Басқару туралы ғылымның дамуы, басқару ой-пікірінің эволюциясы: менеджменттің шетелдік теориялары мен тұжырымдамалары. «Менеджмент» терминінің анықтамасын көптеген авторлар атап айтсақ, А.Мескон, М.Альберт, Ф.Хедоури өз тұжырымдамаларында төмендегідей ұсынады: менеджмент – бұл басқа адамдардың еңбегін, ой өрісін, тәртіп уәждерін қолдана отырып, алға қойылған мақсаттарға жете білу ептілігі.
«Менеджмент» түсінігінің мазмұны әр алуан, терең және төмендегідей аспектілерде қарастырылады:
басқару туралы ғылым, ұйым мақсаттарының ең тиімді жетістіктеріне ықпал ететін жаңа көзқарастардың, әдістердің, технологиялардың ғылыми ізденісі аясында іске асады;
белгілі нәтижелерді, кәсіпкерлік қызмет барысында пайда алуға бағытталған фирмамен тәжірибелік басқару ретінде;
процесс ретінде, яғни бөлек әрекет немесе операция емес, бірақ ұзақ, кезеңдік қызмет;
өзіне белгілі жиынтықты, фирма бөлімшелерінің, сондай-ақ басқару субъектілерінің құрылымын енгізетін басқару ұйымы ретінде. (Жалпы айтқанда, менеджмент бойынша әдебиеттерде басқару субъектілері деп тек басқарушы қызметтерін атқаратын адамдар ғана емес, басқарушы құрылымдар да танылады);
басқару аппаратының әртүрлі деңгейлері ретінде. Басқару проблемалары бойынша әдебиеттерде ғана емес, басқарудың жоғары деңгейін, жоғары басшылықты белгілейтін «топ-менеджмент» деген термин кеңінен таралды.
В.П.Симонов педагогикалық менеджментті оқу-тәрбие процесін басқарудағы қағидаттар, әдістер, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық амалдар кешені ретінде анықтайды. Педагогикалық менеджмент нақты мұғалімнің басқарушылық қызметі жаңа әлеуметтік-педагогикалық жағдайларда өмір сүруге дайын баланың жеке басын дамыту мақсаттарына бағытталады деп біржақты таяз түсіну қалыптасқан, оның барысында педагог келесілерді жүзеге асырады:
басқаратын объектінің қалпын өзгерту бойынша шешім қабылдау үшін ақпаратты түрлендіру;
оқу-тәрбие процесін қағидаттар, әдістер, құралдар мен нысандардың өзара байланысты жүйесіндей басқару;
оқушылардың еңбегін, зиятын, уәждері мен қажеттіліктерін пайдалана отырып, қойған мақсаттарға жету;
білім беру тұжырымдамалары негізінде қабылданатын, жүзеге асырылатын және адам факторын есепке ала отырып, оқу-тәрбие мақсаттарына жету процестерін ұйымдастыру және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |