29
Хандәк соғысы
Қуанышты хабарды естіген жұрттың барлығы Әбу
Лүбабаға қарай жүгірді. Олардың бәрі де оны тезірек
байлаудан босатуға тырысты.
Аллаһ тағаланың кешірімін алған Әбу Лүбаба
да қуаныштан қатты толқыды. Жаратқан Иеміздің
кешіріміне бөленіп, тәубесі қабыл болғанына іштей
шүкіршілік етті. Алла тағала ол жайлы аят түсіріп,
құлым дегені Жәбірейіл періштені сол үшін көктен
түсіргені қандай бақыт еді! Байлаудан босатуға келген
жандарды көрісімен:
– Жоқ, халайық! Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
өзі келгенге дейін мені босата көрмеңдер! – деді.
Осы кезде таң намазын оқуға Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өзі де келді. Келе салысымен Әбу
Лүбабаға сәлем беріп, оған ерекше ықылас білдірді.
Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Жаратқаннан
осыншалық шын көңілден кешірім сұрап, оның
мейіріміне бөленген Әбу Лүбабаны өз қолымен босат-
ты.
Көктен келген жарлықпен бұғаудан босаған Әбу
Лүбаба Расулалллаһты бастан-аяқ сүзе қарап тұрды да
былай деді:
– Уа, расулаллаһ, тәубам қабыл болу үшін әуелі
осы күнәға батқан елді тастап жөніме кетемін. Арты-
нан дүние-мүлкімнің бәрін садақа ретінде сізге әкеліп
тапсырамын. Өзіме дүниелік ештеңе қалдырғым
келмейді.
Пайғамбарлар падишасы бұл жерде де әр нәрсенің
жөні әрі өлшемі бар екенін білдіріп былай деді:
– Уа, Әба Лүбаба! Үштен бірі де жеткілікті.
Достарыңызбен бөлісу: