Директордың оқу ісі Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
жөніндегі орынбасары: меңгерушісі:
__________________ ___________________
МӘНЕРЛЕП ОҚУ КУРСЫ ПӘНІНЕН КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР 3в КДО, 3г КДО 0301002 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Оқытушы: Тасқалиева Г.Н
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында талданып, бекітілді.
Хаттама №1 31.08.2012
Білім беруді ізгілендіру. Сөздік, көрнекілік, оқу ақпаратын ж инақтау
Ақпарат көздері арқылы бастауыш сыныптағы оқудың негізін дұрыс қалау мұғалімнің міндеті екендігін ұғындыру
Мәнерлеп оқудың ең маңызды саласының ерекшеліктерін қалыптастыру
Мәнерлеп оқуға қойылатын талаптардың тиімді жолдарына дағдыландыру
Оқулық Х.Қожахметова «Мәнерлеп оқу»
Топтық жұмыс
«Бесік жырын» жаттау
2.
Мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі көркем сөздің атқаратын ролі
2
Жаңа білімді хабарлау
Проблемалық, ойын, тірек сигналдар арқылы оқыту
Ақпарат көздері арқылы мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі көркем сөздің атқаратын ролін меңгеру
Көркем шығармалар мен жұмыстануға дағдылану
Ұсынылған ақпараттан қажетті жаттығуларды пайдалануға дағдылану
«Үш дос» мәтіні
Оқулық. 10 беттегі өлеңді талдау
«Телефон» өлеңін мәнерлеп жаттау
3.
Машықтық сабақ
2
Машықтану
Саралау, талдау, жүйелеу
Жаттығулар бойынша дайындық
Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын» өлеңімен жұмыстану
Өлеңнің өзіндік ерекшеліктерін білу дағдысын қалыптастыру
Жинақтар
Өлеңді саралау
Материал жинау
4.
Элизия, редукция, протеза.
2
Аралас сабақ
Модульдық тех сөздік, оқу ақпаратын талдау
Ақпарат көздері арқылы дауысты дұрыс қоя білудің, сақтай білудің маңыздылығын меңгерту
Дауыстың сапаларының ерекшеліктерін қалыптастыру
Дауысты дамытуға арналған жаттығулар арқылы қабілеттерін шыңдау
Компьютер
Оқулық 29 беттегі жаттығу жұмыстары
«Мың жасаған құзғын» мәтінін талдау
5.
Дауыс күші.
Білім мен іскерлікті дағдыны қалыптастыру
Дамыта оқыту. Практикалық, ішінара ізденіс
Ақпарат көздері арқылы тілдегі дыбыстардың жасалуын, меңгерту
Жаңылтпаш, ойындардағы дыбыстарды орынды айтуға дағдыландыру
Әрбір жеке дыбыстарды айтып, фонетикалық материалдарды қайталап отыруға дағдыландыру
Оқулық, шығармалар
Оқулық 32 беттегі жаттығу жұмыстары
«Санамақ» жаттау
6.
Машықтық сабақ
2
Машықтану
Саралау, талдау, жүйелеу
Жаттығулар бойынша дайындық
Мәтіндермен жұмыстану
Мәтіндердің өзіндік ерекшеліктері
Өткенді қайталау
7.
Сөйлеу әуені(мелодикасы)
2
Білім мен іскерлікті жетілдіру сабағы
Білім беруді ізгілендіру. Сөздік, көрнекілік
Ақпарат көздері арқылы алдын-ала даярлық жұмыстарын жүргізу, іріктеу, талдау
Іріктелген шығарманы мағыналық мазмұны жағынан талдай отырып, жан-жақты тәрбиелік мәніне зер салу
Әр шығарманы өз табиғатына сай талдау
Оқулық
Оқулық. 116-123 беттердегі шығармаларды талдау
Мысал өлең жаттау
8.
Тембр (сөйлеу нақышы)
2
Машықтану
Саралау, талдау, жүйелеу
Шығарманы әсерлі етіп айтып беруге жаттықтыру
Мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлерінің ерекшеліктерін қалыптастыру
Қызығушылықтарын арттырып, ой-өрістерін дамыту
Көрме
Мәтіндермен жұмыс
Альбом жасау
9.
Балаларға шығарма оқу ерекшелігі.
2
Білім мен іскерлікті дағдыны қалыптастыру
Тірек сигналдар арқылы оқыту сөздік, ішінара іздену
Ақпарат көздері арқылы дұрыс әдеби тілде сөйлеу туралы ұғым беру
Әдеби сөйлеудің ең басты ережелерін, олардың себеп-салдар ерекшеліктерін дағдыландыру
Орфоэпиялық диктант, мәтінді оқу, жаттығу жұмыстарын ажырата білуге дағдыландыру
Оқулық, топшамалар
Оқулық. 40 беттегі жаттығу жұмыстары
«Үш дос» мәтінін оқу
10.
Сынақтық сабақ
2
Пысықтау сабағы, жинақтау сабағы
Бақылау, бағалау
Ақпарат көздерінен қажетті материалдарды таңдап алуға үйрету
Өткен материалдардағыны пысықтап, олардың ерекшеліктерін еске түсіру
Өткен материалдар арқылы оқушылардың білім деңгейлігін қалыптастыру
Өткенді қайталау
1 Дәріс Кіріспе «Мәнерлеп оқу» курсы мектепке дейінгі бала тәрбиесімен шұғылданатын маман даярлайтын педгогикалық оқу орындарында өтіледі. Бұл – меткпке дейінгі мәселесімен шұғылданатындардың мамандық алатын пәндерінің біріне жатады.
Мәнерлеп оқу – тәрбиші педагог даярлайтын педагогикалық оқу орындарында «Балалар бақшасындағы бөбектердің тілін дамыту және сауатын ашу методикасы» курсының бір бөлігі ретінде жүргізіледі.
Мектепке дейінгі балалар тәрбиесімен шұғылданатын болашақ мамандардың институт пен училище қабырғасында алған білімдері мен дағдыларының ішінен ана тілі ерекше орын алады. Мәнерлеп сөйлей білуді игеру - оларға қойылатын ең жоғары талап. өйткені сөз – тәрбиеші педагогтың еңбек құралы.
Баланың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ойын дамыту, мінез-құлқын, еркін тәрбиелеудің бәрі тәрбиеші-педагогтың сөз арқылы іске асады. өзімізді қоршаған ортаған өмір тіршілігімен бөбектерді таныстырып, білім беруде баланың нені қай дәрежеде ұққанын, нені есіне сақтағанын байқау, жалпы көрнекі құралмен: ойыншықпен, түрлі затпен, оқу құралымен суретпен көрсетіп бала үйретуде тәрбиеші-педагогтың әбден төселген, сөйлеу дағдысы, сөйлеу мәнерінің қалыптасқан үлгісі болады. Сөйлеу мәнерінің қалыптасқан үлгісі – тілдік тәсілдер мен сөз шеберлігін дәл орынымен қолдану деген сөз.
Мектеп жасына дейінгі бала тілді үлкендерден үйренеді. Балдырғандардың сөздік қоры, сөйлеу мәнері сөз сарыны соларға еліктеу арқылы қалыптасады. Сондықтан тәрбиеші-педагогтың лекциконы бай, тілі орамды, стилі жатық, дыбыстау мәдениеті өрісті де өрелі болғаны абзал.
Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп беру курсы студенттер мен оқушылардың ана тілі, әдебиеттен алған білім деңгейіне байланысты болады. Олардың алған білімдері неғұрлым түбегейлі болса, тәрбиеш-педагогтар сөз өнерінің өресіне тез көтерілмек.
Мәнерлеп оқуға дағдыландыру, жетілдіру мақсатында студенттер мен оқушыларға тапсырмалар, жаттығуларды өз беттерінше орындауға молырақ беру керек. Сонда олар тілдің сиқырлы сырын сезініп өздерінің сөйлеген сөздерін бақылап-байқайтын болады.
Берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындау нәтижесінде қалыптасқан мәнерлі сөйлеу де, ойда қалған қажетті материалдар да мектепке дейінгі балалар мекемелерінде педагогикалық процестердің ойдағыдай өтуіне , қолайлы жағдай туғызбақ. Мәнерлеп оқу пәнінің өзіне тән оқыту тәсілдері бар. Ол мәнерлеп оқудың өзіндік табиғатына байланысты заңдылықтарына бағынады.
Бұл еңбектің мақсаты – болашақ мамандарға көркем сөз оқу өнерінен кейбір теориялық мәлімет бере отырып, мәнерлеп оқу мен нақышына келтіре әңгімелеудің әдісі мен тәсіліне төселдіру, жаттығу материалдары арқылы сөйлеу техникасын - дұрыс дем алу, дикция, т.б. жауыс сапасын дамыту жолын көрсету. «Сөйлеу техникасы» тарауында, сөйлеу техникасы туралы, ұғым, сөйлеу аппараты, дыбыстау мүшелері, сөздің айтылуы, дауыстап оқу жайында ережелер беріліп, олар жаттығулармен бекітіліп отырда.ы
Орфоэпия бөлімінде әдеби тілде дұрыс сөйлеу нормасы, дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы, үндестік заңы, ассимиляцияны дұрыс дыбыстауға қажет ережелер берілді, жаттығу үшін әдеби материалдар келтірілді. Бұл бөлім дұрыс дыбыстау мәдениетін қалыптастыруға арналады.
Көркем сөз өнері тақырыбында қазақ халқының көркем сөзді мәнерлеп, өлеңді мақамдап оқуы, жаттауы, жатқа айьуы, оның қоғамда алатын орны, қазақ халқының тәрбие дәстүріндегі орны жайында сөз етілді.
Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің негізгі тәсілдері тарауында негізгі дауыс тоны, интонация және оның компоненттері: пауза, өлең сөз кідірісі, немесе ритмикалық пауза, өлең оқудың ерекшелігі, сөйлеу қарқыны, дауыс күші, сөйлеу әуені, тембр жайлы теориялық түсініктер, жаттығулар, тапсырмалар беріліп, оны меңгеру жолдары баяндалды. Оқыту - білім берудің негізгі жолы болып табылады. оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі – сыныптан тыс оқыту.
Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.
Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем – дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты – оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі.
Сыныптан тыс оқыту нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың жас ұрпаққа берері көп.