Менеджмент – басқару туралы ғылым Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде


Сурет-18. Білім беру саласындағы жаңашылдық деңгейлері



бет39/56
Дата11.11.2022
өлшемі3,35 Mb.
#49434
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56
Сурет-18. Білім беру саласындағы жаңашылдық деңгейлері

Ғылыми әдебиеттерде «жаңашылдық» пен «жаңа құрал» және


«инновация» мен «жаңалық ендіру» ұғымдары бір-біріне синонимдер болып табылады. Жаңашылдық – бұл құрал (жаңа әдіс, әдістеме, технология, бағыттама және т.б.), ал инновация – осы құралды меңгеру процесі. Ал инновациялық процесс жаңалықтың өмірге келуі, оны меңгеру, пайдалану және тарату процесімен сипатталады.
ХХ ғасырдың 80-жылдарында инновациялық іс-әрекеттің басым бағыттары анықталды, әсіресе алдыңғы қатарлы озат іс-тәжірибенің мән- мағынасын В.А.Кан-Калик, Ю.Н.Кулюткин, Г.С.Сухобская, Н.В.Кухарев, Я.С.Турбовской, Ф.Ш.Терегулов, Л.М.Фридман, К.Н.Волков және т.б. ғалымдар ашты және олардың негізгі түрлері нақтыланды:

  1. өнертапқыштық – кіріктірілгеннен және педагогикадағы белгілі әдіс- тәсілдер, формаларды түрлендіру, зерттеулер жүргізу;

  2. жаңашылдық – педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыратын жаңа әдістер мен формаларды табу;

  3. инновациялық – ғылыми-зерттеушілік негізде білім берудің жаңа мазмұнын, жаңа формасы мен әдістерін, жаңа ғылыми идеялардың мағыналы байланыстары тұрғысынан жүзеге асыру;

  4. ғалымдар мен практик-мұғалімдердің бірлескен шығармашылық ізденістері .

Педагогикалық инноватика педагогикалық инновациялық процестердің теориясын жан-жақты қарастырып, инновациялық процестерді сипаттайтын ұғымдар мен принциптерді ашады, педагогикалық инноватиканы қоғамдағы инновациялық процестердің арнайы бөлігі ретінде айқындайды.
Педагогикадағы «жаңаның» мағынасы, мәні, формасын анықтау педагогикалық неологияның пәні болып табылады. Неология педагогикадағы инновациялық процестің мәнін ашып көрсетуге көмектеседі. Сол себепті педагогикада «инновациялық процесс» пен «педагогикадағы жаңалық» ұғымдары бір-біріне синоним ретінде қарастырылады.
Инновациялық іс-әрекет педагогикалық инноватика теориясына: педагогикалық неология, педагогикалық аксеология, педагогикалық праксиология теориясына негізделеді.
Инновациялық іс-әрекет жаңалықтардың қалыптасу, шығу және пайда болу кезеңдерінен құралады. Инновациялық іс-әрекет негізінде екі факторға тәуелді: инновацияның даму күшіне, инновацияның қоршаған ортаға қатысына. Инновациялық іс-әрекет – педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру процесіне ықпал жасайды. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша мұндай нәтижеге жетуі үшін педагогтың инновациялық іс-әрекеті төмендегідей талаптарға сай
болуға тиісті:

  • өзінің жеке қасиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілетіне;

  • жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесімен хабардар бола отырып, өз жұмысын ұғына алу;

  • жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз тәжірибеге енгізе алу;

  • педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен тәсілдерін өз бетінше жасау.

Инновациялық іс-әрекет – қазіргі мектептің даму процесінің бір аспектісі. Инновациялық іс-әрекет әлеуметтік-экономикалық жағдай тудырған басқа білім беру аймағынан белгілі бір стандарттың межесінен ауытқу мен балама жүйе енгізу шараларын атқарады. Инновациялық іс-әрекет жаңалықтарды ойлап шығару, зерттеу, қолданысқа дайындау, іс жүзінде пайдалану сияқты процестермен сипатталады.
Ғалымдар педагогикалық жаңашылдық нәтижелерін жаңа деңгейде қарастырады:

  1. жаңашылдық тәжірибе – жаңа ғылыми білімнің көзі, нақты гипотеза, теория, әдістеме, тұжырымдарды толықтырады, одан әрі дамытады;

  2. жаңашылдық тәжірибе тікелей жалпы практикаға әсерін тигізеді, өйткені практикаға жаңа педагогикалық технологияның тек жеке элементтері ғана енеді;

  3. жаңашылдық жалпы педагогикалық практикаға рухани тұрғыда әсер етеді, әрбір мұғалімнің өзін-өзі жетілдіруіне ықпал етеді, мұғалімнің ізденісіне, ізгілік бағытына, тұлғаның мүмкіндік қабілеттерінің ашылуына жол ашады.

Ғалым В.И.Журавлев жаңалықты оқу-тәрбие процесіне ендірудің алғышартына білім беру саласындағы ғылыми ұсыныстарды ғалымдардың, мұғалімдердің, педагогикалық ұжымның, білім беру жүйесі мекемелерінің тәжірибелерінде қолдану нәтижелерін зерттеуді ұсынады.
Ғылыми еңбектерге жасалған талдауымыздың нәтижесінде, озат инновациялық тәжірибені практикаға ендіруде мұғалімге қажетті инновациялық білім мен біліктіліктің минимал (ең төменгі) деңгейі анықталды:

  • педагогикалық іс-әрекеттің арнайы түрлерін ендіру бойынша инновациялық білімі;

  • жаңаны зерттеушілік біліктілігі;

  • практикада кездесетін инновациялық мәселелерді ғылыми проблема түрінде қарастыра алуы;

  • қарастыратын инновациялық проблеманы шешудің өз тәжірибесінен алынған жолдарын көрсету (идея, бағдарлама, әдістеме және т.б.);

  • педагогикалық іс-әрекеттің жаңартылған жүйесін жасау;

  • қарастырылған мәселе бойынша мақсатқа бағытталған бақылау, педагогикалық эксперимент жүргізу;

  • қажетті негізгі және қосалқы инновациялық ақпараттарды таба алуы және пайдалана білуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет