Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»


Қазандық Дескрипторлар: Қазандық



бет38/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92
Қазандық







Дескрипторлар:
Қазандық


  • Ойын барысындағы топпен ынтымақтасуға қажетті іс-әрекеттерді пайдалана алады.

  • жарыс кезінде әділ ойнайды.



Бағалау:
Оқушылар дескрипторлар бойынша бір –бірін бағалайды.
Сұрақ: Аталған ойын қандай физикалық қабілеттерді арттырады?

  • Команданың жақсы бірлесіп жұмыс жасауына сіз қалай көмектесе аласыз?

  • Ойында адал ойнадыныз ба?



«Теңге (ілу) алу» ойыны.
Оқушылар «Теңге алу» ойынымен сілтеме арқылы танысады.
Мұғалім қыскаша ойын туралы мәлімет береді:
Ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Теңге ілу де ат спортына жататын ойынның бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Ол ертеде үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған. Қазір тақыр жердің ойықтау тұсына ақ шүберекке түйілген зат тасталады. Ойыншылар қос тартпалы мықты ерттелген атқа мініп 30-40 метрдей жерден шауып бара жатып, ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп алып кетулері керек.
«Теңгені» алу кезінде бір аяқты міндетті түрде қолмен ұстап тұру қажет, конусқа дейн жеткенше секіріп бару керек.







Тапсырма № 2 (К, Т, ҚБ) Бұл ойында оқушылар екі (үш) топқа бөлініп, жарысып ойнайды.
Ойын ережесі: Сол (оң) аяқты артқа бүгіп қолмен ұстап оң (сол) аяқпен секіріп жерде жатқан екі «теңгені» секіріп барып алу керек, ол үшін ептілікті, икемділікті талап етеді. Теңгені іліп алған ойыншы алдында тұрған конусты айналып өтіп, қайтып жүгіріп келіп топтың соңына барып тұрады.


Дескрипторлар:

  • Ойын барысында икемділік, жылдамдылық қабілеттерін дамытады;

  • патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетуді талқылайды.



Бағалау:
Оқушылар өзін-өзі бағалайды


Сұрақ: Аталған ойын қандай қозғалмалы қабілеттерді дамытады?

  • Қалай ойлайсыз, осы ойындар несімен қызықты?

  • Ұлттық ойындар патриоттық сезімді дамыта ма?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет