Мектепке дейінгі ұйымның іс-ірекетін ретке келтіретін негізгі нормативтік іс-құжаттар Нормативтік құжаттар


Мектепке дейінгі білім беру ұйымының стандарты мен бағдарламаларын талдау



бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі18,92 Kb.
#129520
түріРегламент
1   2   3
Мектепке дейінгі білім беру ұйымының стандарты мен бағдарламаларын талдау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (одан әрі-Стандарт) (2018 ж. 31 қазандағы ҚР БҒМ № 604 бұйрығы);
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2018 жылғы 10 қазандағы №556 бұйрығы);
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан әрі-Бағдарлама) );
- Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына (ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы) сәйкес жүзеге асырылады.
Стандартта мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына және оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар айқындалған.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты дамуына бағытталып, «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларына негізделеді.
Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында Стандартқа туғаннан бастап 1 жасқа дейінгі жас кезеңділігі бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Жас кезеңдері және жас топтары мынадай:

  • бөбек жасы – туғаннан бастап 3 жасқа дейін:

  • нәрестелік жас - туғаннан бастап;

  • ерте жас – 1 жастан (ерте жас тобы).

  • кіші жас-2 жастан бастап (кіші жас тобы).

2) мектепке дейінгі жас -3-6 жас

  • мектепке дейінгі орта жас–3 жастан (ортаңғы топ);

  • мектепке дейінгі ересек жас – 4 жастан (ересек топ)

  • мектепалды даярлық – 5 жастан (мектепалды тобы, сыныбы).

Стандартқа сәйкес «Балаларды ерте жастан дамуы үшін олардың әлеуметтік дағдыларын өз бетінше оқу дағдыларын дамытатын бағдарлама» әзірленді (ҚР БҒМ 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 668 бұйрығы). Бұл бағдарлама ерте жастағы балаларды әлеуметтендіру бойынша педагогтар мен ата-аналардың әдістемелік құралы болып табылады.
Бағдарламаның мазмұны туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балаларды әлеуметтендіру міндеттерін іске асыруға, педагог пен ата-аналардың бірлескен іс-әрекетінде оқушының табысты, сенімді және позитивті болашағы үшін қажетті әлеуметтік дағдылар мен өз бетінше оқу дағдыларын дамытуға бағытталған, балалардың өзара іс-қимылын, бейімделуін, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуын, қоршаған ортаға (отбасына, әлеуметке, табиғатқа) ізгілікті қарым-қатынасын, қауіпсіз мінез-құлық негіздері бойынша әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді, мектепке дейінгі ұйымда педагогтың, отбасында және мектепке дейінгі ұйымда ата – ананың жетекші рөліне назар аударылады.
Бағдарламаға бала туғаннан бастап 3 жасқа дейінгі тұлғаның психологиялық әлеуметтік дамуының негізгі кезеңдері енгізілген, бағдарламаның мазмұнын меңгеру нәтижесінде қалыптасуға тиісті білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелер ұсынылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет