«Мейіргер ісі» Талдықорған 2020 оқу ж ж. МазмұНЫ



бет13/143
Дата30.04.2023
өлшемі211,61 Kb.
#88517
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   143
Байланысты:
стандарт каз 2020

Іс-әрекет алгоритмі:

Науқасқа медициналық тарихты толтыру қажеттілігі туралы хабарлау.


Титулды бетіне мынадай мәліметтер жазылады:
Ауру тарихының нөмірі.
Қабылдау күні мен уақыты (жедел түскен науқастар үшін бір минутқа дейінгі дәлдікпен).
Аты-жөні, Әкесінің аты.
Туған жылы.
үй мекен-жайы және телефон нөмірі.
Қіммен тұратын немесе мекен-жайы және туыстарының телефоны.
Мамандық және жұмыс орны, жұмыс телефоны.
кім жіберді немесе жеткізді.
Жіберген мекеменің диагнозы
Қабылдау бөлімінің диагнозы.
Пациент қабылдау бөлімінен жіберілген бөлімше.
Аллергиялық реакциялар бар ма және неге?


Ауруханаға науқасты қабылдау науқастың дене салмағын өлшеу
Мақсаты: диагностикалық.
Қолдану көрсетілімдері: дене салмағының жетіспеушілігін, семіздігін, жасырын ісіктерді анықтау, науқас ауруханаға түскенде, емдеу процесінде дене салмағының динамикасын және ісіктерді бақылау.
Қарсы көрсетілімдері: ауыр жағдайдағы науқас, төсек тәртібі.
Дайындаңыз: еденге орнатылатын таразыны, сырқатнаманы, қолғаптарды, 30х30 см зарарсыздандырылған клеенканы, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, клеенканы, тазартуға арналған шүберекті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасты дене салмағының қозғалыс күйі ерекшеліктерімен және емшара барысымен таныстырыңыз.
Дене салмағын өлшеуді белгіленген бір уақытта (таңертең аш қарынға) жүргізіңіз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Таразының тілдері ноль қалпында болуы керек.
Таразының алаңына клеенканы төсеңіз.
Науқасқа таразы алаңның ортасына клеенкаға абайлап тұруды ұсыныңыз (аяқ киімсіз) ішкі киімімен.
Шкала бойынша таразының көрсеткішін белгілеңіз.
Алынған нәтижені қызу парағына (Ф-004/у) жазыңыз.
Науқасқа өлшеу нәтижесін хабарлаңыз.
Науқасқа таразыдан абайлап түсуге көмектесіңіз.
Клеенканы жинап алыңыз,оны зарарсыздандыру ерітіндісімен суланған шүберекпен 2 рет аралығында 15 минут өткізіп тазартыңыз.
Қолғаптарды шешіңіз, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет