Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Қарсы көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, қан кету, қызба, жарақат, миокард инфарктісі, ми қан айналымының жедел бұзылуы.
Дайындаңыз: клеенка алжапқышты, резеңке қолғапты, щетканы, шомылғыны тазалайтын заттарды, зарарсыздандыратын ерітіндіні, су термометрін, сабынды және жөкені, сүлгіні, таза іш киімдерді, резеңке кілемшені.
Іс-әрекет алгоритмі:
Клеенка алжапқышты тағыңыз, қолғаптарды киіңіз.
Желдеткішті жабыңыз, себезгі бөлмесінің еденіне резеңке кілемшені төсеңіз, себезгі бөлмесінің еденін щеткамен және тазартатын заттармен мұқият жуыңыз, зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз.
Суды ағызыңыз (t 350-380С)
Науқасқа шешінуге көмектесіңіз және оны шынтақ астынан ұстап себезгі бөлмесінде қойылған табуретке отырғызыңыз.
Егер науқас өз бетінше жуына алмаса, онда сабынды және жөкені қолдана отырып, оны келесі ретпенжуыңыз: –басын –денесін–қолдарын –шат аймағын –бұтаралығын –аяқтарын.
Науқасқа себезгі бөлмесінен шығуға көмектесіңіз, оны тура солретпен сүлгімен сүртіңіз.
Науқасқа таза киімдерін кигізіңіз.
Себезгі бөлмесінің еденін щеткамен және тазалайтын заттарменмұқият жуыңыз, зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз.
Қолданылған күтім заттарын зарарсыздандырыңыз.
Гигиеналық ваннаны жүргізу
Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау, аурухана ішілік жұқпаны алдын-ала ескерту.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Қарсы көрсетілімдері: кез-келген қан кету, науқастың халі ауыр жағдайы, қызба, жарақаттар, тері аурулары, жедел жұқпалы аурулар, миокард инфаркті, ми қан айналымының жедел бұзылуы.
Дайындаңыз: су термометрін, қайшыны, сүлгіні, жеке сабынды және жөкені, су сабынды, таза іш киімді, резеңке қолғаптарды, клеенка алжапқышты, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, аяққа арналған тіректі.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа алда болатын емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Клеенка алжапқышты тағып, қолғапты киіңіз.
Шомылғыны алдымен салқын сумен, содан кейін оның көлемінің ортасына дейін ыстық сумен толтырыңыз, судың температурасы 350-370С болуы керек.
Науқастың шешінуіне көмектесіңіз.
Науқасты артқы жағынан шынтақ астынан ұстап, аяқтарын тірегішке тіретіп, шомылғыға отырғызыңыз, ал судың деңгейі науқастың төс сүйегінің семсерше өскініне дейін жетіп тұруы керек.
Егер науқас өз бетінше бұлауды ала алмайтын болса, жөкені қолдана отырып, келесі ретпен науқасты жуындырыңыз: басын, денесін, қолдарын, ішін, белін, аяқтарын, шат аймақтарын, бұт аралығын.
Науқастың иығын сүлгімен жабыңыз және оған шомылғыдан шығуға көмектесіңіз (қажет болған жағдайда, көмекті екінші адаммен бірге көрсетіңіз).
Науқасты тура сол ретпен сүртіңіз. Табиғи қатпарлар және саусақ аралықтары терісінің құрғақтығына көзіңізді жеткізіңіз.
Науқастың қолының және аяғының тырнақтарын алыңыз.
Науқасқа шашын тарауға, киімін және аяқ киімдерін киюге көмектесіңіз.
Шомылғыдағы суды ағызыңыз және оны зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз, ағын сумен жуыңыз.
Қолданылған күтім заттарын, шомылғынызарарсыздандырыңыз.
Қолғаптарды шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
бұлауды қабылдау уақыты – 25 минуттан артық емес;
бұлауды қабылдаған кезде, науқасты бақылаусыз қалдыруға болмайды, міндетті түрде оның сыртқы түрін және пульсін қадағалау қажет;
науқастың көңіл күйі нашарлаған жағдайда бұлау қабылдауды тоқтату керек, дәрігерді шақырып науқасқа алғашқы көмек көрсету қажет;
желдеткішті жабыңыз, шомылғы алдындағы еденге резеңке төсенішті (ағаштан жасалған тіреуді) салыңыз. Шомылғыны щеткамен мұқият және тазалайтын заттармен жуыңыз, зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз;
толған шомылғыны – су кіндікке жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |