2022-2024 жылдарға арналған
«Жас ғалым» жобасы бойынша
жас ғалымдардың зерттеулерін
гранттық қаржыландыру
конкурстық құжаттамаға
1-қосымша
«Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға арналған өтінім 1. Аннотация XXI ғасырда әлемдік ғылым мен техника саласының дамуы білім беру жүйесінде барлық пәндер бойынша оқытудың мазмұнымен қатар білім беру ортасын да өзгертіп отыруды қажет етеді. Демек, осы жүзжылдықтағы бәсекеге қабілетті маман ретінде жұмыс істеу үшін қажет негізгі дағдылардың бірі – бұл креативтілік, яғни, шығармашылық ойлау. Креативтілік - бұл рефлексивті ойлау болып табылады.
Мектеп физика курсында физикалық заңдар мен құбылыстарды, тұжырымдарды, сұрақтар мен себептерді нақты іздей алатын, ғылыми әдебиеттерді дұрыс таңдау арқылы ақпаратты меңгеретін және жаңа нәтижелерге қол жеткізе алатын, озық техникалық құрал – жабдықтармен жұмыс жасай алуға бейімді оқушыларды даярлау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ғылым мен техниканың қарыштап дамып жатқан қоғамында еңбек нарығының талаптарына жауап бере алатын, креативтілігі дамыған жас буынды қалыптастыру маңызды мәселелерді шешудің айқын көрінісі.
Физика пән ретінде, ғылым мен техниканың, инженерлік салалардың дамуына зор ықпал етеді. Физика сабақтарында құрал жабдықтармен жұмыс жасап, физикалық заңдармен құбылыстарды эксперименттік бақылаулардан өткізкен білімгер кез-келген практикалық іс-әрекеттерді орындауға дайын болады. Мектептерде демонстрациялық кабинеттердің жетіспеушілігі немесе құрал жабдықтардың істен шығуы көптеген кедергілерді туындатады. Соның салдарынан мектеп бітіруші түлек техникалық - инженерлік мамандықтарды таңдау қызығушылығы төмен болады.
Жоғарыда аталған қажеттіліктерді орындау мен кемшіліктерді жоюдың бірден – бір жолы – STEM білім беру негізінде оқушылардың креативтілігін дамыту болып табылады.
Білім берудегі STEM-тәсілі - бұл қоғам мен жеке адамның болашаққа дайын болуына бағдарланған іс-қимылдардың, практикалар кең кешені болып табылады. Мектеп физика курсын оқытудың қажетті технологиялардың бірі – STEAM білім беру - жас буынның болашақта еңбек нарығы, озық технологиялық өндірістің талаптарына сай тұлға болып дамуына мүмкіндік туғызары анық.
Біздің өндіріс орындарымен, мектеп мұғалімдерімен алдын ала жүргізген зерттеулеріміз, бұл мәселенің білім берудегі физика-математикалық пәндер бойынша оқу үлгерімінің төмендігінен, STEM пәндерін оқытуға қызығушылықтың төмендігінен, техникалық-инженерлік мамандардың жетіспейтіндігін көрсетті. Сонымен бірге, инженерлік ойлау мен өнертапқыштық әлеуетке ие креативті тұлғалар күрделі технологиялық жабдықтармен жұмыс жасауға практикалық дағдылары бар жастарға деген сұраныстың артқандығы айқындалды.
STEM білім беру негізінде оқушылардың физика саласындағы даярлығын дамыту, жоғары технологиялық салаларда кадрлардың қажеттігі, түлектердің төмен бағалары мен білім көрсеткіштері, ауылдық өңірлердің орта мектептерінде жаратылыстану-техникалық және инженерлік құрамдас бөліктерінің әлсіреуі және тағы басқа мәселелерді шешу – біздің ұсынып отырған зерттеуіміздің мақсаты және жетекші идеясы болып отыр.
Зерттеу жүргізу барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер – STEМ-нің әлемдік практикасын зерделеу, бақылау жұмыстарын сауалнама, тест жүргізу арқылы ұйымдастыру және креативтілік диагностика әдістерін пайдалану; роботатехника элементтерін, цифрлық оқыту ресурстарына сараптама жасау; физикадағы демонстрациялық құрал-жабдықтардың кемістігін жоюға жасауға қажетті 3D негізді компьютерлік бағдарламаларда модельдеу; STEM ресурстарын әзірлеу; факультативтік видео-сабақтар мен ауылдық мектептерде жәрмеңкелер ұйымдастыру; тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу, математикалық-статистикалық әдістерді қолдану.
Аталған жобаны іске асыру мектеп физика курсын STEM негізінде оқытудың озық технологиясын жасауға, ауылдық және қала мектептерінің оқу үдерісіне енгізілуіне жағдай жасайды. Соның негізінде STAM білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру алшақтығын төмендету, физикадан жарамсыз құрал-жабдықтарды іске қосу, жаңа идеяларға жетелейтін әр-түрлі жобалармен жұмыс жасауға қабілетті креативті оқушылардың санын ұлғайту; мектеп базаларында STEM негізінде жоғары технологиялық өнімді құруға мүкіндік туады.
Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жалпы білім беретін мектептер оқу-әдістемелік, демонсрациялық, STEAM кабинетіне қажетті мини жобаларды орындауға мүмкіндік бертін құралдармен қамтамасыз етіледі.