90
сабағын өте жақсы көреді. Көбейту және бөлуді жақсы меңгерген. Амалдарды орындау
кезінде бағандап есептеуден үздік. Басқа да математика тапсырмаларын жақсы
орындайды. 1-2 шумақты өлеңдерді айта алады. Бірақ кейде сөздер қате айтылады.
Қолөнер, сурет салу жұмыстарына бейімді. Өзіне, оқу құралдарына өте ұқыпты. Сынып
оқушыларына сыйлы. Әлсіз тұстары: Сыныппен бірге диктант жаза алмайды. Естігенін
қағазға түсіру үшін мұғалімнің ауыз қымылын бақылайды. Шала естігендіктен көп қате
жібереді. Ауызша сабақтардан түсінік айтуда қиналады. Математикадан мәселе
есептердің шартын құру кезінде мұғалімнің көмегіне жүгінеді.
4. Б. ерекшелік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тапсырмалар құрылымын
жеңілдетіп, баланың мүмкіндігіне қарай жасаймын. Қосымша жұмыстар жүргіземін.
5. Сынып үшін БЖБ және ТБЖ тапсырмаларын әзірлеу кезінде жеке
дайындаймын. Тапсырмаларды орындау барысында меңзер сызықтарымен сәйкестендіру,
қоршау, түртіп алу, реттік сандарын көрсету және қысқа жазу түрлерін қолданады.
6. 23 жылдан асқан еңбек өтілім болғанымен бірінші рет инклюзивті баламен
жұмыс жасау барысындамын. Сондықтан Б. ата-анасыман тығыз байланыста болып,
проблемалық тұстарды бірге шешудеміз. Ата-ана тарапынан баланың даму мен
қалыптасуына жағдай жоғары дәрежеде жасалуда.
7. Б. 4 тоқсанға алынатын БЖБ үлгілері
3 СЫНЫП ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ
БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу
әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылы
Оқу мақсаты
3.2.5.1 Берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі
дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта)
алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің
мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу,
мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
3.2.2.1 Тура және ауыспалы мағыналы сөздердің
мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану
3.4.2.4 Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
Достарыңызбен бөлісу: