Мектепке дейінгі пәндер бірлестігі


Зерттеу жұмысының мақсаты



бет3/9
Дата19.05.2023
өлшемі129,41 Kb.
#95283
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жас ерекшелік топтарында ермексазбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру жолдарын зерделеу.
Зерттеудің міндеттері:
- Мүсіндеу түрлері және баларды көлемдік қатынастар туралы түсініктерін қалыптастырудың міндеттері мен мазмұнының тәрбиелік мәнін ашу;
- Мүсіндеуге арналған материалдар мен құралдарды іріктеу және ермексазбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
- Ермексазбен жұмыс істеу барысындағы техникалық дағдыларды ұстануға тәрбиелеу.
Зерттеу пәні: Бейнелеу өнерінің көмегімен шығармашылық бастаманы дамыту.
Зерттеу объектісі: Мүсіндеу іс-әрекеті.
Зерттеу әдістері: Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді сараптау, талдау, бақылау, озат тәжірибені қолдану.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҚТА МҮСІНДЕУ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ҮЙРЕТУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІНЕ ШОЛУ ЖАСАУ
1.1 Мүсіндеу іс-әрекетіне үйрету бағдарламасы
Мүсіндеу - заттын үш өлшемдік бейнесі. Адам - мүсіндік бейнелеу нысаны. Қажетіне карай жануарлар мен аңдар да, жансыз заттар да нысан бола алады.
Мүсінді жан-жағынан көруге болатындықтан ол ғимарат ішінде немесе ашық ауада орнатылады. Мүсіндеудің түрлері мыналар:
- монументтік мүсіндеу;
- қондырғылы мүсіндеу;
- жанрлық мүсіндеу;
- шағын пішінді мүсіндеу;
- бедер.
Ұлы адамдарға, тарихи оқиғаларға арналған ескерткіштер – монументтік мүсіндеу болып табылады. Мысалы, Абылай хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Райымбек батыр, Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлы, «Желтоқсан - 1986», «Тәуелсіздік монументі».
Бір немесе бір топ адамдарды бейнелеу қондырғылы мүсіндеуге жатады. Бұлар жанрлық мүсіндеу деп те аталады. Станокты скульптура көбінесе портрет ретінде де беріледі. Мысалы, Х.Наурызбаев – «Құрманғазы», Т.Досмағамбетов – О.Сүлейменовтің портреті, Х.Наурызбаев – «Тракторшы» т.б.
Әр түрлі материалдардан, фарфордан, ағаштан, сүйектен, пластмассадан жасалынтан мүсіндерге шағын пішінді мүсіндеу жатады. Бұған адамдар мен аңдардың бейнесін беретін ойыншықтарды жатқызуға болады.
Мүсінді жазықта (қабырға, күмбез, мүсіндік ескерткіштер) бейнелеу – бедер (рельеф) деп аталады.
Сәулет - бұл адам қызметінің ерекше түрі, мұнда техника мен өнер, пайда мен әсемдік қатар берілген.
Сәулет:
- мүсін мен суреттерден айырмашылығы - ол ештеңені бейнелемейді және суреттемейді;
- адамдар сәулет ғимаратында өмір сүреді, оқиды және жұмыс істейді, барлық уақытта сәулет өнерінің арасында жүреді.
Сәулет тікелей ештеңені бейнелемегенімен және суреттемегенімен бейнелеу өнерінің барлық түрлерінің ішінде әсерлі, адамдар сезіміне әсер етуге мейлінше кабілетті өнер.
Саулетші жасаған ғимаратта, әрбір құрылыста өзіндік бет-бейне бар, оған ерекше көңіл-күй берілген.
Сәулет үш турге бөлінеді:
- көлемді құрылыстар сәулеті (үйлер, мектеп, театр, стадион, дүкен, т.б.);
- ландшафты сәулет (демалыс орындарының құрылыстары);
- қала құрылысы.
Сәндік - колданбалы өнерге керамика, тоқыма, зергерлік бұйымдар сияқты халықтық және көркемдік өнер жатады. Бұлар халықтың көркемдік талғамын қалыптастыруда маңызды. Күнделікті өмірде пайдаланылатын жиһаздарды, киімдерді, ыдыс-аяқтарды, т.б. безендіруге сәндік – қолданбалы өнер пайдаланылады. Оларды безендіруде заттардың атқаратын қызметі, пішіні, неден жасалганы ескеріледі. Сәндік-қолданбалы өнерді дамыту үшін халықтар өнерінің туындылары қолданылады: балшықтан жасалған ойыншықтар, ағаштан ойып жасалған ойыншықтар, ыдыс-аяқтар, ағашқа, металға салынған көркем суреттер, кесте тігу, шілтер тоқу, сүйектен ою өнері, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет