Мұхамбеткерей Мұхит Мерәліұлының өмірі мен шығармашылық жолы Орал,2021 Мазмұны



бет6/9
Дата03.02.2022
өлшемі1,46 Mb.
#24797
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ғылыми жоба. М.Мерәліұлының өмірі мен шығармашылық жолы

2.2 Жүректен шыққан ән асыл

Айтушылар Мұхит Қобда бойын аралап жүргенде біреудің үйіне түсіп, ән салып, ауыл адамдары жиналып, кеш бойы сауықтайды. Ертеңінде сол үйдің бойжеткен қызы Құралайдың шай құйып отырғандағы сыпайылығы, мінезі, ажары Мұхитқа қатты ұнап, сол арада бір ән шығарады.

Әншіге қыздың көзі ұнайды. Сондықтан ол: «Шырағым, мына бір әнді саған арнадым, нағыз айнамкөз екенсің, әннің аты да «Айнамкөз» болсын дейді. Бұл ән халық арасында көп тараған, « Айнамкөзді» айтпайтын адам аз. Әсіресе жай үйде болған мәжілістерде көпшіліктің қосылып айтатын әннің бірі — «Айнамкөз». Бұл Мұхитқа тән диапазонды, үлкен дауыс шеңберңі тілейтін ән. Басынан аяғына шейін лирика, ешбір қайғының ұшқыны жоқ, сүйгенін, жақсы көргенін сағынған әуен бар. Әннің кеудесі мен қайырмасы бірімен бірі жалғасып кетеді. Ән байсалды, орнықты екпінде жүреді. Әрбір дыбысы қатталып, орындаушыдан дауыс регисторінің тегістігін тілейді. «Айнамкөз» — үлкен, жылы жүректен шыққан ән.

Шандоз ән шебері, халық психологиясының білгірі сал Мұхит дыбыстар жүйесін әр қырынан құбылта құруымен тыңдаушысын эстетикалық-эмоционалдық көңіл-күйде қалдырып отырған. Мәтінде бейнеленген ойлау формаларының сезімдік әсерін әуен арқылы арттырып, күшін өсіре түскен. Бұған оның қай шығармасы да толық дәлел. Соның бірі – байтаққа жақсы таныс



21

әйгілі «Зәуреш» әні. Өрнегі бөлек. Бітімі өзгеше. Қалың қарындасқа Ғарекеңнің, Ғарифолла ата Құрманғалиевтің (1903 – 1993) орындауында тарап еді. Бірегей орындаушысы. "Паң көйлек", "Қыпшақ", "Дөң асқан", "Кербез" әндері Мұхиттың әншілік өнерінің сан-қырлы, жаратылысын, табиғатын ашады. Ойлы да қуатты, асқақ, бірде даланың жібек самалы боп желпіген нәзік, сырлы, мөлдір лиризмге тұнған әндерін асқан шеберлікпен орындай жүріп, өзінің әншілік дәстүрін жасады. Мұхит сұлу ат мініп, сәнді киінді; қасына ойыншы, саятшы, палуан, зергер, жыршы, күйшілерді ертіп жүрді; шәкірттері көп болды.



Мұхит тек әнші, ақын ғана емес, күйшілік өнерімен де танылды. Ол Боғда, Есбай, Тазбала, Сәулебай, Абыл күйлерін өте әсерлі орындап, өзі де күй шығарды. Мұхиттың бір күйін Затаевич нотаға түсірген. Мұхиттың әншілік, ақындық, күйшілік мұрасын біздің заманға балалары — Шоң мен Нөу; немерелері — Шайқы, Лұқпан, Ғұбайдолла жеткізді. Мұхит әндерін орындаушылық дәстүрін ілгері дамытып, халықарасына насихаттаушы — Ғ.Құрманғалиев, Т.Ибрагимова, Н.Әбілова, т.б. Мұхит әндері жеке жинақ болып басылып, оның шығармашылығы туралы зерттеулер де жазылды. Қазақстан композиторлары Мұхиттың туындыларын өздерінің шығармашылығында кеңінен пайдаланды. Мұхиттың "Алуаш" әнін Е.Г.Брусиловский "Жалбыр", "Үлкен Оразын", "Қыз Жібек", "Дүние-ай" әнін "Ер Тарғын" операларында пайдаланды. Б.Г.Ерзакович "Айнамкөз" әнін өзінің ішекті аспаптар квартетіне ал "Зәуреш" әнін Л.М.Шаргородский мен С.И.Шабельский "Симфоньеттасына" тақырып етіп алды. Мұхит 1918 жылы 15 наурызда қайтыс болған. Оның Ақбақай қорымындағы зиратын 1958 жылы академик Қ. Жұмалиев тауып, белгі қойылған.

Кең тыныстылықты, асқақ та шырқау үнділікті талап ететін Мұхиттың әншілік дәстүрі негізінде әншілердің Батыс Қазақстан өңіріне тән ерекше бағыты – «Мұхит мектебі» қалыптасқан.

22



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет