Семинар тақырыбы: Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік.
Мақсаты: оқу – тәрбие жұмыс барысында оқытушылар мен білімгерлер арасында адамгершілікпен әдептілікке тәрбиелеу әдіс – тәсілдерін үйрету.
Өткізу формасы: Интерактивті әдіс – тәсілдер.Талдауға ұсынатын педагогикалық сұрақтар.Педогогикалық жағдаяттар. Іскерлік ойындар.
Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші және адал, әділетті,шыншыл адам болуға тиіс.
К.Д.Ушинский Педагогикалық сұрақтар: 1.Әдеп дегеніміз не?
2.Педагогтық әдеп және оны меңгеру жолдары
3.Сіз білімгерлермен әңгімелесесіз бе?
4.Әдептен озбайық
5.Педагогтық талантты қалай түсінесіз?
6.Педагогтық шеберлік неден басталады?
7.Шәкіртсіз ұстаз тұл.
Әдеп – белгілі бір халықтың қалыптасқан этикалық тәртібі.
Педагогикалық әдеп – оқытушының аса бағалы педагогтық қасиеті, бұл қасиет оған педагогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын білдіру шамасын көрсетеді, ең алдымен білімгерлердің психологиясын терең біліп, түсінуге негізделеді.
Мұғалім сахнадағы актёр сияқты әрқашан көз алдында жүреді.
Қарым – қатынас тұрғысынан педагогтық әдеп мұғалімнің жан – жақтылығын, идеялық сенімінің, жүріс – тұрыс мәдениетінің, арнаулы білімінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістерінің қоры, яғни ақыл – ойының көрінісі. Әр бір оқытушының дара ерекшеліктеріне бағынбастан педагогты әдепті дамытуға септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогикалық бірнеше жайыттарды бөліп көрсетуге болады.
Байқағыштық. Байқағыш мұғалім шәкірттерінің ішкі әлеміне терең үңіліп көңіл
жақсы көрем.Ол өзі қалай жақсы түсіндірсе солай тыңдай біледі.”
Сенім Педагогтық әдеп білімгерлерге сенім арта білу қабілетінде қамтиды. Сенім арту тәлім -тәрбие жұмысы принціптерінің бірі болып есептеледі.Білімгерлерді өз шамалары мен мүмкіншіліктеріне деген сапалы сенімге тәрбиелеу яғни сенімін қолдап күшейту отыру керек.Сенім дегеніміз істеген істің көрінісі.
Әділдік Әділ мұғалімнің – оқушылар кейбір ресімшілдігін тіпті жаман қасиеттерін де кешіре алады. Әділ болғанмен бірге әдебі мол көңілі жайдарлы болса,беделді болады.Тек әділ қарап қоймай сонымен бірге өз ісінің дұрыстығына сендіре білуі керекӘділетсіздік болған жағдайда көңілдері қалып, аралары салқындай түседі.
Шамалы уақыт ішінде білімгер екірет сабаққа дайындықсыз келді.Ұстаз: сен еш нәрсегеде қабілетті емессін т.б.
Мұнда әдеп мәселесіне әділетсіздікке жол берді. Әділдік көбінесе бақылау, тест т.б. жұмыстарында орын алып жатады. Себебі бір – бірінен көшіру жағдайлары болады. Сондықтан
бағаның дұрыс болғаны қажет кей жағдайда қателік болады. Сол кезде не істеуге болады?