Қантты анықтауға зәрді жинау
Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.
Дайындаңыз: бір рет қолданылатынконтейнерді,сыйымдылығы 3л таза, құрғақ шыны банкілерді, мөлшерленген ыдысты, шыны таяқшаны, этикетканы жазып, контейнерге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, мейірбикенің қолы), қолғапты,қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.
Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы қажет.
3 литрлік банкіге бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді ыдыс көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі қарай).
Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).
Қолғапты киіңіз.
3 литрлік банкідегі бір тәуліктікдиурезді(зәрдің жалпы мөлшерін) өлшеңіз.
3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.
100-150 мл зәрді контейнерге құйыңыз (жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз).
Лабораторияға жолдаманы жазыңыз(бөлімін, палатасының №, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін,бір тәуліктебөлінген зәрдің жалпы мөлшерін,мейірбикенің қолын көрсетіңіз).
Жиналған зәрді клиникалық лабораторияға апарыңыз.
Қолғапты шешіп,контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
Қалыптағы зәрде глюкоза іздін түрінде болады, 0,02 промильден жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.
Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар).
Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |