Мәнерлеп оқу курсы пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар 3в кдо, 3г кдо 0301002 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»



бет27/33
Дата28.03.2023
өлшемі283,24 Kb.
#76707
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
1.Екі бунақты тармақ
Көктем
Бұйра талдар бүр салып,
Айналаға айтады ән.
Жұпар көктем бусанып,
Қанат жайды қайтадан. (А.Фет.)
2.Үш бунақты тармақ.
Жасыл жайлау, түкті кілем көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды,
Қазағымның алақаны деп білем. (Қ.Мырзалиев.)
3.Төрт бунақты тармақтар.
Орман іші көз тұнады жарыса өскен ағаштан,
Бірі қисық, бірі түзу бәрі көкке таласқан. (Т.Айбергенов.)
4.Аралас бунақты тармақтар.
Біз Отанның ұланы,
Бейбітшілік сақтаған.
Тап қорғаны қырағы,
Қамал бұзған қайтпаған,
Нұрланып,
Сырланып,
Атты өмір зор таңы,
Бір, екі, үш,
Аттай түс,
Комсомолдар ұрпағы. (Пионерлер өлеңдерінен.)
Бұл шумақта бунақ сандарының бәрі бірдей емес, араласып келгенін байқаймыз. Ырғағына қарай бунақ кідірісін сақтай отырып оқимыз.
Тармақ бунақ-бунаққа бөлініп, ырғақтық құрылысы жағынан үзік-үзік келсе де, айтылғанда бунақтардың жігі бөлінбей, жымдасып кетеді, тек тармақтың ырғағы барынша ширап, өз өрнегіне орай нақ-нақ түсіп, анық сезіліп отырады. Бұл айтылғанды өлеңді дауыстап оқығанда ескеріп, іске асырып отыруымыз керек.
Тармақ яғни өлең жолы (біз кейде өлеңнің әр қатарын үзіп-үзіп шашыратып жіберетін қысқа жолдарын емес, белгілі мөлшері бар, толық жолды – тармақты айтып отырмыз.)
Өлең сөзді оқып, айтып қарағанда, тармақтың өлшеулі шегі бар екені ерекше көзге түседі. Әрбір тармақ көбінесе тиянақты ойды не оның бір түйін тарауын білдіреді. Дауыс толқыны, сөйлем құрылысы жағынан да бөлекше болып келеді. Сондықтан да тармақ соңынан кідіріс (пауза) жасалады. Мысалы:
Күз де болды,
Гүлдер солды.
Қайран бұтақ,
Қалды жұтап. (А.Плещеев.)
Тармақ интонациясы жағынан да оқшауланып келеді. Бұған алдымен тармақтың көлемінде белгілі мөлшер, өлшемнің барлығы, тармақтардың қайталанып отыруынан келіп туатын ырғақтың интонацияға, дауыс қозғалысына, оның күшейіп, баяулап отыруына тікелей әсер ететіні, сондықтан белгілі тұста сөйлем бітпесе де, тармақ аяқталғандықтан, дауыс толқыны соған орай өзгеретіні себеп.
«Тармақ пен тармақтың шекарасы әлдеқайда айқын білінеді. Бірақ мұнда да сөздердің арасы аз не көп ажырауы олардың мағыналық тұтастықтың алшақтығына, соған сәйкес дауыс толқынының өзгеріп, құбылуына байланысты болып келеді. Бунақ өрнегі осы дауыс толқынының белгілі ретпен өзгеруіне әсерін тигізеді».
Келтірілген өлеңнің әр тармағынан кейін қойылған пауза мерзім ұзақтығына байланысты белгіленген мәнін жоғарыда көрсеткенбіз.
Шумақ деп өлең сөйлемдеріндегі синтаксистік бір ойдың бітуін атайды. Қазақтың бір ауыз өлең дейтіні бір шумақ болады. Шумақта тармақ екеуден кем болмайды. Өлең тармағы түрлі-түрлі. Екі тармақты, төрт тармақты, алты тармақты, жеті тармақты, сегіз тармақты, он тармақты шумақ болады.
Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет