Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет1/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
rekomend-fizkultura-5-9-klassy-obnovlenka


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Министерство образования и науки Республики Казахстан


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Национальная академия образования имени И. Алтынсарина



Білім мазмұнын жаңарту аясында (5-9-сыныптарда)


«Дене шынықтыру» пәнін оқыту бойынша
әдістемелік ұсынымдар


Методические рекомендации
по изучению предмета «Физическая культура»
(5-9 классы) в рамках обновления содержания образования

Астана
2018


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2018 жылғы 24 сәуірдің №5 хаттамасы)


Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии образования им. И. Алтынсарина (протокол №5 от 24 апреля 2018 года)


Авторы: С.Куптилеуова, М.Т.Бодеев, Е.Э.Тлеулов, Е.Копкина, Л.Девяткина.

«Білім мазмұнын жаңарту аясында (5-9-сыныптарда) «Дене шынықтыру» пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018. – 89 б.


Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура» (5-9 классы) в рамках обновления содержания образования. – Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 2018. – 89 с.


Осы әдістемелік ұсынымдар жалпы білім беру мазмұнын жаңарту аясында негізгі орта білім беру деңгейіндегі «Дене шынықтыру» (5-9 сыныптар) пәні бойынша оқу бағдарламалары негізінде әзірленді. Құралда 5-9 сыныптарға арналған «Дене шынықтыру» пәні оқу бағдарламаларының ерекшеліктері баяндалған, оқытуды ұйымдастырудың түрлері мен әдістері келтірілген. Сонымен қатар, құралда жаңартылған білім мазмұны жағдайында бағалау критерийлері, жиынтық және қалыптастырушы бағалау туралы баяндалып, пән мұғалімдері дайындаған қысқа мерзімді жоспарлардың үлгілері берілген.
Әдістемелік ұсыныстар жалпы білім беретін дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне, біліктілікті арттыру институттарының әдіскерлеріне арналған.

Данные методические рекомендации разработаны на основе учебных программ по предмету «Физическая культура» (5-9 классы) в рамках обновления содержания образования. В пособии раскрыты особенности учебных программ по предмету «Физическая культура» для 5-9 классов, приведены формы и методы организации процесса обучения. Описаны критерии формативного и суммативного оценивания, даны образцы краткосрочных планов, подготовленных учителями-предметниками.


Пособие адресовано учителям физической культуры общеобразовательных школ, методистам институтов повышения квалификации.
© Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2018.
© Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2018.

Кіріспе

Қоғамдық дамудың жаңа міндеттерінің пайда болуы спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін басым бағыттар спектрін айқындайды, мұндай бағыттардың ең маңыздылары – жетекші әлемдік тәжірибеге сүйену, саланы басқару мен дамытуға ғылыми тәсілдер мен қағидаттарды, инновацияларды кеңінен енгізу болып табылады 1.


«100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт жоспарында Мемлекет басшысы қойған Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуын қамтамасыз ету жөніндегі міндетті ескере отырып, спорт пен салауатты өмір салтын таңдайтын саламатты ұлтты қалыптастыру жөніндегі ортақ мақсатқа негізделген спорт саласын дамытудың жаңа моделін жасау қажет 2.
Осы міндеттердің негізінде «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дене шынықтыру» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы әзірленді және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілді 3. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дене шынықтыру» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының ерекшелігі ағзаның бүкіл жүйелерін дамыту, барлық дене сапаларын жетілдіру болып табылады.
Дене шынықтыру пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ол білім алушының дене дамуына, әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептің білім беру жүйесінде дене шынықтыру білім алушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Дене тәрбиесі адамға еңбек операцияларын орындауға көмектеседі, себебі адамды барынша нақты және нысаналы түрде алға жылжуға, алға қойылған мақсатқа сай күш жұмсауға үйретеді. Адам денсаулығын нығайту, оның ақыл-ой еңбегінің қарқынын арттыруға ықпал етеді.
Дене шынықтыру адамды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйретуге бағытталуы тиіс. Оқушылардың бойында спортқа, дене шынықтыру жаттығуларына, күнделікті гимнастикаға сүйіспеншілік тудырып, алдағы уақытта денені шынықтыру өмір бойы қажет екенін дәлелдеу мұғалімдердің міндеті болып табылады.
Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту аясында (5-9 сыныптарда) «Дене шынықтыру» пәнін оқытудың әдістемелік ұсынымдама әзірлеу, «Дене шынықтыру» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарларды жобалау және қолдану (1-сур.).
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер көрсетілген:
- білім мазмұнын жаңарту аясында «Дене шынықтыру» пәні оқу бағдарламасының ерекшеліктерін анықтау;
- «Дене шынықтыру» пәнін оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістерін қарастыру;
- білім мазмұнын жаңарту аясында «Дене шынықтыру» пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
- «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға қойылатын талаптар (есептелінді/есептелінген жоқ) әзірлеу.
Қазақстанда орын алған өзгерістер заманауи ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде білім берудің жаңа моделін жобалау мен енгізу процесін анықтады.



1-сурет. Білім мазмұнын жаңарту аясында (5-9-сыныптарда) «Дене шынықтыру» пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет