Ерте жастағы және күштеп қиылатын некелердің алдын алу



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата30.12.2016
өлшемі1,57 Mb.
#807
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП 

ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

Әдістемелік құрал

Алматы, 2014


4

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ



Құрастырушылар:   Әсия ХАЙРУЛИНА – «Әйелдердің шығармашылық бастамасы Лигасы» ҚБ 

төрайымы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-

демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі; Гүлмира 

ӘЖІҒАЛИЕВА – заңгер; Дина КЕНЕНСАРИНОВА – үйлестіруші.



Рецензияшылар:   Гүлнұр Дүйсенова ХӘКІМЖАНОВА, м.ғ.к, «Әлеуметтік қызметкерлер мен 

еріктілер қауымдастығы» ҚБ президенті, «Әлеуметтік жұмыс - әлеуметтік 

қызметтер» журналының бас редакторы.

 Зәмзә Мұташқызы ҚОДАР Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің 



әлеуметтік және гендерлік зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының 

директоры, философия ғылымдарының докторы, Ресей Жаратылыстану 

Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Президенті жанындағы 

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық 

комиссиясы Эксперттік Кеңесінің мүшесі.

 Орыс тілінен аударған және редакторы - Оңғар ҚҰРАЛОВ

Бұл материалдар 



«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Бала құқықта-

рын  қорғау  жөніндегі  Комитеті»  ММ-нің  тапсырысы  бойынша  «Әйелдердің  шығар-

машылық бастамасы Лигасы» әзірледі және Қазақстандағы ерте және күштеп қиылатын 

некелер проблемалары туралы мәліметтерден тұрады. Көмекші құралда ұғымдық негіз-

дерді  қосқанда  проблемалардың  барлық  аспектілері  көрініс  тапқан;  қыз  балалардың 

құқықтарын  қорғаудағы  халықаралық  және  қазақстандық  заңнама;  гендерлік  теңсіздік 

деңгейіне әсер ететін діни және мәдени стереотиптерге байланысты мәселелер; сондай-ақ 

репродуктивтік  денсаулықты  қорғауға,  ВИЧ/СПИД-тің,  тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың 

алдын  алуға  қатысты  материалдар.  Бұл  мәліметтер  ерте  және  күштеп  қиылатын  неке-

лердің алдын алу мақсатында жасөспірімдермен педагогикалық шаралар ұйымдастыруға 

және ата-аналар мен тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

УДК 347.6

ББК 67.404.4

Е 74


УДК 347.6

ББК 67.404.4

Е 74  Ерте жастағы және күштеп қиылатын некелердің алдын алу

 

Әдістемелік құрал/құраст. Ә.Хйрулина, Г. Әжшғалиева, Д. 



Кененсаринова

. – Алматы; 2014. – 100 б. 

–қазақша-орысша

 

ISBN 978-601-80292-5-7



 

Таралым 1000 даналардың. Издательство Арт Депо студия. Тапсырыс № 331

ISBN 978-601-80292-5-7

Алматы, 2014



5

Әдістемелік құрал 

Өзектілігі 

4

Ерте жастағы және күштеп қиылатын некелер дегеніміз не 



5

Құқықтық контекст 

8

Қыз балалар құқықтарын көтермелеу 



10

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу 

14

Репродуктивтік құқықтар және денсаулық  



19

Ислам – отбасындағы әйелдердің ролі туралы және 

ислам – әйелдер мен қыз балаларға қатысты күш 

көрсетуге қарсы  

21

Шынайы оқиғалар  



24

Ата-аналар мен жергілікті тұрғындар үшін 

«Қыздарымызды бірге қорғаймыз» атты сынып сағатын 

өткізуге арналған материалдар 

27

Жасөспірімдер үшін «Сіздер есейіп келесіздер» атты 



тақырыптық сабақтар өткізуге арналған материалдар 

28

Жеткіншектер үшін «Репродуктивтік денсаулық» 



тақырыбы бойынша тренинг өткізудің жобалы жоспары 

34

«ВИЧ/СПИД-тің алдын алу» тақырыбы бойынша тренинг 



өткізудің жобалы жоспары 

36

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕ ЛЕРДІҢ 



АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫС  ТАРЫН 

ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ НЕГІЗГІ ҮНДЕУЛЕР 

40

Дереккөздер 



41

Мазмұны


6

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

Өзектілігі

Әйелдердің шығармашылық бастамасы Лигасы жүргізген Қазақстандағы 

ерте және күштеп қиылатын некелер проблемалары жөніндегі зерттеу 

16 жасқа толмаған және Қазақстандағы әйел тұрғындарының бестен бір 

бөлігін құрайтын жеткіншек қыздар елдегі ерекше және зорлық-зом-

былық көріністеріне жиі ұшырайтын бөлігіне жатады. 

Олар  тек  жыныстық  жетілу  кезеңіне  байланысты 

физиологиялық  жас  ерекшеліктерімен,  психологи-

ялық-эмоциональдық  проблемалармен  ғана  емес, 

сонымен  бірге  түрлі  әлеуметтік-экономикалық 

мәселелермен,  сондай-ақ  әлі  күнге  Қазақстанның 

кейбір  аймақтарында  кездесетін  кемсітушіліктер 

мен зорлық-зомбылықтардың жасырын түрлерімен 

бетпе-бет  келеді.  Осындай  келеңсіз  көріністердің 

бірі - кәмелет жасына толмаған қыз балаларды күй-

еуге  беру  немесе  некеге  отыру  мақсатында  алып 

қашу  сияқты  ерте  жастағы  және  некені  күштеп 

қию жағдаяттары. Мұндай әрекет қазақстандық та, 

халықаралық  та  заңнамалар  нормаларына  қайшы 

келеді,  сондай-ақ  болашақ  әйелдердің  денсау-

лығына және әлеуметтік саулықтарына түзелместей 

зиян келтіреді. 

Біздің  зерттеулеріміз  ерте  және  некені 

күштеп  қию  проблемаларының  негізгі 

себептерінің бірі – жеткіншектер мен ере-

сектердің  әйелдер  мен  қыз  балалардың 

құқықтарына қатысты, зорлық-зомбылыққа 

қарсы  тұра  білудің  қажеттігіне  және  қыз 

балалар  мен  жеткіншектердің  репро-

дуктивті  денсаулығын  сақтаудың  маңы-

здылығына  қатысты  жеткілікті  дәрежеде 

хабардар еместігін көрсетіп берді.

Осыған  байланысты  жеткіншектердің  өздерінің 

де, сондай-ақ олардың ата-аналары мен жергілікті 

тұрғындардың  да  кәмелет  жасына  толмаған  қыз 

балалардың  қоғамның  ерекше  әлсіз  тобы  ретінде 

құқықтарын қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік 

деңгейін  арттыру  жөніндегі  шараларды  қабылдау 

қажет.  Бұл  шаралар  қыз  балалар  мен  әйелдерді 

кемсітуге, әлеуметтік және мәдени сенімдерге бір-

лесе қарсы тұрудың катализаторы болуы тиіс. Педа-

гогтар мен білім беру жүйесінің өзге де қызметкер-

лері  осы  мақсатты  топқа  тікелей  әсер  ете  алатын 

негізгі қатысушы ретінде араласуы әрбір қыз бала 

үшін  амандығы  мен  саулығын  қамтамасыз  ететін 

мақсатқа сәтті жетудің негізі болып табылады.


7

Әдістемелік құрал 

Ерте және күштеп қиылатын некелер дегеніміз не?

ЖА

ЛПЫ 



АҚПАР

АТ

ТАР



 

Күштеп қиылатын некелер проблемасы дене күшін қолдану немесе 

психикалық зорлық-зомбылық арқылы серігінің немесе екеуінің де 

келісімінсіз қиылатын некелер. Бүгінде бұл өте өзекті күйінде қалып 

отыр және қазіргі заманның ең өткір әлеуметтік проблемаларының 

қатарына жатады. Мәжбүрлі некелер, сондай-ақ қыз ұрлаумен немесе 

некеге отыру мақсатында қыз алып қашумен байланысты. Бұл қыз бала-

лардың еркінен тыс және көбінесе күш қолдану мен сексуалдық зор-

лық-зомбылықтармен ұштасып жатады. Өрімдей жас қыздың өмірлік 

тәжірибесінің жоқтығы, қорқынышы және күйеуі мен оның отбасына 

материалдық тәуелділігі жас келіншектердің ең осал тұсы болып табы-

лады.

Ерте жастағы неке 

 

 

– не заңды, 

не нақты жағдайдағы неке – бұл екі адамның одағы, олардың бірі 

кем  дегенде  18 жасқа  толмаған.  Күш  қолдану  немесе  психикалық 

қысым жасау арқылы бірінің немесе екеуінің де келісімінсіз жасалған 

күштеп  қиылатын  некелер  проблемасы  бүгінде  барынша  өзекті 

күйінде  қалып  отыр  және  қазіргі  заманның  ең  өткір  әлеумет-

тік проблемаларының қатарына жатады. Ерте жастағы некелер 

шын мәнінде заңға қарама-қайшы. Өйткені, кәмелет жасына тол-

мағандар некеге отыруға өздігінен келісім беруге қабілетті емес. 

Күштеп қиылатын неке дегеніміз – некеге отыру мақсатында қыз 

алып  қашу/ұрлау  жатады.  Ол  қыз  балалардың  еркінен  тыс  және 

көбінесе күш қолданумен және сексуалдық зорлық-зомбылықтармен 

ұштасып жатады. 

Ерте  жастан  некеге  мәжбүрлі  отырғызуға  ешқандай  негізі  жоқ  деп 

қарастыруға  болады.  Яғни,  қазіргі  замандағы  құлдықтың  көрінісі 

сияқты,  бұл  бірінші  кезекте  әйелдерге,  содан  соң  ерлерге  қатысты. 

Шындығында кәмелет жасына толмағандарды қоғамнан бөлшектейді, 

олардың бақытты болашағы қалыптасуы үшін қажетті білім деңгейін 

алу мүмкіндігінен айырады, тек қана үйдегі күйбің тірлікке мәжбүрлеу 

жағдайымен шектей отырып, деніне және психикалық денсаулығына 

жазылмас жара салады. Уылжыған қыздың жастығы, өмірлік тәжіри-

бесінің жоқтығы, қорқынышы мен үрейі және күйеуі мен оның отба-

сына материалдық тәуелділігі жаңа түскен жас келіннің ең әлсіз жері 

деуге болады.

Некені  күштеп  қию  және  ерте  жастағы  некелер  халықаралық 

құқықтық  нормаларды  ғана  емес,  ұлттық  заңнама  ережелерін  де 

бұзады.  Ерте  жастағы  некеде  көбінесе  неке  қиюдың діни  рәсімдері 

пайдаланылады, алайда оның заңды күші жоқ, жай ғана әдеттегі аза-

маттық  үйлену  салты  деуге  болады.  Алайда,  мынаны  түсіну  керек, 

заңды рәсімделмеген некеге тұрмаған әйелдер ажырасқан жағдайда 

заңды түрде қорғана алмайды. Өйткені, шын мәнінде мүліктік мәсе-

лелерде, әсіресе заңды некесіз туған балалардың құқықтары тұрғы-

сынан алғанда некеге тұрмағандардың құқықтары қорғалмайды.


8

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

Некеге  мәжбүрлі  түрде  тұрғызу  әйелдердің  қоғамда 

теңсіздігін  арттыра  түседі,  өз  жолын  табуда  бостандығын 

шектейді,  зорлық-зомбылық  алдында  осалдық  танытады, 

сондай-ақ адам құқықтарының одан әрі бұзылуына алып 

келеді.

 Әдетте, зардап шеккен әйелдер мәжбүрлі жұбайлық өмірді 



зорлық  көру  сериясы  ретінде,  денсаулықтарын  қорғау  құқығының, 

тәндік және психикалық қол сұғылмаушылық құқықтарының бұзылуы 

ретінде бағалайды. Қоғамдық қауіпсіздік дегенде сондай-ақ, некенің 

күштеп қиылуы және ерте жастағы некелер білім алу, мамандыққа ие 

болу және лайықты еңбек ету, т.б. құқықтарын шектейді.

Сондықтан  да  мемлекет  және  қоғам  алдында  ерте  жастағы  және 

мәжбүрлі  түрде  некеге  отырғызудың  алдын  алу  және  сәйкесінше 

оларды ескерту бойынша нақты мүмкіндіктерді жасау және жақсарту 

жөніндегі міндеттер тұр. 

Тәуелсіз  зерттеулерге  сәйкес,  Қазақстан,  Орталық  Азия  мен  Кавказ 

өңірлері ерте жастағы және мәжбүрлі некелер проблемалары әлі де 

өзекті күйінде қалып отырған елдер тобына жатады. Бірақ та, қазірге 

дейін  бұл  мәселе  Қазақстанда  келеңсіз,  кері  әсер  ететін  әлеуметтік 

қауіпті  құбылыс  ретінде  қарастырылған  жоқ.  2014  жылы  ҚР  БҒМ 

Балалардың  құқығын  қорғау  Комитетінің  қолдауымен  Лига  жүргіз-

ген  талдаулар,  сондай-ақ  2012-2013  жж.  БҰҰ  ел  халқы  Қоры  мен 

«Сорос-Қазақстан» Қорының бағдарламалары аясында осы саладағы 

бұрынғы жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бұл проблеманың бар-

лық аспектілерін толығырақ айқындауға және айшықтауға мүмкіндік 

берді.


Ерте жастағы некелер жасырын құбылыс ретінде қалып отыр. 

Ауыл 


тұрғындарының  және  кейбір  қауымдар  арасында  қалып-

тасқан  әлеуметтік-мәдени  стереотиптер  оған  қолдау  біл-

діреді.

 Ал  кейбір  жерлерде  әлі  күнге  отбасында  әйелдердің  бағы-



ныштылығы және ата-аналардың еркіне сай қыздарының толық тәу-

елді болуына байланысты стереотиптер басымдылық танытып келеді. 

Мұндай аймақтарда ерте жастағы некелер шариғат заңдарына сәйкес 

келеді деген пікірлерге қолдау білдіріледі және көптеген бала жастағы 

некелерді тек имамдар ғана қиып отыр. 

Әйелдер  арасында  жүргізілген  сауалнамалар  көрсеткеніндей,  ерте 

жасында және некесі күштеп қиылғандар немесе қазір де сол некеде-

гілер олардың отбасылық өмірі әрдайым ата-аналарының еркі мен өз 

қалауларына сәйкес келе бермеген. Жеткіншек қыз балаларға мұны 

«қалыпты  жағдай,  біздің  отбасымызда  және  халқымызда  барлық 

әйелдер күйеуге осылай шығады» деп айтады. Қыз балаларға кейде 

олар  кәмелет  жасына  толмай-ақ  құда  түсе  береді.  Кәмелет  жасына 

толмаған  қыз  баламен  мұндай  неке  кейбір  этникалық  топтарда 

қалыпты  ғұрып  саналады,  «халқымызда  бұл  қалыптасқан  жағдай» 

ретінде қарастырылады.

Бала  кезінен  некеге  отырған  сауалнамаға  қатысқандардың  айтула-

рына  қарағанда,  олар  жұбайлық  өмірінде  көптеген  проблемаларға 

душар  болған.  Негізінен  бұл  күйеуі,  қайын  енесі,  күйеуінің  отба-

сындағы басқа да мүшелері тарапынан жақтырмау мен күш көрсету 

Сондықтан да, 

бірінші кезектегі 

міндеттерге білім 

беру жүйесіндегі 

мамандар үшін 

арнаулы әдісте-

мелік материал-

дар әзірлеу арқылы 

жеткіншектердің, 

тұрғындар мен 

отбасылардың 

ақпарат алу дең-

гейін арттыруға 

бағытталған білім 

беру бағдарламала-

рын жүзеге асыру 

жатады. 


9

Әдістемелік құрал 

Проблемалардың салдарына мынаны жатқызуға 

болады:


 

 әйелдердің құқықтық қорғалмаушылығы, көпте-



ген некелердің ерте жастағы некеге байланысты 

заңдық құқықтарының болмауы (заңды түрдегі 

некеге тұру жасы 18 жасқа толмағандар ресми 

түрде Азаматтардың хал актілерін тіркеу (АХАЖ) 

органдарына өтініш бере алмайды, сондықтан 

да олар тек имамдарға тіркеледі);

 



біреуге жұбай болған жас қыздардың арасында 



аурушаңдық пен өлім-жітім қаупінің жоғары 

болуы. Көптеген жағдайларда ерте жаста ана 

болу немесе сексуалдық зорлық-зомбылыққа 

ұшырау ана денсау лығының нашарлауына және 

жиі-жиі ана мен бала өліміне алып келеді. 

 



әйелдерге шектеулердің қойылуынан, білім 

алуы мен кәсіпті меңгеруге мүмкіндіктерінің 

болмауынан ерте жастағы некелердің бола-

шақта еңбекке орналасуына, жеке тұлғалық 

және әлеуметтік дамуы мен өзін-өзі дамытуына 

кедергі туындайды.

жатады.  Отбасындағы тұрақты  үй  ішілік  шаруалар, 

бөлектену,  айналадағы  әлеммен,  қатарластарымен 

және  тіпті  өз  ата-аналарымен  қарым-қатынастың 

жоқтығы. Бәрінен бұрын жас келінмен тіпті оған оқу, 

жұмыс туралы ойлануға да мұрша бермей, ештеңеге 

құқығы жоқ адамдай қарым-қатынас жасайды. Өйт-

кені,  ол  күйеуінің  отбасына,  туысқандарына  мүл-

тіксіз қызмет етуі тиіс, әйтпесе одан бас тартып, қар-

сылық білдірсе, оны ұрып-соғу мен төмендету мен 

кемсіту күтіп тұрады. 

Сарапшылардың пікірінше, қыз алып қашқанда тек 

16,7% зардап шеккендер ғана құқыққорғау орган-

дарынан  көмек  сұрайды,  ал  51%-ы  туысқандары-

ның  көмегіне  арқа  сүйейді.  Көбінесе,  мәселе  қыз 

баланы  қорқытып-үркіту  арқылы  шешіліп  жатады, 

егер де  жария  етсе  одан  әрі  айналадағы  адамдар 

тарапынан  кінәлаудың  құрбаны  болмақ.  Жүргізіл-

ген талдау көрсеткеніндей, көптеген осындай неке-

лер имамдарда ғана тіркеледі де жағдайды одан әрі 

ушықтыра түседі.

Мұнда бірінші кезекте аталған құбылы-

стың  ҚР-дағы  кері  әсері  жасөспірімдер 

мен  жастардың  төмен  деңгейде  хабар-

дар  болуын  көрсетеді,  әсіресе  ауылдық 

аймақтарда  мұндай  некелер  қыз  бала-

лардың  құқықтарының  бұзылуы  болып 

табылады  және  олардың  денсаулықта-

рына, әлеуметтік дамуы мен болашағына 

кері әсер етеді. 

Зерттеулер  көрсеткеніндей,  қазақстандық  қоғамда 

мұндай қауіпті құбылыстардың болуы мен таралуы-

ның  бірқатар  себептері  бар.  Олардың  қатарында 

мыналар  бар:  заңнамада  адамды  мәжбүрлі  түрде 

некеге тұрғызу үшін ұрлауға жауапкершілікті қара-

стыратын  нақты  нормалардың  жоқтығы;  некеге 

тұруға мәжбүрлеу және өз таңдауы бойынша некеге 

тұруына жол бермеу.

  Ерте  жастағы  неке  проблемасы  мынадай  фактор-

ларға да байланысты: 

 



кейбір қауымдардағы дәстүрлі әлеуметтік-мә-

дени стереотиптер;

 



кедейшілік;



 

әйелдер мен қыз балалардың білім деңгей-



лерінің төмендігі;

 



ауылдық жерлерді мекендеуі.

ЖА

ЛПЫ 



АҚПАР

АТ

ТАР



 

10

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

Қазақстан 

«Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою 

туралы Конвенцияны» бекітті. Біздің еліміздің Конвенция талаптарын 

орындауы бойынша Қазақстанның 2014 жылы ақпанда соңғы баянда-

масы тыңдалды. Әйелдерге қатысты кемсітушіліктерді жою жөніндегі 

БҰҰ Комитетінің ұсыныстарында «қыздар кәмелет жасына жетпей-ақ 

тұрмысқа  шығып  кетіп  жатады,  сондай-ақ діни  және дәстүрлі  неке-

лер тіркелмейді, бұл әйелдердің құқықтарын бұзады» деген алаңда-

ушылық білдірілген

1



16. 

Комитет  өзінің  бұрынғы  қорытынды  ескертпелеріне  сілтеме 

жасай  отырып  (CEDAW/C/KAZ/CO/2,  13-пункт),  мәдени  тәжірибелер 

мен  дәстүрлердің  келеңсіз  көріністері  сақталып  қалып  отырған-

дығына, сондай әйелдер мен ерлердің әсіресе, әйелдердің балаларды 

күтіп-бағуда отбасындағы және қоғамдағы рольдері мен міндеттеріне 

қатысты негізгі патриархалдық көзқарастар мен терең тамыр жайған 

стереотиптерге алаңдаушылық танытады. Комитет мұндай стереотип-

тер балалар арасындағы некенің және кейбір этникалық топтарда көп 

әйел алушылықтың таралуына, тиісінше әйелдердің қоғамдағы қолай-

сыз және тең емес жағдайының сақталуына мүмкіндік береді деп атап 

көрсетеді.

17. 

Комитет өзінің алдыңғы қорытынды ескертпелерін бекіте оты-



рып  (CEDAW/C/KAZ/CO/2,  14-пункт),  қатысушы  мемлекетке  мынаны 

ұсынады:


а)  қоғамның  барлық деңгейлерінде  сақталып  отырған  ерлер  мен 

әйелдерге қатысты қалыптасқан стереотиптер туралы және оны 

түп тамырымен  жою  мақсатында тұрғындарға  ағарту  жұмыста-

рын  жүргізу  мен  олардың  хабардар  болушылық  деңгейін  арт-

тыру жөнінде Әйелдер істері мен отбасы-демографиялық саясат 

жөніндегі Ұлттық комиссияның және өзге де мүдделі тараптар-

дың күш-жігерлерін жандандыру;

b)  әйелдердің  өз  құқықтарын  жүзеге  асырудағы,  атап  айтқанда 

ауылдық аудандарда және мақсатты қауымдар арасында осын-

дай стереотиптерге кері әсер ететін білім беру бағдарламаларын 

кеңейту;

с) 


балалық шақтағы некеге және көп әйел алушылыққа қарсы күрес 

бойынша тиімді құқықтық шаралар қабылдау;

d)  гендерлік стереотиптерді жою мақсатында және олардың әсерін 

бағалау мақсатында қабылданатын шараларға тұрақты монито-

ринг жүргізу және шолу жасау».

1

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктерді жою жөніндегі Комитет. Қазақстанның біріккен үшінші және



төртінші кезеңдік баяндамасы бойынша қорытынды ескерту* Оның елу жетінші сессиясында

(10–28 ақпан, 2014 жыл) Комитет қабылдаған. «Стереотиптер және зиянды тәжірибелер» бөлімі.

Құқықтық контекст

Қыз балалардың некеге тұру мәселесіндегі құқықтарын қорғауда 

Қазақстан Республикасы қабылдаған және бекіткен халықаралық және 

ұлттық заңнама жұмыс істейді 


11

Әдістемелік құрал 



Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайып-

тылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес 

Қазақстанда 

неке (ерлі-зайыптылық) жасы 

еркектер мен әйелдер үшін бірыңғай 18 

жас болып белгіленеді.

Сондай-ақ,  Қазақстан 



«Бала  құқықтары  туралы» 

БҰҰ-ның Конвенциясын бекітті. БҰҰ Бала құқықтары 

туралы  Комитетінің  «Жеткіншектер  денсаулығы» 

бөлімінің  51-пунктінде  балалар  жағдайы  туралы 

Қазақстанның  2-ші  және  3-ші  жиынтық  кезеңдік 

баяндамасындағы  ұсыныстарында  «Жастардың 

әл-ауқаты  жөніндегі  бағдарлама»  жобасы  аясында 

мемлекет қабылдаған саламатты өмір салтын наси-

хаттау  жөнінде  мемлекеттің  белгілі  бір  күш-жігері 

атап көрсетілген. Алайда, ұсыныстарда атап көрсетілгендей, «Комитет 

бұрынғыша жеткіншектердің жүктілігі мен жеткіншектер арасындағы 

түсік  тастаудың  жоғары  көрсеткіштеріне  алаңдаушылық  білдіреді» 

және  Қазақстанға  «жеткіншектердің  репродуктивті  денсаулығын 

қорғауға қатысты барлық қажетті шаралар қабылдауды» ұсынады. 

Некеге  отыру  үшін  некеге  тұрып  жатқан  ерлер  мен  әйелдердің 

өзара ерікті келісімдері қажет және олар неке жасына жетуі тиіс. Тек 

дәлелді себептер болған жағдайда азаматтардың хал актілерін жаза-

тын органдар неке жасын екі жасқа төмендетуі мүмкін. Неке жасын 

төмендетуге тек қана некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушы-

лардың)  келісімімен  жол  беріледі.  Неке  жасына  толмаған  адамдар 

арасындағы некеге неке жасына толмаған адамдардың ата-аналары-

ның не қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат беріледі 

(10-бап).

Кәмелет жасына толмаған қыз баланы оның келісімінсіз немесе некеге 

отыруға мәжбүрлеу қылмыстық жазалаудағы іс болып табылады: 

• 

ҚР ҚК 122-бап



: он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық 

қатынас және сексуалдық сипаттағы өзге де қимылдар бес жылға 

дейін бас бостандығынан айыруға алып келуі мүмкін; 

 



ҚР  ҚК  125-бап: 

Адам  ұрлау –  сегіз  жылдан  он  жылға  дей-

iнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру қарастырылады. Ал қыз 

алып қашқан жағдайда осы бапқа мынадай ескертуді қолдануға 

болады:«Ұрланған  (алып  қашқан)  адамды  өз  еркiмен  босатқан 

адам, егер оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, 

қылмыстық  жауаптылықтан  босатылады».  Осылайша,  қыз  алып 

қашушылар өз әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тар-

тылмайды. 

ЖА

ЛПЫ 



АҚПАР

АТ

ТАР



 

12

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет