Мелиорациялық шаралар


Батпақты және батпақ бетонды жабылғы немесе экран



бет10/12
Дата17.10.2022
өлшемі11,31 Mb.
#43553
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
3.2 Батпақты және батпақ бетонды жабылғы немесе экран.
Бұл жұмыста батпақтың су өткізгіштік қабілеттігі, жұмсақтығы және арзандығы еске алынады. Бірақ мына кемшілік кемшіліктері бар: мықтылығы және жуылып шайылуға қарсылығы аздау. Батпақты жабылғыны тынымсыз жұмыс істейтін каналдарда пайдаланбаған жөн. Егер каналдың су өтімі 10м³/с- тан кем болса онда жабылғы қалыңдығы 5-10см шамасында болады.
Егер канал аңда саңда және уақытша жұмыс істейтін болса, канал қабырғасынан батпақты экран жасалады, немесе батпақты сабанмен араластырып қалыңдығы 4-6 см экран жасайды.
Егерде жабылғыны батпақ бетонмен жасаса ( батпақ, құм, қиыршық тастан жасайды) ол өте мықты болады. Батпақты бетонда батпақ саны 20-30%, құм 40-45%, тас қиыршық 30-35%, ( ірілігі 30-20 см) ерітіндінің тығыздығы 2,2-2,3 т/м³.
3.3. Бетонды және темір бетоннан жасалған жабылғы.
Бұл қазіргі кездегі ең мықты жабылғы: Бұлар ұзақ уақытқа шыдайды. Мұндай жабылғылар арматурасы жоқ немесе аздап арматурасы бар бетоннан жасалады. Оның 2 түрі бар, Тез жиналатын бетон немесе құйылған бетон жабылғылар. Құйма бетон жабылғы жарылмас үшін олардың арасында көптеген жалғағыш белдер болады. Ондай белдерден су топыраққа сіңіп кетуі мүмкін. Мұндай белдердің ара қашықтығы 2,5-4м қалыңдығы 10-15см. Белдеулерге асфальт, битум құйылады.
Су сүзгіштігіне қарсы жасалатын жабылғалардың жұмыс істеу тиімділігін каналда жабылғы жасалмай тұрған кезге қарағанда неше пайызға су сіңгіштігі азайту бойынша анықтайды, яғни:
% (12)
бұл жерде - жабылғы орнатқаннан кейінгі су жоғалу.
- жабылғыға дейінгі судың жоғалуы.

Жабылғысы жоқ каналдар үшін (13)



Жабылғысы бар каналдар үшін (14)
Жабылғысы бар каналдарда да су топыраққа сүзіледі. Оны төмендегі 5.8- суреттен байқауға болады және су сүзілу өтімін мына теңдеумен анықтауға болады: егер t◄h болса,
(15)

5.8 –сурет. Жабылғысы бар каналдан судың сүзілу сұлбасы (есеп үшін) 1-жабылғы, 2-сүзілу шекарасы.
Бетон немесе асфальтты- бетон жақсы жасалып құйылған кезде, су сүзілу h және t мәні азая түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет