Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті


Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып



Pdf көрінісі
бет3/40
Дата27.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#103598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып
сөйлеуге қалыптастыру – тіл дамытудың
басты міндеті 
 
Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік 
тіл құқығына ие болуы, Қазақстан Республикасының Білім және 
Тіл заңдарының қабылдануы болашақ ұрпақ тәрбиесіне жаңаша 
көзқараспен қарауды талап етеді. Қазақстан Республикасының 
орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында: “Білім бе-
рудің мектепке дейінгі сатысы дайындық кезең ретінде орта бі-
лім алудың үздіксіз жүйесіне енетіндігін айта келіп, тәрбиелеу 
мекемелерінің әр типтілігіне қарамастан олардың ортақ функ-
циялары – баланың денсаулығын, психикалық санасын жетіл-
діру және қорғау, баланың ақыл-ойы мен тұлғасының дамуын 
қамтамасыз ету” деп нақты атап көрсеткен. Бұл сана-сезімі ұлт-
тық психология негізінде қалыптасқан, дені сау, білімге деген 
қызығушылығы жоғары, өздігінен іс-әрекет жасау дағдыларын 
меңгерген тұлға даярлап шығару мектепке дейінгі мекемелердің 
міндеті екенін көрсетеді. Мектепалды даярлық балаларының 
байланыстырып сөйлеуін дамыту мәселесі бағдарламаға сай ди-
дактикалық ұстанымдарды басшылыққа алып жүргізіледі. Әсі-
ресе, баланы мектепке даярлауда олардың байланыстырып сөй-
леуін, сөздік қорын байыту, өз ойларын басқару, түсіндіре білу 
жақтарына баса көңіл бөлінеді. Берілетін білім мен тәрбиелеу әр 
уақытта баланың өз ана тілі арқылы іске асады. 
Б.Баймұратованың пікірінше, балалар жеке заттарды бі-
ліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың 
қайдан, неден жасалатынын, қалай пайда болатынын түсінуге 
тырысатындығын айтады. 
Бала айналадағы өмірмен танысу нәтижесінде әр түрлі 
құбылыстармен бетпе-бет кездеседі. Күнделікті тұрмыста, таби-
ғат аясында ойын, еңбек, серуен, сабақ процесінде қоршаған 
орта туралы жаңа сөздер үйренеді. Үйренген сөздерін күнде-
лікті іс-әрекет үстінде қолданады. Бұл сөздерді сөйлем ішінде 
қолданып, жүйелі байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы көп-
теген ғалымдар өздерінің анықтамаларын ұсынған. Мәселен, 



олардың бірі А.М.Бородич:  ”Байланыстырып сөйлеу – адамдар-
дың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөй-
лемдегі жүйесі“ десе, Ф.А.Сохина: “Байланыстырып сөйлеу де-
геніміз – белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық тұрғы-
дан алғанда дұрыс және бейнелі түрде жеткізу болып табылады” 
деп қарастырады. Сонымен байланыстырып сөйлеу – отба-
сында және балабақшада іске асатын бала тілі дамуының тиім-
ділігінің көрсеткіші.
Қоршаған орта арқылы баланың ойы, қабылдауы, сезінуі 
қалыптасып, тіл байлығы жетіледі деп қарастырады. Балалар-
дың тілінің дамуы, байланыстырып сөйлеулері туралы мәселе-
лерге психологтардың әрқайсысының өзіндік пікірі, өзінше тал-
дауы бар. А.А.Люблинская табиғаттағы заттар мен құбылыстар 
арасындағы байланыстардың да сөзбен белгіленетінін тұжы-
рымдаса, Л.С.Выготский ”Сөз – ойлау мен тілдің негізгі жиын-
тығы“ деп көрсетеді. 
Психологтар /Е.Суфиев, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев және 
т.б./ балалардың байланыстырып сөйлеуінің қалыптасуын қор-
шаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың сыртқы көрінісі мен 
құрылысына қарай бір-бірімен байланыстыра қабылдайды, ой-
лайды. Сол арқылы танып-біліп, баяндай білетіндігін белгілейді 
деп тұжырымдаған. 
Демек, жоғарыда аталған ғылыми пікірлер балалардың 
байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда негізгі қағидалар ре-
тінде есепке алынады. 
Психологиялық еңбектерге жасалған талдау негізінде ба-
лалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың ерекше-
ліктері анықталды: 
- қоршаған дүниені танып-білуі арқылы сөздік қоры мо-
лайып, сөзбен әрекет жасау үрдісінде ана тілінің заңдылықта-
рын меңгереді; 
- бала өз ойын байланыстырып, логикалық түрде жет-
кізуге жаттығады, талқылаулары интеллектуалдық тапсырма-
ларды шешу амалдарына айналады; 



- қоршаған дүние туралы шығармашылық әңгіме құ-
растыруда практикалық және интеллектуалдық (тапсырмалар-
ды) 
орындауда тілдің жоспарлаушылық функциясы
қалыптасады; 
- байланыстырып сөйлеуде саналы қарым-қатынас қа-
лыптасады, ол іс-әрекеттің ерекше түрі болып табылады; 
- тіл нақтылы педагогикалық жағдаяттардан жан-жақты 
күнделікті қарым-қатынас құралына айналып, баланың байла-
ныстырып сөйлеуі дамиды. 
Бірқатар педагог-ғалымдар /Е.И.Тихеева, А.П.Усова, 
Н.И.Кузина, Т.И.Алиева, А.А.Зрожевская, Б.Баймұратова, 
Х.Қожахметова, С.Ғаббасов т.б./ баланың таным белсенділігін 
арттырып, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда жыл мез-
гілдерінің ауысуына байланысты болатын ауа-райының өзгеріс-
тері: боран мен үскірік, жел соғуы, найзағай отының жарқылда-
уы, жер бетін тұман басуы, өзендерде сеңнің жүруі сияқты таби-
ғат құбылыстарын бір-бірімен байланыстыра түсіндіруді қажет 
деп көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет