Мектеп алды даярлық топтарына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары Қазан, 1-апта Күні: 05. 10



бет4/8
Дата28.01.2022
өлшемі30,69 Kb.
#24488
1   2   3   4   5   6   7   8

Негізгі кезең


Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Жеңіл би» (Т. Ломова).

Балалар шеңбер бойында аяқтың ұшымен жүгіреді де, тоқтайды. Орындарында тұрып серіппе жасап, шеңбердің ортасына жиналып, қолдарын шапалақтайды да, артқа шегінгенде аяқты топылдатып қимылдар жасайды.



Музыка тыңдау: «Саржайлау» (Тәттімбет). Күй өнері туралы түсінік беру.

Күй – халық музыкасы. Балаларға жұмбақ жасырып, тапқырлықтарын сынайды.

Ұзын мойын, екі ішек.

Қатар-қатар тепкішек.

Басып қалсаң бір-бірлеп,

Күй шығады күмбірлеп. (Домбыра)

Күйді домбыра аспабында орындайды. Күй тыңдауды ұсынады.

Музыка тыңдай отырып балалардың көз алдына не елестете алғанын сұрақ-жауап арқылы талдау жасау. Күзгі жайлауды бейнелейтін суреттерін көрсету.



Ән айту: «Күз келгенде» (А. Досмағанбет).

Өткен оқу қызметінде үйренген әнді әрі қарай жалғастыру.

Күз көріністерін елестете отырып әнді баяу, сазды етіп орындау.

Таныс әндерді еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.



Билер: «Күзгі вальс» биі.

Би элементтерін еске сақтауға, мәнерлеп орындауға дағдыландыру.



Ойындар, хороводтар: «Қандай ырғақ» (К. Қуатбаев).

Педагог ойын шартын түсіндіреді. Балалар шеңбер бойымен жүріп,

ән мәтініне сай қимылдар жасайды. Ойынға белсене қатысуға, әуен ырғақтырын ажырата білуге үйрету.



          1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет