Мақсаты: Екпінмен қос аяқпен итеріліп құрсауға секіру және одан секіріп шығуды үйретуді жалғастыру. Көлбеу тақтай бойымен қырындап, сатының көлденең тақтайшаларынан дұрыс ұстап өрмелей білуді бекіту.
Бір орында жоғары қарай секіру. Екі сызықтың арасымен жүру (көлемі 15 см, ұзындығы 3 метр)
Мақсаты: Саптізбекте өзінің орнын таба білуге үйрету. Қос аяқпен бірдей еденнен екпінмен итеріле білуін бекіту. Көлемі кішірейтілген тіреуіш бойымен жүруге жаттықтыру.