-сурет. Екі берілгені бойынша үшінші көріністі салу Кесінді, қима және т.б. қолдана отырып бөлшектің геометриялық формасын сызбада өзгертуді Т-тәрізді кесінділі цилиндр мысалында қарастырайық
2-сурет. Екі берілгені бойынша үшінші көріністі салу Кесінді, қима және т.б. қолдана отырып бөлшектің геометриялық формасын сызбада өзгертуді Т-тәрізді кесінділі цилиндр мысалында қарастырайық.
3 - сурет (а) екі проекция және төрт тік және үш көлденең жазықтықтармен шектелген кесінділі цилиндрдің нақты көрінісі келтірілген.
Кесіндіні шектейтін нүктелерді алдын ала берілген деп қарастыруға болады (3,а суретінде олар шеңбер түрінде көрсетілген). Алдымен кесінді нүктелерінің тік проекциясын тауып алады. Цилиндрдің профильді проекциясын сызып (3-сурет,б), байланыс сызықтары арқылы кесінді проекциясын анықтайды.
Проекция жазықтықтарына қатысты фигураның кеңістіктік орналасуының өзгеруімен байланысты сызбаны түрлендіру
Әдетте проекциялау кезінде текшенің (куб) оның шектері проекция жазықтықтарына параллель болатындай етіп орналастырады. Бұл жағдайда текше (куб) проекция болып үш бірдей шаршы (квадрат) болып саналады (4-сурет, а).
Тікбұрышты параллелепипед текше (куб) сияқты проекцияланады. 4-суретінде (б) оның үшін проекциясы келтірілген. Алайда, екі проекция текше (куб) немесе параллелепипедтің формасын нақты анықтауға мүмкіндік бермейді.
Егер көпбұрыштарды симметрияның тік осі бойымен кішкене бұрса, яғни, олардың шектерін проекция жазықтықтарына параллель емес етіп орналастырса, онда текше (куб) немесе параллелепипед формасы екі бейне арқылы берілуі айқындалады (5-сурет, а, б).
Тікбұрышты проекциялардың бұл қасиеті техникалық сызуда кеңінен қолданылады. Мысалы, қосымша көріністі орындау кезінде бейненің бұрылуын қолданғанда немесе қиманы орындау кезінде.