Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта



бет2/3
Дата21.12.2022
өлшемі28,51 Kb.
#58663
1   2   3
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы «__» _______ № ___бұйрығына
- қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығымен бекітілген


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңес қызметінің тәртібін айқындайды.


2. Білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі (бұдан
әрі - педагогикалық кеңес) білім беру ұйымдарын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.
3. Педагогикалық кеңестің басты міндеттері:
1) білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) педагогикалық жұмысты және оқу-тәрбие процесін жетілдіру;
3) білім беру ұйымдарында нормативтік құқықтық актілерді орындауды қамтамасыз ету;
4) білім беру ұйымын дамыту бағдарламасын қарастыру;
5) педагогикалық ғылым мен озық тәжірибелер жетістіктерін практикаға енгізу;
6) оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстар жағдайын жақсарту, оқытудың барлық нысандары бойынша оқыту әдістерін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын ендіру болып табылады.


2-тарау. Педагогикалық кеңестің құрамы

4. Педагогикалық кеңестің құрамына: білім беру ұйымының басшысы (төраға), оның орынбасарлары, педагогтар (арнайы педагогтар), сынып жетекшілер, әдіскерлер, тәрбиешілер, психологтар, әлеуметтік педагогтер кіреді.


5. Білім беру ұйымындағы педагогикалық кеңестің отырысына педагогикалық кеңестің мүшелері, қажет болған жағдайда - қамқоршылық кеңестің, ата-аналар комитетінің мүшелері, медицина және басқа қызметкерлер, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары, сондай-ақ білім алушылардың ата-аналары шақырылады.
6. Педагогикалық кеңестің құрамы бір оқу жылына білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіледі.
7. Педагогикалық кеңестің өз құрамынан бір оқу жылы мерзіміне хатшы сайлайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет