Методические рекомендации по внедрению эффективных методик и технологий в процесс обучения детей с особыми образовательными потребностями



Pdf көрінісі
бет35/150
Дата07.01.2022
өлшемі4,45 Mb.
#17120
түріМетодические рекомендации
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   150
Қорытынды 

 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесін  дамытуда  инклюзия 

ерекше  қажеттіліктері  бар  адамдарға  қоғамның  ұстанымын  өзгертетін, 

олардың өз құрдастары арасында сапалы білім алу мүмкіндіктерін кеңейтетін 

және  өзара  байыту  ресурсы  және  оған  құрметпен  қарау  ретінде  сан 

алуандықты қабылдауға сүйенетін заңды кезең болып табылады. 

Инклюзивті  білім  берудің  ерекшелігі  –  әрбір  адам  өзінің  қабілеттері, 

қажеттіліктері  мен  мүдделері  бар  қайталанбас  және  бірегей  тұлға  болып 

табылуында.  Ол  осы  ерекшеліктерді  ескеретін  білім  берудің  әртүрлі 

формаларын,  әдістерін,  технологияларын  пайдалану  барысында  оқыту  және 

икемділік процесінде жеке тәсілді талап етеді. 

Дамып  келе  жатқан  инклюзивті  білім  беру  практикасы  барлық  білім 

алушылардың білім беру қажеттіліктеріне сәйкес келетін икемді бейімделген 

білім  беру  ортасын  құруға  бағытталған.  Бұл  ретте,  жалпы  білім  беру 

процесіне  ЕБҚ  бар  балаларды  енгізудің  көптеген  мәселелері  мектептегі 

жұмысты жоспарлауды қайта қарастырумен байланысты. 

Осыған  байланысты  педагогтарда  оқытудың  мазмұны  мен  әдістерін 

жаңартуға,  балалардың  жеке  білім  алу  қажеттіліктерін  іске  асыруға 

байланысты өзінің кәсіби ізденісін бағыттау қажеттілігі туындайды. 

Инклюзивті 

білім 

берудің 


мәні 

балалардың 

барлық 

түрлі 


қажеттіліктерін:  тілдік,  әлеуметтік,  медициналық,  саяси  және  уақытша 

өмірлік  қиындықтарын  қамту  болып  табылады.  Алайда  қазіргі  уақытта 

жалпы  білім  беретін  мектептердің  педагогтары  үшін  ЕБҚ  бар  бала  оқитын 

сыныпта білім беру процесін ұйымдастыру қиынға соғуда. 

Әдістемелік  ұсынымдар  мұғалімге  инклюзивті  ортада  оқыту  процесін 

бейімдеуге,  білім  алушылардың  біліктері  мен  дағдыларын  дамытуға,  оларға 

өз  бетінше  жұмыс  істеу  тәсілдерін  үйретуге,  жалпы  білім  беру  процесінің 

өнімділігі мен тиімділігін арттыруға көмек көрсетуі тиіс. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет