26. Талдауға қақырықты жинау ережелері. Нәтижелерді бағалау.
Қақырық – тыныс жолдарындағы(трахея, бронх) патологиялық сұйықтық. Жалпы зерттеу үшін қақырықты аузы кең қоңыр ыдысқа, таңертең ауызды шайғаннан кейін жинайды. Сол күні зертханаға зерттеуге жеткізу керек.
Қақырық тұрақсыз субстракт болғандықтан, осындай ереже қолданылады, оның құрамындағы заттар жарықтың немесе сақтаудың әсерінен ыдырап кетеді. Өсу микрофлорасына зерттеу үшін қақырықты таңертең стерильді Петри ыдысына немесе оның аналогына, ал микроскопияға туберкулез микробактерияларын алу үшін тәулік бойы жинау қажет, себебі, Кох таяқшалары өте аз көлемде түседі.
Микроскопиялық тексерісте қақырықтың көлеміне, консистенциясына, түріне, түсіне, иісіне және әртүрлі қоспалардың кездесуіне назар аударылады.
Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғыштарын анықтау.
Қажетті заттар: залалсыздандырылған кең мойынды банка, бикс, салфеткалар, жолдама бланкасы, қаламсап, стеклограф, қолғап, бет пердесі, зарасыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, қауіпсіз жоюға арналған контейнер.
Достарыңызбен бөлісу: |