Мәнерлеп оқу курсы пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар 3в кдо, 3г кдо 0301002 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»



бет21/33
Дата28.03.2023
өлшемі283,24 Kb.
#76707
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Дауыстап оқуға текст даярлау. Оны балаларға мәнерлеп оқу.
Текстпен танысу және оны талдау:
Бала бақшада оқылатын шығармалардың басым көпшілігі –көркем туындылар мен халық поэзиясы. Ақын,жазушылар шығармаларында адам жайлы, олардың іс-әрекеті, тіршілігі, ой-сезімі басынан кешкендері күйініш, сүйеніштері көз алдарынан өткен оқиға,сол оқиғаға олардың қатысы, айналасындағыларға қарым-қатынасы туралы әңгімелейді.
Автор шығармасында өмір құбылысын суреттей отырып, оған деген өз көз қарасын, өз бағасын да білдіру арқылы кейбір кейіпкерді қостатып жақтатып кейбірін айыптатып отырады.
Көркем шығармадағы суреттелген нақты өтіп жатқан сиақты беріледі,ал кейіпкерлері өмірде бар кісі сиақты болып көрінеді. Оқырман кейіпкердін күйеніш, сүйенішін бірге бөліседі. Оның тағдыры немен аяқталар екен деп елендейді. Әдебиет терориясында бұл суреттеу тәсілін образды даралау, нақтылау деп атайды. Көркем шығармада обрыздар жинақталып беріледі.Жазушы өмірді жан-жақты бақылап зерттейді оның заңдылықтарын таниды.сонын негізінде белгілі бір дүние таным қортындысын жасайды.Өтіп жатқан оқиға құбылыстарға өз көз қарасын ,бағасын білдіреді.мұндай жинақтап түйіндеу (идея) мен обрыздар бір-бірімен тығыз байланыста келеді.Бір-бірімен астасып жатады.Көркем шығарманы оқығанда не тыңдағанда адам айрықша эмоциялық сезім жетегінде истетикалық әсерде болады.Өнердін мақсаты –өмір шындығын истетикалық тұрғыдан ой елегінен жеткізу шығарманың образын сәбилерге дұрыс нанымды етіп жеткізу үшін,туындынын идеясын дұрыс түсінуіне мақсатында тәрбиеші педагок шығарманы мәнерлеп оқып бері керек немесе нақышына келтіріп әнгімелеп беруі тиіс.Тәрбиеші шығарманың обрызды құрлымын аша білу қажет. Ол тіл арқылы беріледі. Шығарманың тілі арқылы жазудың идеясы, астарлы ой-пікір аңғарылады. Көркем сөз орындаушынын автордың ішкі пікірін сезініп оқуы тыңдаушыларының көз алдына образдарды елестетеді.
Нақышы сөйлеудің тәсілі-сөзді дұрыс үнмен айту.Тексті мәнерлеп оқуға дайындау үшін оның мазмұнына үңіле қарап,тақырыбын белгілеп, кейіпкерлерді саралап алу керек; оқиғаны өрбіткен себептерді әбден түсініп, ондағы күрделі қарым-қатынасты жан-жақты бағдарлаған жөн.
Шығарманың образын терең талдау идеясын анықтау арқылы автордың астарлы ойын анықтауға болады. Астарлы ой туындының мәнін ашады. Шығарманың мазмұны ұғынылса дауыс сазы да соған орай шықпақ эмоциялық әсері де соған байланысты болмақ.
Мысалдар:

1.ЖАЙЛАУДА

Көбелек,көбелек,көбелек Ай маңдай бар менің торпағым


Сендермен көп ойнап не керек: Қасқыр жеп қояр деп қорқамын
Одан да қозымды бағамын Жібек жал,жел өкпе құлыным
Көкорай шөбіне сағаның Сүйсінер тарасам тұлымын
Соңымен қалмайды ақ лақ Бәрімен доспын мен жайлауда
Ақ лақ –ойыншыл сақ лақ. Өйткені,шопанның ұлымын.

(Ғ.Жұмабаев)


Келтірілген тексте астарлы ой жок ,бәрі дерлік анық,ашық әр зат өз атымен аталған.Адамның ,жан-жануарлардыңтіршілік ордасы: табиғат,жәндік,төрт түлік төлдері,оған деген адамның қамқорлығы.
2.ОН САУСАҚ
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамда
Жүгіртеді қаламда
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ ,жол салсақ..
Автор он саусақтың бірлігімен көп жұмыс бітетінін күнделікті өмір тәжірибесіндегі іс-ірекет арқылы бөбектердін көз алдына нақтылықпен көрсете отырып ,егер жалғыз саусақ болса еш нарсе бітпейтіні айтылған.Автордың мақсатты ойы балғындарды тәрбиелейді.
3.ҚОЗЫЛАР МЕН ҚАСҚЫР
Орман маңынада бір топ қой жайылып жүрді,екі қозы олардан оқшау бөлініп кетті.
Кәрі қой оларға:-Құтырмандар, «жау жоқ деме жар астында ,бөрі жоқ деме бөрік астында» -дейді.
Ал қасқыр бұл кезде бұта жанында тұрған.

  • Қошақандар,ол өтірік айтады.Кәрі қой озі жүре алмаған соң, қызғанып,сендерді қыдырмасын деп тұр. Даланы шарлап жүгіріндер, ойнаңдар оңаша, - дейді.

Қозылар соның айтқанын істейді.Қойлардан бөлініп айдалада қалады,ал қасқыр оларды ұстап жеп қояды.
(Л.Н.Толстой)
Текстің астарлы ойын соңғы сөйлемнің немен біткенінен қорытып шығуға болады.Үлкенін тілін алмаған,тыңдамаған тәжірибесіз жас қозылар зұлым қасқырдың арбауына түседі.Автордың көздеген мақсаты – бала ата-анасының ақылынан шықпау керектігін мысал қиып көрсеткен.

4.МАЙМЫЛ МЕН БҰРШАҚ


Маймыл екі уыс бұршақ әкеле жатыр еді.Біреу түсіп кетті.Жерге түскен бұршақты алам дегенде ,жиырмасы түсіп кетті.Оларды жинаймын деп ұмтылғынада түгелімен шашылып қалды.Ашу қысқан маймыл барлығын сыпыра тастады да қаша жөнелді.

(Л.Н.Толстой)


Мұнда болған істің сырт көрінісі ғана көрсетіледі.Текстін мәні ойда сақталады.

ӘР ТҮРЛІ ЖАНРЛЫ ШЫҒАРМАНЫ ОҚУ ЕРЕКШЕЛІГІ


Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде пайдаланылатын шығарма түрлері: әңгіме,жұмбақ,мақал-мәтел,санамақ жіне басқалары.
Балдырғандар көркем шығарама оқығасын шынайы өз мағынасында түсінеді.Психологтардың пайымдауы бойынша балалар көмкем шығармадағы іс-әрекетті тура мағынасында қабылдайтың көрінеді.
Шығармадағы кейіпкерлердің ғажап іс-ірекеттері балдарға қатты әсер етеді.Балалар айтылған сөзді терең түсінеді.Оларды оқытуға ертегі,әңгіме белгілі орын алады.Баланың айтқан сөзді тез ұғынуда осыдан.Сөйлеу кезінде грамматикалық құрылымды ұғынды,байланыстырып сөйлеуді дамыту ,ойша сөз құрауды қалыптастыру кез келген шығарма түрлерін түсінуге негіз болады.
5-6 жастағы бала жеңіл өлеңді кейбір образдытіркестерді айыра алады,мағынасын түсіндіре біледі,сөйлеу сазының кейбір түрін сезіне алады.Арнайы зерттеулер бойынша жасалған қортындыларға қарағанда 5-6 жастағы балалар сөйлеу сазын тек ұғынып қана қоймай оны өзінің сөзімен белгілі ишара мен қайталайтыны да мәлім көрінеді.
ХАЛЫҚ ПОЭЗИЯСЫН ОҚУ

Халқымыз сәбидің өсуінің әр кезеңін халық жыр-өлеңмен қоштап әлпештеп өткізуге қам жасаған.Халық жыры-баланың құлағына ең алғаш естілетін көркем шығарма сөздері.Мазмұны жағынан халық жыры әр түрлі.Көбі бөбек туралы оларға деген ата-ананың махаббаты,игі тілегі,қамқорлығы жайлы.Кішкентай бөбегі бар үйде «Бесік жыр» бүгін де ежелден де айтылып келеді. Қоңыржай әуенмен айтылатын бұл жыр нәрестені уатуға арналады:


Әлди-әлди ақ бөпем


Ақ бесікке жат бөпем
Көптеген халық жырларында бөбектерге таныс төрт түлік төлдері, құстар, жәндіктер жайлы айтылады.

1.Қарға –қарға қарғалар


Қар үстінде жорғалар

2.Бақа –бақа балпақ


Басын неге жалпақ
Көзін неге тостақ
Бұтың неге талтақ
Темір телпек көп киіп
Басым созан жалпақ
Қырдан қарауыл көп қарап
Көзім содан тостақ
Көл түбінде көп жатып
Бұтым содан талтақ
Халық жырларының мазмұны көбінесе көңілді,сергек боп келеді.Тәрбиеші халық жырын топта да ,баланы жеке ойнатқанда да пайдалану қажет.Тәрбиеші күлдіргі тақпақтарды айтқанда,баланы ойната отырып имоциямен де қимылмен де жеткізе білу қажет.
Сәбилер тобында «саусақтай балақан» таппағын үйлесімді ырғақпен мәз болып алақандарын соғады.Балаларға арналған халық жырларының көлемі шағын сондықтан тәрбиеші оны мән-мәнерәне келтіріп жатқа айтуға тиіс.Оны бөбектер де сол естігенін сазымен естеріне сақтап айтып жүретін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет