Тәуліктік зәр көлемінің азаюы (олигурия)
Тәуліктік зәр көлемі 1500 мл (қалыпты сұйықтық пайдаланған кезде) немесе тәулік бойы пайдаланылған сұйықтықтың 65% құраса төмендегенін көрсетеді. Бұл жағдай келесідей кезде байқалады:
жүрек патологиясы (жүрек жеткіліксіздігі)
бүйрек қызметінің бұзылысы (бүйрек жеткіліксіздігінің кеш сатысы)
Түнгі уақытта бөлінетін зәр көлемінің жоғарылауы (никтурия)
Қалыпты жағдайда күндіз бөлінетін зәр көлемі 2/З, ал түні уақытта - 1/3
құрайды. Бұл көлемнің түнгі уақытқа қарай жоғарылауы жүрек жеткіліксіздігін және бүйрек концентрациялық қабілетінің төмендегенін көрсетеді.
Мақсаты:Бүйректің қызметін анықтау: күндізгі, түнгі, тәуліктік диурез, 8 порцияның әр қайсысының мөлшерін және тығыздығын анықтау.
Көрсеткіші: бүйрек аурулары
Кері көрсеткіші: жоқ
Керекті құралдар 8-10 қағаз жапсырылған таза құрғақ шыны ыдыс
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.Рұқсат алу.
2. Пациентке міндетті түрде зәрді тәулік бойы (24 сағат) жинайтынын түсіндіру: әр 3 сағат сайын, оның ішінде түнде де.
3. Баланың сұйықтықты қабылдау тәртібі, тамақтану тәртібі бұрынғысынан өзгермеу керек.
4. Таңертең сағат 6-да бала кіші дәретке отырғызылады, және төгіледі
5. Сол күннің таңертеңгі сағат 6-дан келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрді 8 банкаға жинайды: зәрге отыру жиілігіне байланысты әр банкаға зәрге отырады немесе бірнеше рет отырады, бірақ тек 3 сағат бойы.
6. Егер сол уақыт аралығында бала дәретке отырмаса банка бос қалады.
7. Егер 3 сағат көлемінде банка зәрге толып қалса, нөмірленбеген банка алынады да бала соған зәрге отырады (мейірбике оның сыртына несінші банкаға қосымша екенін жазады).
8. Келесі күні барлық банкалар зертханаға жіберіледі.
9. Ерте жастағы балалардан зәр 3 сағат сайын емес, талабына сай жиналады.
Нәтижесін бағалау: Қорытынды жалпы диурез бойынша бағаланады: күндізгі диурез (2/3 кем емес) бен түнгі диурез (1/3 көп емес) қарым-қатынасы және зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгеруі (10 кем емес).
Ескерту: балаларда 12 сағат бойы жинауға болады.Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.
Ескерту
1. Материалды алу және зерттеу тез арада қабылдау бөлімінде өткізіледі.
2. Таблетка болмаған жағдайда: 10 гр.натрий нитропруссид, 20 гр.аммоний сульфат, 20 гр. сусыз натрий карбонатты алып мұқият араластырып ұнтақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |