Бөлімі: 8.4В бөлім: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
|
Күні:
|
12.04.2023
|
Сынып: 8г
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы:
|
Шеңбердің теңдеуі
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін
білу;
8.1.3.18 берілген теңдеуі бойынша шеңбер салу
|
Сабақтың түрі
|
тақырыпты бекіту
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылар:
центрі (a,b) нүктесі және радиусы r болатын шеңбердің теңдеуі түрінде болатынын түсінеді;
берілген теңдеуі бойынша шеңберді салуды және шеңбердің центрі мен радиусын анықтауды үйренеді.
|
|
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Сабақты белсендендіру.
Тірек ұғымдар жайлы сұрақ-жауап:
Үй тапсырмасын тексеру.
Қайталау
Шеңбер тақырыбына байланысты сұрақтар
QAZMATH САЙТЫ БОЙЫНША ОҚУШЫ ТАҢДАЛАДЫ
Сөйлемді аяқтаңыз
1. Шеңбер деп …
2. Шеңбер центрі дегеніміз…
3. Шеңбер радиусы дегеніміз …
4. Хорда дегеніміз …
5. Ең үлкен хорда …
6. Шеңберді … көмегімен саламыз.
5. Диаметр - …
6. Диаметрге перпендикуляр хорда …
7. Шеңберге жүргізілген жанама …
8. Шеңберлердің өзара орналасуы мен түзу арасында …
9. Егер центрден түзуге дейінгі қашықтық радиустан үлкен болса, онда ...
10. Егер кесінді шеңбердің ішінде жіне сыртында жатқан екі нүктені қосатын болса, онда
|
Сұрақтарға кезектесіп жауап береді
|
Мұғалім ауызша бағалайды
|
QAZMATH
|
Сабақтың ортасы
10 минут
|
Ұжымдық жұмыс. Жаңа сабақ
Осы сұрақтардан соң негізгі тақырыпқа көшіп, оқушыларды оқу мақсаттары, сабақ мақсаттары және бағалау критерилерімен таныстыру.
Сыныппен жұмыс
Ц ентрі A0(х0;у0) болатын координаталық жазықтық сызылады.
Оның R радиусы белгіленеді.
Шеңбер бойынан A(х;у) алайық.
Онда A(х;у) және A0(х0;у0) нүктелерінің арақашықтығын табуды білеміз: AA0=√(х-х0)2+(у-у0)2.
Суретте осы аралық радиус ретінде берілген, онда AA0=r.
Екі жағын квадраттау арқылы біз мынаған келеміз: AA02=r2.
AA0 өрнегінің орнына екі нүктенің арақашықтығы формуласын қоятын болсақ, онда мынадай теңдік дұрыс болады: (х-х0)2+(у-у0)2= r2.
Аңғарғанымыздай, бұл теңдеу шеңберде жатпайтын нүктелер үшін орындалмайды.
Қорытынды:
Центрі A0(х0;у0) және радиусы r болатын жазықтықтағы шеңбердің координаталық теңдеуі мынадай болады: (х-х0)2+(у-у0)2= r2.
Центрі координаталар басында болатын шеңбер үшін жеке қарастырылады:
Ол: х2+у2= r2.
|
|
|
№ 5 – 6
№ 7-10 слайд
|
Сабақтың ортасы
15 минут
|
Жұптық жұмыс. Тақырып бойынша есептер
Алғашқы бекіту
Тақырыпты бекіту үшін шеңбердің теңдеулерін табуға мысалдар қарастырамыз.
Олай болса, қазір, осы білімді тереңдету және ұғына түсу үшін жұппен жұмыс жасаймыз. Әр жұпқа «Қосымша 2» таратпасын үлестіру. Таратпада берілген №1-2 тапсырмаларды оқушылар өз жұптарымен орындайды, талқылайды. Мұғалім жұмыстың орындалуын қадағалап, әр оқушының өз жұбымен серіктесе жұмыс жасауына қолдау жасайды. Біріге отырып жасаған жұмыстың өнімді әрі жылдамырақ болатынын, яғни жұптық жұмыстың құндылықтарын сөзге арқау етуіне болады.
Алғашқы бекіту
Тақырыпты бекіту үшін шеңбердің теңдеулерін табуға мысалдар қарастырамыз.
ТАҚТАМЕН ЖҰМЫС
КІМ ЖЫЛДАМ? ӘДІСІ
(ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР)
|