Мәнерлеп оқу курсы пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар 3в кдо, 3г кдо 0301002 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»


Тәрбиеші педагогтың әңгімесінің ерекшелігі



бет16/33
Дата28.03.2023
өлшемі283,24 Kb.
#76707
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
Тәрбиеші педагогтың әңгімесінің ерекшелігі
Тәрбиешінің әңгімесі балалардың жас ерекшелігіне қарай әр жастағылар арналып құрылады. Үш төрт жастағы балдырғандарға айтылатын әңгіме мейлінше қысқа және сәбилердің өмір тәжірибесімен ұштасуы керек.Айталық , ойыншықпен ойнау жайлы қалай әңгімелеуге болады?
Мысал.
Жазғытұрым папасы Ернарға ойыншық кеме сатып әкелді , Ойыншық кеме ақ , мұржасы қызыл еді .Ернар қатты қуанды .Тез киінді де көшеге жүгіріп шықты. Кемесін ағып жатқан бұлаққа жүргізіп қоя берді. Бұлақ қатты ағып жатыр еді. Ернардың кемесі де тез жүзіп кетті. Ернар бұлақты жағалай жүгіріп,қуанғаннан қолып шапалақтап, жолдастарына;-«Қараңдаршы , қараңдаршы, ойыншығым нағыз кеме сияқты»,- деп жүр.
Ойыншық кеме балаларға ұнады. Олар кезек-кезек суға жіберіп ойнады.
Бала есейген сайын оның танымы, тәжірибесі молая бастайды, соған орай тәрбиешінің әңгімесі мазмұны жағынан күрделеніп, көлемі ұлғаяды.
Бес жасқа шыққан балаға төрт түлік малдың төлі, үй хайуанаты жайлы мына сияқты әңгіме құрап айтуға болады.
«Қойдағы ағайым маған ақ лақ әкеп берді. Туғанына екі-ақ күн болған екен. Өзі кішкене, сүп-сүйкімді. Кешкісін аузына күміс қасықпен сүт құйдым. Тыпырлап ішпей, сүт төгіліп қалды. Таңертең де ішкізе алмадым. Ертеңіне ашықтан әлсіреп «мә....ә» деген даусы әрең шықты. Өліп қалады екен деп қорықтым. Содан кейін шишаға сүт құйып , аузына емізіп кигізіп, лақтың аузына салдым. Бірақ резинканың иісіне бе, емізікті ембей, аузынан шығарып тастай берді.
Ақыры қарны әбден ашқан болу керек, еме бастады. Бірте- бірте емізікке әбден үйренді. Сөйтіп лағым мезгілімен маңырап, сүт сұрайтын болды.Ол шишаны мама деп түсінеді, емгенде тұмсығымен түртіп- түртіп жібереді де, -құйыршығын шошаң- шошаң еткізіп. Тойып алған соң, «мәһә-һә» деп дауыстайды да секіріп-секіріп ойнақтай жөнеледі. Үй жағалауына шығып жүреді. Бірақ бір күні секірем деп құлап түсті. Содан бері байқап жүретін болды.
Қорадағы кішкене балалар ойнауға шыққанда, монтиып қарап тұрады. Олар шақырса, бірге қосылып жүгіреді, шыр көбелек айналып ойнайды, артқы аяғын көтереді, құйыршығын шошаңдатады, секіреді, сүзеді. Балалар да , өзі де мәз-мейрам.....
Мен жұмыстан қайтқанда, алдымнан ойнақтап шығады. Артқы екі аяғына тұрып секіреді. Етегімді тістелейді, сүзіп ойнайды.Үйге кірісімен «мәһә-һә» деп дыбыстап сүт сұрайды . Сүтке тойып алады да менімен ойнағысы келеді. Артымнан қаклмайды . Басынан сипасам , беімнен иіскелейді.Басымнан сүзгілеп еркелейді.
Әңгіме айту-творчестволық жұмыс. Тәрбиеші жақсы әңгімеші болу үшін оның бақылап байқағаны, көрген-білгенінен түйгені, білімі мол болу керек, сөйлеу мәдениетін игерген болуы тиіс .
Әңгімені айтуда тек айналадағы болып жатқан өмір жаңалықтарын хабарлап қою жеткіліксіз. Әңгімеші тыңдаушыларына (балдырғандарға) эмоциялық әсер етуі керек. Әңгімедегі іс-әрекетке, оқиғаға өз көзқарасын, көңіл күйіңді білдірумен тынбай тыңдаушыларыңды да бірге еліктіріп, әңгімеге араластырып отыруды көздеу керек.
Әңгімеші хабарлап отырған жайтқа өз көэқарасын дәл тауып, тап басып айтқан сөзімен, сөз саптауымен, интонациясымен білдіреді.
Баланың түсінігіне сай мазмұнды және еліктіретін қызықты әңгіме құрау үшін, жалпы мәдениеттілікпен қатар тәрбиеші-педагогтың ой-өрісі кең, еңбекқор, тапқырлығы да болуы шарт.
Тапқырлықтың өзіне қоятын жоғары талаптың үлгісін ұлы жазушы Л.Н.Толстойдан көруге болады. Балдырғандарға жазған қысқа әңгімелерін ол 8-10 реттен түзетін қайта жазатын болған. Мысалы, Л.Н. Толстойдың «Мысықай» әңгімесінің мына эпизоды соншалықты әсерлі суреттелген.
Олар кенеттен біреулердің: «Қайт! Қайт! – деп қатты айқайлаған даусын естіді. Қарап еді, шауып келе жатқан аңшыны көрді; иттері шоқиып отырған мысықайды көре сала талағалы жүгіріп келеді. Ал миғұла мысықай қашып кетудің орнына мелшиіп отырып алып, арқасын күжірейтіп, иттерге қарап қалыпты.
Катя иттен қорқып, бақырып қаша жөнелді.Ал Вася көре сала мысықайға қарай аяғы жерге тимей жүгіріп, иттерімен қатарласа келіп жетті.
Иттер мысықайды таламақшы еді, бірақ Вася оның үстіне етпетімен жата қалып, иттерден қорғап қалды.
Бұл эпизод шап-шағын, бірақ картинаны суреттеуі қандай нақтылы, айқын, драматизмге толы.
Ұлы жазушы осындағы «миғұла» деген эпитетті мысықайды сөгіп қолданып отырған жоқ, басында балаларға солай көрінуі де ықтимал. Бірақ бұл сөзді ұлы жазушы кіп-кішкентай, қорғансыз бейшара мысықайға жаны ашыған үрейді білдіруі үшін жұмсаған . Әңгімеде Катя мен Васяның істері салыстырылып қарама-қарсы суреттеледі. Бірақ жазушы ешқайсысын мақтамайды да, даттамайды да.Мұнда ол кейіпкерлердің іс-әрекетін тыңдаушылар өздері бағаласын деген емеурін білдіреді.
Л.Н. Толстойдың өзі қысқа әрі нұсқа тағы бір әңгімесі-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет