |