МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев


Уақыт жақындады ..................................................................... 416



Pdf көрінісі
бет6/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   155
Уақыт жақындады ..................................................................... 416
Қоштасу қажылығы .................................................................. 416
Арафат .................................................................................. 418
Мина ........................................................................................ 421
Жамралар және қоштасу .................................................... 423
Жалған пайғамбарлар ...............................................................425
Үсама әскері ...............................................................................427
Пайғамбарымыздың сырқаты ................................................428
Күн батып барады ...............................................................430
Қоштасу сәті және соңғы күн ............................................ 437
Жәбірейіл әмин мен ажал періштесінің келуі ....................440
Қоштасу сәті ..............................................................................441
Сөз соңы .........................................................................................444
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................................447


7
Хандақ соғысы
(жалғасы)
аллаһтың көмегі
Аллаһ қамқорлығы тағы да айқын көрініс тапты. 
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Жәбірейіл періштені 
көргеннен кейін сахабаларға үш қайтара үн қатып:
– «Құрметті жамағат, Аллаһтан келген сүйінші 
хабарға құлақ асыңдар», – деді. Кенет аспан алай-дүлей 
болып, Хандақта дауыл басталды. Алдында ғана бір 
байламға келе алмай, өзара қырық пышақ болған Ахзаб 
әскері сол күні кешке қарай алапат дауылға тап болды. 
Айнала көзке түртсе көзгісіз. Қазан-ошағы қирап
жаққан оттары сөнді. Сарбаздар тіккен шатырлар да 
қирап, пайдаға жарайтын заттың бәрі желге ұшты. 
Айналаны әп-сәтте қою қараңғылық басып, естіген 
адамның жүрегін алар түн қараңғылығын тітіреткен 
зор дауыс естілді. Қараңғылық басқаны соншалық, ай-
наланы көру мұңға айналды. Онсыз да суықтан жаурап 
берекесі кетіп отырған имансыздар ойламаған жерден 
көтерілген дауылдың әсерінен азан-қазан болды
1
.
Мүшріктер бұған дейін кездеспеген қырсыққа тап 
болып, абдырай бастады. Жер беті топырақ суырып
1
«Аһзаб» сүресі, 33/9. Осы оқиғаға байланысты Аллаһ елшісі де «Мен 
Саба дауылының жәрдемін көрдім. Ад қауымы Дәбур дауылынан зар-
дап шекті». Сахихи Бұхари 1/350 (988), 3/1172 (3033), 3/1219 (3165); 
Сахихи Мүслим 2/617 (900); Ахмед ибн Ханбәл, Мүснәд 1/223 (1955), 
1/228 (2013), 1/324 (2984)


8
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
айналаны көру мұңға айналды. Олар желге ұшқан 
кепелерін қайтадан байлауға тырысқанымен, тілсіз жау 
мұрсат бермеді. Жіпті алып енді байлауға оқталғанда 
дауыл қолдарындағы бар дүниені ұшырып әкетті.
Бұл жағдайдан соң имасыздар шындап қорқа бас-
тады. Ру басшылары өз адамдарын қасына шақырып 
тыныштандыруға тырысқанымен, жағдай оңала 
қоймады. Олар:
– «Уа, халайық! Біз алдандық. Айналамызды жау-
ларымыз қоршап алды!» – деп жанұшыра айқайлап 
жатты.
Оларды мұндай апатқа ұшыратқан Жарату-
шы Аллаһ еді. Ол жіберген дауыл мұсылмандарды 
қаскүнем имансыздардың кесірінен сақтап қалды. 
Мәдинаны қиратуды ойлап, көздеріне қан толған 
опасыздарға Аллаһ тағала дүлей дауыл жіберіп тас-
талқан етті.
Шыбын жаны шырылдаған екіжүзділер отбасы 
жағдайын сылтауратып, біртіндеп шептен шығып 
жатты. 
Тек шынайы мүміндер ғана Аллаһ жіберген 
дауылдың хикметін түсініп, бойларына күш құйыла 
бастады. Өйткені, бұл апат мүміндердің күш-жігерін 
жанып, жауларының зәресін алып, құтын қашырды.
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
кешке қарай саха-
баларын жеке-жеке түгелдеп оларға былай деді:
– «Араларыңда имансыздардың жай-күйін біліп 
келетін кісі бар ма? Барған адам жәннәтта менің көршім 
болады». Мұны естіген Әбу Бәкір ортада тұрған Хузай-
фаны нұсқап:
– «Хузайфаны жіберген жөн болар», – деді. 
Аллаһ елшісі де 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қасында отырған 
Хузайфаға:


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет