23. Нечипоренко бойынша зерттеу үшін зәр жинау, зерттеу мақсаты.
Нечипоренко бойынша зәр анализі - зәрдің құрамын тексерудің бір тәсілі.
Бұл зерттеу жедел және созылмалы бүйректің және зәр шығару жолдарының қабыну ауруларын анықтау үшін жүргізіледі. Анализде лейкоцит, эритроцит және цилиндрлердің дәл мөлшері анықталады. Егер қан анализінде лейкоцит, эритроцит деңгейі жоғарылаған болса немесе зәрде цилиндрлер анықталса қосымша зерттеу Нечипоренко бойынша зәр анализі тағайындалады.
Нечипоренко анализі бойынша зәрде не анықталады?
Лейкоциттер - біздің ағзамызда қан арқылы ағыста болатын тірі жасушалар. Бұл жасушалар иммунды бақылауды жүзеге асырады. Инфекция анықталғанда, ағзаның токсикалықнемесе бөгде заттармен зақымдалғанында, бұл жасушалар зақымдаушы фактормен күреседі.
Зәрде лейкоциттердің қалыптыдан жоғары болуы бүйректе немесе зәр шығару жолдарында (бүйрек түбекшелері, несепағар, қуық, уретра немесе ерлерде простата) қабыну үрдісінің барын көретеді.
Эритроциттер - кіші көлемдегі қызыл қан денешіктері. Оның басты қызметі оттегіні қажетті мүшелер мен тіндерге тасымалдау. Қалыпты жағдайда зәрде эритроциттер болмайды, болған жағдайда да аз көлемде болуы тиіс. (көру алаңында
3). Эритроциттердің үлкен көлемде болуы бүйрек пен зәр шығару жолдарының патологиясын көрсетеді. Цилиндрлер – ақуызды денешіктер, патология кезінде бүйрек тіндерінде (бүйрек каналшаларында) түзіледі.
Цилиндрлер құрамы бойынша әртүрлі болуы мүмкін, кіретін элементтер: эритроцит, бүйрек каналшаларының жабысқан жасушалары,ақуыз.Оның сыртқы көрінісі бойынша олар әртүрлі болып келеді.дәнді ,гиалинді ,эритроцитарлы
Достарыңызбен бөлісу: |