175
халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Алматы, 2014 жыл 266
бет
2. Красная книга Казахстана. Позвоночные животные.-Алматы, 2010. -327 с.
Такенова Г.Е., Кентбаева Б.А., Байбатшанов М.К.
ШАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ БАҒЫНДАҒЫ ТАУ ТЕКЕНІҢ САН
МӨЛШЕРІ ЖƏНЕ ОЛАРҒА ƏСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
Мақалада Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи бағындағы тау текенің сан мөлшері
жəне оларға əсер ететін факторлар қарастырылған.
Ключевые слова: Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи бағы, тау теке, жануарлар
дүниесі, сүтқоректілер, əсер ететін факторлар.
Takenova G.E., Kentbaeva B.A., Baybatshanov M.K.
BIOLOGICAL DIVERSITY OF MAMMAL FAUNA WITHIN STATE PROTECTION
INSTITUTIONS MOYINKUM FOREST AND WILDLIFE
The article discusses the biological diversity of mammalian fauna in the territory of a
state institution for the protection of forests and Moyinkum wildlife
Keywords: biological diversity, mammals, birds, red book.
ƏОЖ 639.1
Талапхан К., Кентбаев Е.Ж., Байбатшанов М.К.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
КӨЛСАЙ КӨЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ АУМАҒЫНДАҒЫ
ЖАНУАРЛАР МЕН ҚҰСТАР САНЫ
Андатпа
Мақалада Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесі
аумағында мекендейтін сүтқоректілердің санының өсу динамикасы қарастырылған.
Кілт сөздер: Көлсай көлі, Тянь-шань тау бөктері, жануарлар дүниесі,
сүтқоректілер, марал.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының биотүрлілігін сақтауда, өзінің аумағының кеңдігімен
дүниежүзінде тоғызыншы жəне көршілес Орта-Азия мемлекеттерінің төртеуінен
көлемділігімен басым болуы, экологиялық жүйесі жəне биологиялық түрлерінің
түрлілігімен ғаламдық деңгейде ерекше орын алады. «Көлсай көлдері» ұлттық парк
аумағында теңіз деңгейінен 1800-3500 метрдей биіктікте орналасқан, жануарлар мен
өсімдік əлеміне бай, сонымен қатар, сирек жəне жоғалып бара жатқан өсімдік пен
жануарлар түрлері кездеседі. Табиғи ортаның жабайы күйі, адамдардың қол тимеген
жекелеген бөліктері де сақталған. Көне мəдениеттік мұраның орындары бар [1].
Ұлттық парктың жері, табиғи – ауа райы жағдайынан таулық ландшафт тобына
жатады. Əкімшілік қатынаста ұлттық парк аумағы Райымбек ауданының батыс
бөлігінде жəне Алматы облысы Талғар ауданының шығыс аумағы кіреді. Ұлттық парк
176
аумағындағы елді мекен Райымбек ауданы бойынша ғана орналасқан, олар: Саты,
Күрметі, Қарабұлақ жəне Алғабас ауылдары.
Күнгей Алатауының солтүстік беткейінің флорасы мен өсімдіктер жамылғысын
зерттеу XIX ғасырдың ортасы мен аяғындағы географтар, ботаниктер, зоологтар
П.П. Семенов; Н.А. Северцова, А.Н. Красновтардың зерттеу саяхаттарынан бастау
алады. XX ғасырдың 20-30 жылдары бірқатар ботаниктер осы аймақта жұмыс атқарған.
Р.И. Аболин (1930) жұмыстарында Тянь-Шань тауының солтүстігі мен шығысының,
атап айтқанда Күнгей-Алатауының биіктік белдеулері мен тіршілік аймақтарының
зерттеу нəтижелері баяндалған. Күнгей-Алатауының флорасы мен өсімдіктерін
зерттеуде үлкен үлес қосқан С.А. Арыстанғалиев болды, ол 1952-1954 ж.ж.
аралығында осы аймақта үздіксіз зерттеулер жүргізген. Осы зерттеулер нəтижесінде
жазылған ірі мақалалар, осы күнге дейінгі Күнгей-Алатауының флорасы мен
өсімдіктері туралы сипаттамалардың толығы жəне нақтысы болып саналады [2].
Кейінгі кезде Солтүстік Тянь-Шань биіктаулыларының флорасын зерттеуге аса
мəн беріліп жүр. Соның ішінде Күнгей Алатауы да бар (Байтенов, 1982, 1985),
сонымен қатар, осы тау жотасының өсімдіктерін карталау, бұл қорытынды
материалдар авторлар қауымдастығымен (Ладыгина, Рачковская, Сафронова, 1995)
«Карта растительности Казахстана и Средней Азии» кітабына енгізілген.
Жануарлардың түрлері мен олардың сандарының ауытқуы, түрлердің дамуы мен
олардағы өзгерістер туралы 2007 жылдан бастап аңдар есепке алынып «Табиғат
жылнамасы» жасалуда [3].
«Көлсай көлдері» МҰТП жерінде 226 жануарлар түрі кездеседі. Қазақстандағы
жануарлардың біздің ұлттық парк аймағының жануарлары 21% құрайды. Осы аталған
жан-жануарлардың ҚР Қызыл кітабына енген сүтқоректілердің 6 түрі, құстардың 14-
түрі бар (1-кесте). ҚР Қызыл кітабына енген жануарлар түрлерінің 17% МҰТП
аумағында кездеседі. Сүтқоректілердің 29 түрі, жəндіктердің 15%, қанаттылар 6%,
жыртқыштар 3%, кеміргіштер 3%, аша тұяқтылар 3%. Омыртқалы жануарлардың ең
көп санын құрайтын құстар əлемі. Орманда мекен ететін 197 түрі бар. Оның ішінде
орманда мекендейтін 82 түрі кездеседі. Омыртқасыздардың 3 түрі, қос мекенділердің 3
түрі, бауырмен жорғалаушылардың 2 түрі бар. Жəндіктердің 735 түрі бар [4].
1-кесте. «Көлсай көлдері» МҰТП-дегі 2007-2014 жылдардағы құстар саны
Реті Құстар
Жылдар
2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014
1
Құр
2700 2700 2710 2710 2710 2710 2710 2710
2
Қырғауыл
2100 2100 2300 2300 1500 1500 1300 1300
3
Кекілік
2800 2800 2900 2900 2000 2000 1800 1800
4
Сақалды шіл
3500 3500 3500 3500 3500 2800 2800 2800
5
Бөдене
4000 4000 4800 4800 4800 4800 4800 4800
6
Сарала қаз
900 900 900 900 900 900 900 900
7
Гималай ұлары
1900 1900 1920 1920 1920 1920 1800 1800
8
Кідімгі түркептер 1300 1300 1300 1300 1300 1300 1300 1300
9
Құз кептер
2100 2100 2100 2100 2100 2100 2100 2100
10
Көк кептер
2400 2400 2400 2400 2400 2400 2400 2400
11
Бүркіт
48 48 50 50 50 52 12 12
12
Құмай
45 45 48 48 48 50 45 45
13
Көкқұс
143 143 43 43 43 40 40 40
14
Үкі
82 82 55 55 55 50 50 50
«Көлсай көлдері» МҰТП аумағында жерсіндірілген сүтқоректілер түрлері. 60-шы
жылдары Күнгей Алатауындағы Күрметі аумағының жанында бұғының 53 түрі
177
жерсіндіруге жіберілген, өз-өзінен жоғалып кетті. Сонымен қатар, жерсіндіріруге
жіберілген ақ тиін Күнгей Алатауындағы шыршалы аймаққа көп таралды (2-кесте).
Ұлттық табиғи парк аумағында сүтқоректі жануарлардың 29 түрі мекендейді. Тау
белдеулерінінің бөктерінде 17 түрі кездеседі. Орманды белдеулерде 24 түрі жəне
Альпалық Тянь-Шань аймағында 16 түрі бар.
2-кесте. Жануарлар санының динамикасы
Реті Жануарлар түрі 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014
1
Марал
275 275 350 350 640 642 640 648
2
Елік
550 550 420 420 495 512 360 397
3
Сібір таутекесі
600 600 680 680 692 702 670 648
4
Жабайы шошқа
450 450 550 550 564 585 603 616
5
Сары суыр
8500 8500 9500 9500 9500 9500 7224 7224
6
Қасқыр
300 300 175 175 80 85 85 85
7
Түлкі
275 275 275 275 275 275 124 124
8
Борсық
400 400 410 410 410 410 399 399
9
Қоян
2150 2150 2300 2300 2300 2300 2088 2088
10
Тянь-Шань қоңыр
аюы
25 25 28 28 28 29 16 16
11
Барыс
12 12 12 12 7 5 2 3
12
Орта Азия
сілеусіні
150 105 105 105 110 110 55 55
13
Тянь-Шань
арқары
30 30 35 35 22 20 22 22
Аулау обьектісі болып табылатын жануарлар түрлері бойынша жылда есептер
жүргізіледі (3-кесте).
3-кесте. Аулау обьектісі болып табылатын жануарлар түрлері бойынша есебінің
деректер 01.10.2009ж.
№
п/п
Жабайы
жануарлар
түрлері
Есептелген жабайы
жануарлар саны
Оның ішінде
Еркегі % Ұрғашысы
%
1
Марал
350
103
29 140 40
2
Тау ешкі
680
201
30 245 36
3
Елік
620
205
33 270 44
4
Қабан
550
110
20 195 35
Табиғат пайдаланудан жергілікті тұрғындармен өзара пайдалы тығыз байланыс
бар, шектеулі шаруашылық аймағына оларға рұқсат етіледі: кеспе ағаштан тыс
қоқымдарды жинау есебінен отқа жағатын отын, шөп шабу, бекітілген нормалар
бойынша мал жаю, т.б. Тұрғылықты жергілікті халықтар өсімдіктер мен жануарлар
əлемінің сақталуына жəне молықтыруына қызығушылық білдіруде.
Жүйелі қорғаудың қорытындысында жабайы жануарлардың санының өсуі,
көбеюі байқалады. 2007 жылы Тянь-шань қоңыр аюы 20 болса, 2008 жылы 25 басқа
көбейген. Ал қар барысы 2007 жылы 10 бас болса, 2008 жылы 12 бас болды. Сондай-ақ
арқар 2007 жылы 18 бас болса, 2008 жылы 30 бас болды.
МҰТП аумақтарында теңіз деңгейінен 1800-3500 м биіктіктерде бірегей таулы
ландшафтар мен мол көлдер орналасқан, аумақтар фауна мен флораның сирек
кездесетін жəне құруға жақын түрлеріне жəне өсімдіктер мен жануарларға бай.
Жануарлардың құрып кету қаупі бар жəне аз түрлерінің мекендері мен молықтыру
178
учаскелері болып аршалы ормандар міндет атқарады. Қазақстанның фаунасының 21%-
ы, не болмаса омыртқалы жануарлардың 226 түрі мекендейді. Осыдан Қазақстан
Республикасының Қызыл кітабына сүтқоректілердің 6 түрі жəне құстардың 13 түрі
кіргізілген, яғни Қызыл Кітапқа енгендердің17%-ын құрайды. Сүтқоректілердің 29 түрі
жəндік жегіштер, қол қанаттылар, жыртқыштар, қостұяқтылар жəне кеміргіштер болып
келеді.
Əдебиеттер
1 «Жануарлар əлемін пайдалану жəне молықтыру, күзету туралы» № 593 09.07.
2004 ж. Қазақстан Республикасының Заңы.
2 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 ж 07.07. №175-ІІІ Қазақстан
Республикасының Заңы.
3 «Көлсай көлдері» МҰТП ММ «Табиғат жылнамасы».
4 «Көлсай көлдері» МҰТП ММ «Техникалық-экономикалық жəне ғылыми
географиялық негіздемесі».
Талапхан К., Кентбаев Е.Ж., Байбатшанов М.К.
КОЛИЧЕСТВО ЖИВОТНЫХ И ПТИЦ НА ТЕРРИТОРИИ ГОСУДАРСТВЕННОГО
НАЦИОНАЛЬНОГО ПРИРОДНОГО ПАРКА ОЗЕРА КОЛСАЙ
В статье представлены количество животных и птиц на территории
государственного национального природного парка озера колсай. Животный мир так
же богат и разнообразен -насчитывает более 226 видов позвоночных животных.
Ключевые слова: озера Колсай, млекопитающие, птицы, красная книга, марал.
Talaphan K., Kentbaev E.Zh. Baybatshanov M. K.
NUMBER OF ANIMALS AND BIRDS ON THE TERRITORY OF STATE
NATIONAL NATURAL PARK LAKE KOLSAY
The article presents the number of animals and birds in the territory of the State
National Natural Park Lake kolsay. The animal world is as rich and varied -naschityvaet more
than 226 species of vertebrates.
Keywords: lake Kolsay, mammals, birds, red book, Mara.
ƏОЖ 639.1
Тойлыбаева Н.Ш., Кентбаев Е.Ж., Байбатшанов М.К.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
МОЙЫНҚҰМ ОРМАНДАРЫ ЖƏНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ
ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АУМАҒЫНДА ТАБИҒИ ЕРЕКШЕЛІГІНЕ
СƏЙКЕС ЖАН-ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТАРАЛУЫ
Андатпа
Мақалада Мойынқұм ормандары жəне жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемесі аумағында табиғи ерекшелігіне сəйкес жан-жануарлардың
таралуы мəселелері қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |