тамыр соғу ритмі тамыр соғу толқының арасындағы аралық бойынша аңықтайды. Егер де күре тамыр қабырғасының тамыр соғу тербелісі әрбір тең аралық уақытта пайда болса, онда тамыр соғуы ретті. Тамыр соғу реттілігі бұзылғанда, тамыр соғу толқынында ретсіз алмасу тамыр соғуы ретсіздігі байқалады;
тамыр соғу жиілігін анықтау (егер де тамыр соғуы ретті болса). 1 минут ішіндегі тамыр соғу толқынының (соққынын) санын есептейді, сағат бойынша секундомерде уақытын қадағалап байқайды:
қалыптағы тамыр соғу 1 минутта–60-80 соққы
тамыр соғу 1 минутта 80 соққыдан көп болса – жиі – тахикардия.
тамыр соғу 1 минутта 60 соққыдан аз болса–жәй–брадикардия.
артерияның қанмен толу дәрежесі бойынша тамыр соғу толысуын бағалаңыз, ол жүректің систолдық көлемімен байланысты. Тамыр соғу–толық, бос, жіп тәрізді болады;
тамыр соғуды кернеу күші бойынша анықтайды. Кәржілік артериясын кәржілік сүйегіне қысу қажеттілігі. Тамыр соғудың жоқ болып кетуіне дейін және тамыр соғудың кернеу күшін бағалайды:
тамыр соғу – қанағаттанарлық кернеу күші
тамыр соғуы күшті (қатты)
тамыр соғуы әлсіз (жұмсақ).
Тыныс алу қозғалысының жиілігін санау Мақсаты: дем алу қозғалысының жиілігін анықтау әдісіне үйрету және алынған нәтижені бағалау.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің функционалды жағдайын бағалау.
Дайындаңыз:секунді тілі бар сағатты, қызу парағын, көк стерженді қаламсапты.
Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.
Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргізіңіз.
Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз (жату). Сізге оның кеуде торының жоғарғы бөлігін және ішін көру қажет.
Кәржілік артериясынан тамыр соғуды зерттегендей, оның көңілін аударуға бір қолмен науқастың қолын алыңыз
Екінші қолыңызбен науқастың қолын кеудесіне (кеуде түрімен дем алуда) немесе эпигастрии (төс шеміршегі мен кіндік аралығы) аймағына (іш түрімен дем алуда) қойыңыз.
Секундомерді қолдана отырып, бір минуттағы демді ішке алу немесе демді шығару санын есептеңіз.
Дем алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін және ритмін бағалаңыз.
Науқасқа дем алу қозғалысының жиілігін есептегеніңізді түсіндіріңіз, нәтижесін айтыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Қызу парағына мәліметті тіркеңіз.
Ескерту: дем алу қозғалысының жиілігін науқасқа байқалмайтындай есептеңіз;
1 минуттағы дем алу қозғалысының саны – дем алу қозғалысының жиілігі деп аталады (ДҚЖ);
дені сау ересек адамның қалыптағы дем алу қозғалысының жиілігі қозғалыссыз күйде минутына 16-20 санды құрастырады;
тыныс алу қозғалысының жиілігі жүрек соғу жиілігімен орташа 1:4 қатынасында;
дене температурасы 10С жоғарылағанда, дем алу қозғалысы 4 санға жиіленеді;
Брадипноэ – 1 минуттағы дем алу жиілігі 16 саннан кем, сирек.
Тахипноэ – 1 минутта 20-дан көбірек жиілік, жиі дем алу жиіленеді.