Методикасы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата31.12.2021
өлшемі0,52 Mb.
#21642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
 

Сөздердің тіркесуі  



 

Қазақ тіліндегі бір қатар зат есімдер екі сөздің тіркесі түрінде ұшырайды. 

Тұтас  алғанда  мұндай  зат  есімдер  жеке  сөздер  тәрізді  белгілі  бір  ғана 

мағыналық  көрсеткіші  ретінде  айтылады.    Оларға  мынадай  тіркестер  жатады: 

көк құтаң, алты бақан, аяқ киім, тау теке, ат тікен т.б. 

Барлық зат есімдерді жалқы есім мен жалпы есім деп аталатын негізгі екі 

топқа бөліп көрсетуге болады. Жалқы есімдер  деп жеке адамдарға, дүниедегі 

жеке – жеке заттар мен құбылыстарға атауыш болып келетін сөздерді айтады 

да, жалпы есімдер деп бір – біріне ұқсас нәрселер мен құбылыстардың, жан – 

жануарлардың  жалпылама  атауыш  реңі  де  жұмсалатын  сөздерді  айтамыз. 

Жалқы есім болатын сөздердің қазақ тілінде мынадай топтары бар: 

1. 


Адамның  кәдімгі  аты  –  жөні  мен  лақаб  аты:  Абай,  Мұхтар,  Әлия, 

Мәншүк, Балуан Шолақ (шын аты – Нұрмағамбет).  

2. Жер-су аттары мен әкімшілік териториялық атаулар, кәсіпорындар мен 

мекемелердің,  қоғам  ұйымдарының  аттары:  Ұлытау,  Маңғыстау,  Торғай, 

Сарыарқа, Сыр, «Қайрат» (футбол командасының аты) Сырдария т.б. 

3. 


Әдебиет  пен  өнер  ғылым  шығармаларының  аты:  «Абай  жолы»,  «Ер 

Тарғын», «Елім-ай» т.б. 

4. 

Астрономиялық атаулар: Шолпан, Ай Күн, Ақбозат т.б. 



5. 

Ел  өміріндегі  елеулі  тарихи  оқиғалардың  аттары:  Ұлы  Отан  соғысы, 

Ақтабан шұбырынды (1923 жылғы оқиға) т.б. 

6. 


Жүйрік  атқа,  ауға  салатын  құсқа,  итке  қойылатын  аттар:  Құлагер, 

Тайбұрыл, Байбөрі, Бөрібасар, Ақтас т.б. 

Ал жалпы есім болатын зат сөздердің тіпті жалпы есім болатын сөздердің 

типімен салыстырғанда әлдеқайда мол. Өйткені кез келген жалпылық ұғымды 

білдіретін  заттық  атау  жалпы  есім  болып  есептеледі:  бала,  шөп,  қора,  торғай, 

ыдыс, кітап, маман т.б. [9]. 

Жалпы  есімдердің  көпшілігінің-ақ  екі  бірдей  түрде  жұмсала  беретіндігін 

көреміз.  Мысалы:  үй  –  үйлер,  дос  –  достар,  мұғалім  –  мұғалімдер.  Бұл 

айтылғандар  жалқы  есім  атаулыға  әсте  көптік  жалғауы  жалғанбайды  деген 

түсінік  тумайды,  жалқы  есімге  де  көптік  жалғауының  аракідік  жалғанатын 

кездері  бар,  біз  мұндайда  жалқы  есімдер  жалқылық  мәнді  емес,  көбіне, 

жалпылық  (әрі  көптік)  мәнді  аңғартады.  Мысалы,  Айша  (жеңше)  Алматыдан 




 

16 


Айшалар  келе  жатыр.  Мұндағы  –лар  қосымшасы  көптік  мағына  үстеудің 

сыртында  жалқы  есім  категориясына  жалпы  есім  категориясына  ауыстырушы 

қызмет атқарып тұр. 

Қазақ  тіліндегі  зат  есімдерді  өзге  тілдердің  зат  есім  жүйесіне 

ерекшеленетін белгілердің бірі, осы жақтылық пен жақсыздық категориясы. Зат 

есімдерді бұлайша екі топқа бөліп көрсетуге белгілі бір заңдылық бар. 

Лексика  мағынасы  тек  «адамды»  білдіретін  зат  есімдер  ғана  жіктеу 

есімдіктерінің барлық түрімен (мен, сен, ол, біз) предикаттық қатынаста айтыла 

алады,  ол  зат  есімдердің  түрлері  еш  уақыт  жіктеу  есімдіктермен  предикаттық 

қатынасқа  түсе  алмайды.  Мысалы,  балықшы,  ұшқыш,  қызметкер,  дәрігер, 

құдаша деген секіл адамға қатысты зат есімдерді алатын болсақ, бұлардың кез 

келгенін  жіктеу  есімдіктерімен  тіркестіріп:  Мен  балықшымын,  Сен 

балықшысын, ол құдаша деген тәрізді ретпен бірінші жақта да, екінші жақта да, 

үшінші жақта да айта беруге болады. Ал енді өзен, сай, кереге, төбе, ықылас, 

аяз,  төңкеріс  секілді  адамнан  өзге  барлық  нәрселер  мен  құбылыстарға,  жан  – 

жануарға қатысты айтылатын зат барлық есімдерге келсек, бұлардың жайы бір 

басқа. Мұндай зат есімдердің бірде бірі өзінің тура мағынасы да жұмсалғанда, 

әсте жіктік жалғауын қабылдамайды. 

Мінекей, осы сияқты қасиеттері тұрғысынан алғанда, барлық жіктелу бар 

зат  есімдер  жақтылық  категориясына,  жіктелу    қабілеті  жоқ  зат  есімдер 

жақсыздық категориясына жатады.  

Қазақ  тілінде  сөйлем  ішінде  кім?  сұрауды  тек  адам  жөнінде  ғана,  сосын 

фольклор  шығармалары  мен  ұғым  –  нанымдарға  және  жоғарыда  айтылған 

тәрізді  поэзияда  адам  бейнесінде  ұшырайтын  образдар  жөнінде  ғана  қоярға 

болады. Бұлардан тысқары барша жан – жануар мен нәрсе атаулары не? деген 

сұрауға  жауап  береді.  Сая  болып  тұрғанда  екі  категорияның  бір  –  бірінен 

даралайтын басты бір белгі осы.  

Қазақ  тілінде  зат  есімдер  нақтылы  лексикалық  мағынасына  орай  сөйлем 

ішінде  не  жекеше,  не  көпше  түрде  қолданылады.  Қазақ  тілінде  көптік 

жалғаулар:  -лар,  -лер,  -дар,  -дер,  тар,  -тер.  Мысалы:  оқушылар,  терезелер, 

дәптерлер, келіншектер т.б. 

Қазақ  тілінде  сөз  тура  мағынасында  жұмсалғанда  көптік  тұлғаны  қажет 

етпейтін біраз сөздер бар. Бұған негізінде мынадай жұрнақтар жатады: -шылық, 

-

шілік,  -лық,  -лік,  -дық,  -дік,  -тық,  -тік  жұрнақтары  арқылы  жасалған  зат 



есімдер. Мысалы, шаруашылық, саудагершілік, ақындық, достық т.б. 

Зат есімдерге тән грамматикалық категориялардың бірі – тәуелдік.  

Тәуелдік  категориясы  деп  белгілі  заттың,  нәрсенің  кімнің  меншігі 

екендігін білдіретін грамматикалық категорияны айтамыз [10].  

Зат  есімнің  тәуелденуі.  Белгілі  бір  затты,  нәрсені  не  қоғамды  басқа  бір 

заттыаң  иесі,  меншігіне  ете  сөйлейміз.    Ол  үшін  оған  тәуелдік  жалғауының 

көрсеткішін  жалғап,  нәрсенің  зат  пен  меншіктілік  –  тәндік  табиғи  қатысып 

көрсетеміз.  Мұндай  тіркестегі  сөздің  меншіктелу  (иеленуші)  сөзі  –  жіктік 

есімдігі  ілік  жалғаулы  болып,  меншіктелуші  (иеленуші)  сөздер  тәуелдік 

жалғауылы  болады:  менің  мақалам,  біздің,  біздердің  мақалаларымыз,  сенің 




 

17 


мақалаң. 

Сендердің 

мақала-лар-ың, 

сіздің 


мақалаңыз. 

Сіздердің 

мақалаларыңыз, оның мақаласы. Олардың мақалалары. Бұл мысалдағы мақалам 

сөзі  мақаланың  маған  меншікті  екендігін  көрсетсе,  мақалаң  сөзі  –  мақаланың 

саған  (екінші  жаққа)  тәндігін  көрсетіп  тұр.  Сондай-ақ  мақаласы  десек, 

мақаланың  бөгде  біреуге  меншіктігін  көреміз.  Мұндай  тәуелдік  жалғаулы 

сөздер бірінші жақта – мендік, екінші жақта – сендік, үшінші жақта – бөгделік 

болып, белгілі бір жаққа телулі тұрады.  

Менің  мақалам  деген  жай  сөйлемдегі  екі  сөздің  екеуі  де  жалғаулы, 

алдыңғысы (менің) ілік жалғауында, соңғысы (мақалам) тәуелдік жалғауында. 

Осындай екі сөздің екеуі бірдей жалғауда тұрып тіркескенде бір – біріне матаса 

бағынады.  Мұны  екінші  сөзбен  айтқанда,  ілік  жалғаулы  сөз  өзінен  кейінгі 

тәуелдік жалғаулы сөзге, тәуелдік жалғаулы сөз өзінен бұрынғы ілік жалғаулы 

сөзге  тіркеседі.  Мұндай  тіркесте  тұлғаланған  грамматикалық  формаларының 

өздерінше беретін мағыналары бар. Мәселен, ілік жалғаулы сөз өзіне тәуелдік 

жалғауылы  затты  меншіктеуші  болса,  тәуелді  болған  сөз  оған  меншіктелуші 

болады.  

Мақалам  деген  тәуелдік  жалғаулы  сөзден  меншіктелуші  –  ие  болушы  – 

жақтың  белгісі  де,  меншіктелінетін  –  иеленетін  заттың  өзі  де  көрініп  тұрады. 

Мәселен,  мақалам  сөзі  де  ие  болушы  жақтың  көрінісі,  көрсеткіші  –м  болса, 

иеленуші,  меншіктелуге  тән  нәрсе  –  мақала.  Осындай  белгілі  бір  заттың  үш 

жақта  біріне  меншікті  екендігін  білдіретін  грамматикалық  категорияны 

тәуелдік  категориясы  дейді.  Олай  болса,  меншіктеуші  –  ие  болушы  жақтың 

көрсеткіші  –м,  -ым,  -ң,      -ың,  -ің,  -ы,  -ң,  -ңыз,  -ңіз,  -ыңыз,  -іңіз  болады  да, 

меншіктелінетін зат: кітап, қалам, қағаз сияқты нәрсе болады.  

Тәуелдік  жалғауы  жоғарыда  айтқандай  жақтың  көрсеткіші  болғанымен 

(кібым,  кітабың,  кітабы),  субъектінің  (бастауыш  болатын  сөздер)  жағын 

көрсететін қосымша емес, сол субъектіге ие болып тұрған (менің, сенің, оның) 

сөздің  жағын  көрсететін  белгі  (бала-м,  бала-ң,  бала-сы).  Бұл  тұлғадағы 

бастауыш  болатын  сөзбен  жақ  жағынан  байланысы  болмайды:  менің  балам 

келді,  сенің  балаң  келді.  Біздің  баламыз  оқиды,  сіздердің  балаларың  оқиды 

сияқты  тәуелдеулі  сөз  бастауыш  болса,  баяндауыш  онымен  жақ  жағынан 

қиысып тұрған жоқ.  

Тәуелдік  жалғаулы  сөз  өзінен  бұрынғы  ілік  жалғаулы  жіктік 

есімдіктерімен жақ жағынан байланысса, менің әкем, сенің әкең, оның ікесі т.б. 

осы тәрізді жалпы ережеден (мен) өзім оқыдым, (біз) бәріміз сонда бардық, (ол) 

екеуіміз бардық, үшеуіміз келдік сияқты жақтық көрсеткіштері өздік, жалпылау 

есімідіктері  мен  сан  өздердің  грамматикалық  формаларымен  жақ  жағынан 

қиыспайды.  Нше,  тәуелдеулі  сөз  өзінен  бұрынғы  сөздің  ілік  септікте  тұруын 

талап етеді. Мұндай сөз тіркестеріндегі (мектептің директоры) матасу – қазақ 

тілінде  жиі  ұшырайды.  Көптеген  тюркологиялық  еңбектерде  мұндай  тіркесті 

изофет  деп  атайды.  Изофет  араб  грамматикасынан  алынған,  оның  бастапқы 

мағынасы, мазмұны – қатынас, толықтау деген сөз.  

Сөз тіркесіндегі екі зат есімнің не басқа екі есім сөздердің алдыңғысы ілік 

жалғауында,  соңғысы  тәуелдік  жалғауының  І,  ІІ,  ІІІ  жағында  тұрып 



 

18 


байланысқан  сөздер  шын  мәнісіндегі  матасудың  нақ  өзі  болып  есептеледі: 

Мектептің  дирокторының  орынбасарының  көмекшісінің  інісінің  кітабы. 

Сондай-ақ  менің  қаламым  десек,  қаламның  бір  кісіге  меншікті  екендігін 

білдірсе,  біздердің  қаламдарымыз  десек,  қалам,  қаламдар,  бірнеше  кісіге 

тәндігін көреміз.  

Бұлардың басты – басты мағыналары мыналар: 

Заттың  бір  затқа  меншіктілігін  білдіреді:  машынаның  дөңгелегі,  әйелдің 

көйлегі баланың кітабы. 

Заттың  сапалық  меншік  белгісін  білдіреді:  ақынның  таланты,  иттің 

сыртаны, құстың қыраны. 

Заттың арнаулы материалдық тегін көрсетенді: есіктің тақтасы, стаканның 

шынысы, етіктің былғарысы.  

Затқа  тән  меншікті  қарым  –  қатынасын,  көрінісін  білдіреді:  баланың 

ұйқысы, аттың жүрісі, әртістің әні. 

Заттың  негізі  неден  жалғанын,  болғанын  көрсетпеді:  жүзімнің  суы, 

бидайдың наны, күннің сәулесі. 

Заттың арнаулы бір мақсатқа белгіленгенін білдіреді: ұйқының дәрісі, тіс 

дәрігері, қыздар мектебі. 

Белгілі  бір  ұлттың  өзіне  тән  ерекше  қасиетін  білдіреді:  орыс  әдебиеті, 

қазақ тілі, ағылшын фллоты, өзбек ертегілері. 

Бүтіннің  бөлшегін  білдіреді:  ағаштың  жапырағы,  столдың  аяғы,  ешкінің 

мүйізі. 


Жоғарыдағы  мағыналы  тәуелденген  сөздер  оңаша,  ортақ  тәуелдік  болып, 

екіге  бөлінеді:  бір  не  бірнеше  затты  бір  кісіге,  не  бір  ұйымға,  не  басқа  бір 

нәрсеге (маған, саған, оған) меншіктілігін көрсетіп, сөйлеушіге (маған – менің 

қаламым),  не  тыңдаушыға  (саған  –  сенің  қаламың),  не  ұшінші  бөгде  біреуге 

(оған – оның қаламы) тәндігін көрсетсек, оны тәуелдік дейміз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет