Үшінші деңгейдегі инновация – ескі білім беру моделінің шегінен шықпай білім беру жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу болып табылады;
Төртінші деңгейдегі инновацияда шешімнің жаңа нұсқасы болады (бұл көбінесе білім беру жүйесінің жеке компоненттерінің қызметтік мүмкіндіктерін кеңейте түсіп қарапайым сапалық өзгерістері ретінде көрініс табады);
Бесінші деңгейдегі инновация – білім беру жүйесінің «жаңа буынын» құрумен ерекшеленеді (жүйенің алғашқы қасиеттерін түгел өзгерту болып табылады);
Алтыншы деңгейдегі инновация – жүйені түрлендіруші қызметтік принципін сақтай отырып, жүйенің қызметтік қасиеттерінің сапалық өзгерісін сипаттайтын білім беру жүйесінің «жаңа түрімен» ерекшеленеді.
Жетінші деңгейдегі инновация – нәтижесінде жүйенің негізгі қызметтік принципі өзгеріске ұшырайтын білім беру жүйесінің жоғарғы, түбегейлі өзгерісімен сипатталады, яғни білім берудің «жаңа» жүйесі қалыптасады ( 18-сурет).
Жаңалық ендіру жаңарумен тығыз байланысты, бірақ жаңаның бәрі барлық жерде, кез келген уақытта оң нәтижелер бере бермейді. Оның себебі төмендегідей:
Біріншіден, жаңа әрқашан да көкейкесті мәселені шешудің құралы бола алмайды. Шынтуайтына келгенде, көптеген мұғалімдер проблема зерттеудің орнына, оны сынға алады.
Екіншіден, әрбір жаңа құрал түбегейлі нақты жағдайда дүниеге келеді және нақты педагогикалық мәселені шешуге бағытталады; көптеген мекеме басшылары құрал таңдауда жағдайға талдау жасамастан, өздерінің жеке талғамдарына сүйеніп «ұнайды-ұнамайды» принципімен ғана таңдау жасайды.
Үшіншіден, ғалымдардың зерттеулері бойынша, жаңалықты пайдаланушылардың санының көбеюі, ереже бойынша, жаңалық тиімді өтетін жағдайларды кеңінен анықтай түседі. Сол себепті жаңа құралды өзгерген жағдайға қолдану оң нәтиже береді деген күннің өзінде де эксперименттік тексерісті қажет етеді.
Төртіншіден, әрбір жаңа педагогикалық құралдың 2 жағы болады: технологиялық – қолдану ерекшеліктерін сипаттайды, тұлғалық – мұғалімнің өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне сәйкес оны меңгеру тиімділігі.
Сол себепті, жаңаны қарастырғанда, жаңаны ұсынушылар мен оны пайдаланушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін де ескерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |