Сабақтың тақырыбы: Би жаттығулары,ырғағымен қол,аяқ,иық қимылдарын жасау позициялары



бет1/3
Дата24.01.2023
өлшемі20,43 Kb.
#62577
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
09.01.2023ж


Күні: 09.01.2023ж.
Сабақтың тақырыбы: Би жаттығулары,ырғағымен қол ,аяқ,иық қимылдарын жасау позициялары.
Сабақтың мақсаты: Балалардың би әлемін түсініп қабылдаудағы талғампаздығын тәрбиелеу, эстетикалық сезімталдығын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етудің мектептегі би өнерінің ролі, би қажеттілігі жайында қоғамдық сананы нығайту.
Білімділік: Оқушыларға би өнерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдарын көрсету, жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықты арттыру
Пәнаралық байланыс: Дене шынықтыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс – тәсілдері: Жаттығулар
Көрнекілігі: музыка Акт қолдану
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
- сәлемдесу ;
- түгелдеу ;
- оқушылар назарын сабаққа аудару;
II. Жаңа сабақты түсіндіру;
Би сөзсіз, тек бишінің дене қимылымен, бет-әлпетімен әңгімелейді. Әңгімені би тілімен жүргізу үшін бишінің ерекше табиғи қасиеті, дарындалығы болуы қажет және бұл өнер түрін көптеген жылдар бойы арнайы мектептер мен жоғары оқу орындарында оқуы қажет. Хореографиялық мектептердегі ең басты сабақ – ол классикалық би. Латын тілінен аударғанда «Үлгілі» деген мағынаны білдіреді. Классикалық биді біз балет деп атаймыз. Балет дегеніміз итальян тілінен аударғанда «Билеймін» деген мағынаны білдіреді. Балет, би, хореографиялық көріністердің авторын – балетмейстер деп атаймыз. Осылайша би өнерінің мәні – классикалық биде деп толығымен айта аламыз.
Би өнерін дұрыс оқыту – бұл тарихымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық сазымызды таныта отырып тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушының дене бітімін әдемі қалыптасуына үлесі зор, нағыз денсаулықты шыңдайтын пән. Би өнерінің сабақтары сапалы болуы үшін дидактиканың негізгі принциптеріне бағыну керек, бұлар саналы-эмоциялы тұжырымдамалық және сарамандық, бірізділік, көрнекілік, оқылатын материалдарға шығармашылық ықпал жасай білу.
Бидің денсаулыққа пайдасы: 
1. Түрлі жаттығулар жасаған кезде денеден көп мөлшерде көмірқышқыл газы бөлінеді, бұл жүректегі қан айналымын жақсартады.
2. Қан айналымын қалыпты ұстауға әсер етеді.
3. Қан қысымының көтерілуін тежейді.
Би тек қана сырт келбетті емес, соныменқатар ішкі дүниенің, сана сезімін артады және түрлі зиянды заттардан аулақ болуға баулиды. Би өнері ішкі рухани әлемді ашады, адамды сұлулыққа тәрбиелейді, игі қасиеттерді оятады, адамгершілік идеяларды насихаттайды
Би жаттығуларын үйрету.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет