Тақырыбы: «Әжелер – өмірдің ажары, немере – өмірдің базары» (әжелер мен немерелер сайысы) Мақсаты



Дата03.12.2023
өлшемі22,21 Kb.
#133599
Байланысты:
Тәрбие сағаты Әжелер-өмірдің ажары,немере-өмірдің базары


Тақырыбы: «Әжелер – өмірдің ажары, немере – өмірдің базары» (әжелер мен немерелер сайысы)
Мақсаты: халқымыздың ата-бабадан келе жатқан, бірақ кейінгі кезде елеусіз қалған ұлттық асыл мұрасын, отбасылық тұрмыс-салтын, жақсы үлгі өнегесін, ізгілікті сән-салтанатын, кіші мен үлкенді сыйлауды, мейірімділікті, парасаттылық сияқты тәрбиеге қатысты қағидаларды әжелерден үйрену, қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу.
Күтілетін нәтиже: халқымыздың ата-бабадан келе жатқан, бірақ кейінгі кезде елеусіз қалған ұлттық асыл мұрасын, отбасылық тұрмыс-салтын, жақсы үлгі өнегесін, ізгілікті сән-салтанатын, кіші мен үлкенді сыйлауды, мейірімділікті, парасаттылық сияқты тәрбиеге қатысты қағидаларды әжелерден үйренеді, қазақ халқының салт-дәстүрін білетін болады.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, тыйым сөздер,слайд
Өту барысы:
Армысыздар ардақты әжелер, сүйкімді балалар, ұстаздар!
Қымбатты қонақтар, ата-аналар, әріптестер! Адам үшін ең аяулы, ең қымбат жан – ана. Бала дүниеге келген күннен бастап, өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын бере білген аналар үшін елімізде бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол – 8 наурыз мерекесі.
Ана деген ыстық қой әрбір жанға
Теңеймін аналарды нұрлы жанға
Көктемгі мейрамдарыңыз құтты болсын!
Анадан артық адам бар ма, сірә!
Асылдай әжелерім қартаймашы
Таудан аққан бұлақтай сарқылмашы
Өздеріңізді мәңгілік аялаймыз
Көк аспанда жұлдыздай жарқылдашы.
Ардақты аналар, аяулы да қымбатты ақ жаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілейміз. Құрметті қауым! Наурыз тойын аңсап дәйім
Ата – бабам жырлап келген.
Той – думандар жалғассын деп
Той бастарды дәстүр еткен – дейді дана халқымыз.
«Әжелер – көңілдің ажары, немере – өмірдің базары» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Халқымыздың «Өз балаң өскенше, немерең өлгенше» деген сөзі бар. Бала жөнінде ақын М.Әлімбаев атамыз былай деп жырлаған екен.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немереңнің бойында,
Бар тәттілік бар екен.
Туған балаң жай ғана,
Демесең де жат бөтен.
Нағыз балаң ойласаң
Немере деген тәтті екен,- деп келесі кезекте сайысқа қатысатын әжелеріміз бен немереле-
рімізді ортаға шақырамыз.
1. Бойында мейірім ақ жүрек
Жақсылыққа толы ақ тілек.
Сара әже келді міне,
Немересіне бақ тілеп – деп Да сынып оқушысы Кәусар мен 3"а" оқушысы Тахминаны әжесімен ортаға шақырамыз.
2.Жанұясының тірегі
Тіршіліктің жүрегі
Әжесі бақыт ордасы
Мәпелеген жыр елі- деп ортаға Дә, -сынып оқушысы --Нұртөре мен Ажар әжесін ортаға шақырамыз
3.Еміреніп «қозым» деп,
Мейіріммен қарайтын
«Немерем аман болсын деп»,
Ай мен күнге балайтын –деп Дб-сынып оқушысы Марта мен Салтанат әжені ортаға шақырамыз.
4.Сыздайтұғын жүрегі
Құлап қалса сүрініп.
Рысгүлдің әжесі кеп отыр
Қамқор болған балаға –деп, 1а сынып оқушысы Байболсын Рысгүл мен Гүлзада әжені ортаға шақырамыз.
5.Менің әжем – шежіре,
Көп ертегі біледі.
Сыртта жүрген кезінде,
Бізді ойлап жүреді деп - 1ә сынып оқушысы Айаруды Сұлу әжесімен ортаға шақырамыз.
6. Әже біздің күніміз
Әже біздің гүліміз.
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз – дей отырып, Тоқтардың әжесі Сағираш әжені ду қол шапалақпен ортаға шақырайық, қарсы алыңыздар.
7. Әже деген көп шығар,
Абылайханның әжесіндей әже жоқ шығар.
Мейірімді ол кісі,
Қандай ғажап күлкісі дей отырып Халық әжейді, ортаға шақырамыз
8. Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Жұлдызыма деп кәмпит алып келеді дей отырып 2"б"сынып оқушысы Жұлдыз бен әжесі ГҮлбаршын әжені, қарсы алайық.
9. Бізге әр кез тілекші боп жүретін,
Қуанышымызға ортақ бола білетін,
Мейірімді әже, асыл әже, ардақты әже– деп Диляраның әжесі Сәлима әжені ортаға шақырайық.
10.Асыл әже ақ аәже,бізді ойлаған нар әже дей отырып ортаға 4"А" сынып оқушысы Бақбергенді Зоя әжесімен ортаға шақырамыз.
11. Баға жетпес, бал әжем
Аман – есен жүріңізші дей отырып 4"Ә"сынып оқушысы Рысгүлді нағашы әжесі Рәзиямен ортаға шақырыамыз.
Кім жеңеді сайыста? Үміт алда,
Қобалжу бар, жүректе күдік барда.
Әділ-қазы алқасы атыңды ақта,
Жүректерге арман менен бақыт жолда – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.


1.Ата - аналар комитетінің төрайымы Лайлагүл Маханова
2. Самал м/үйінің директоры Марина Қайырғалиқызы
3.Мектеп психологы А.Жаумитова
4.
(Әділқазылар алқасының құрамын бекітіп, әжелерді сайыстың шартымен таныстыру)


І бөлім
«Мен, анамын, ұрпағын әлдилеген» (өзін таныстыру)
ІІ бөлім
«Көтерейік көңілді ән-жырменен» (өнер сайысы)
ІІІ бөлім
«Сыр – сандық» сұрақ-жауап сайысы. 
ІҮ бөлім
«Өнерлі саусақтар» (дайын қолөнер бұйымдарды көрсету)
Ү бөлім

5. «Дәм – думан» сайысы.


Қорытынды:
Қайырымды қасиетті
Ең ардақты ақ әжем
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес, бал әжем
Аман – есен жүріңізші
Бар тілегім сол әжем – дей отырып, әжелерімізге денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт тілейміз.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүттің
Кең шуағың аясындай гүл бақтың – дей отырып бүгінгі мерекелік сайысымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет