МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет7/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   155
Хандәк соғысы 
– «Сен кімсің?» – деді. Ол:
– «Мен Хузайфамын», – деп жауап берді. Аллаһ 
елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
іздеген адамын тапқандай:
– «Онда сен өзара азан-қазан болып абдырап 
жатқан мүшріктердің жай-күйін біліп қайт», – деді. 
Онсыз да тыпыршып тұрған Хузайфа бәсең үнмен:
– «Шынын айтқанда, сізден ұялғанымнан әрі 
сүйектен өткен қара суықтан қорыққанымнан орным-
нан тұрған жоқпын», – деді. Хузайфа сол кезде үстіне 
әйелінің бешпентін бүркеніп отыр еді. Онысы да үстін 
толық жаппай, тек тізесіне дейін ғана жететін
2
. Аллаһ 
елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оған:
– «Қайтып келгенше саған суық та, ыстық та әсер 
етпейді», – деді. Хузайфа дұшпан қолынан қаза тауып, 
шейіт болудан емес, қолға түсіп тұтқын болудан 
қорқатын. Сондықтан Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оған:
– «Олар сені ұстай алмайды», – деп, тағы 
бір желпінтіп тастады. Осыдан кейін оған негізгі 
нұсқауларды беріп, жауға қарай аттандырды.
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
тапсырманы 
орындауға талаптанған Хузайфаның артынан қарап, 
алақанын жайып былай деп дұға етті:
– Уа, Аллаһ тағалам! Хузайфаны алдынан, арты-
нан, оңынан, солынан және төбесінен келетін қауіптің 
бәрінен қорғай гөр!»
2
Хузайфа сол күні үстіне ілетін сауыты мен қалқаны жоқтығын, тек 
әйелінің бешпентін киіп келгенін айтады. Аллаһ елшісі халыққа үндеу 
тастағанда орнынан тұрмағанының себебі сол еді. Сондай-ақ, ол жау-
ды барлап қайтамын деп жүріп сүйектен өткен суықтан қатып өлемін 
ба деп қорыққан еді. Қараңыз: Хәкім Мүстәдрак 3/33 (4325); Бәззар 
Мүснәд 7/317 (2916), 7/346 (2943)


10
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Бұл 
кезде 
іштей 
қобалжуы 
басылып,
Хузайфа жайбарақат мүшріктер жаққа кетіп бара 
жатты. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
артынан:
– «Әй, Хузайфа!» – деп дауыстады.
Хузайфа кері бұрылып Аллаһ елшісінің алдына 
келді. Пайғамбарымыз оған:
– «Қайтып оралғанға дейін олардың ешбірімен 
қақтығыспа!» – деп ескертті.
Аллаһ елшісінің 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
соңғы нұсқауын 
алған Хузайфа көп ұзамай-ақ жау шебіне енді. Сол 
кезде мүшріктер жиналып, орталарында тұрған ірі 
денелі бір кісіні (Әбу Суфиян) тыңдап тұрды. Ол 
айналасындағыларды:
– «Қане аттанайық», – деп, кері қайтуға үндеп 
жатыр екен. Бұл жау жақтағы аса беделді кісілердің 
бірі еді. Хузайфа қорамсабынан бір жебе алып, садағын 
атуға оқталды. Кенеттен Аллаһ елшісінің 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 
ескертуі ойына оралып, райынан қайтты. Бірақ 
мұндай зор мүмкіндікті жіберіп алғысы келмегендей, 
қайтадан садағын алды.
Осы сәтте жақын жерден шыққан тысырдан 
сезіктенген Әбу Суфиян жақын арада бір жансыз бар 
деген ойға келді. Маңайындағыларға:
– Әркім қасындағы кісінің қолынан ұстап, оның 
кім екенін анықтасын», – деп бұйырды. Бұл сезігі 
негізсіз емес еді. Хузайфа да еш саспастан бірден оң 
және сол жағындағы кісілердің қолынан ұстап, алды-
мен оң жағындағы кісіден:
– «Сен кімсің?» – деп сұрады. Ол:
– «Мен Мағауия ибн Әбу Суфиянмын», – деп 
жауап берді. Сосын сол жақтағы кісіге қарап сұрағын 
қайталады. Ол:


11
Хандәк соғысы 
– «Мен Амр ибн Аспын», – деп жауап қатты.
Хузайфа осылайша бірінші болып сұрау арқылы 
тығырықтан шығатын жол тауып кетті.
Қатты жел жиылғандардың әбден берекесін кетірді. 
Ахзаб әскері ең дұрысы кері қайту деп ұйғарып жолға 
дайындала бастады. Әбу Суфиян да түйесіне мініп, 
оны орнынан тұрғызуға тырысып жатты. Бірақ дүлей 
дауыл атан түйенің де тұруына мүмкіндік бермеді.
Табиғаттың алапат күшінен зәре-құты қалмай 
қорыққан мүшріктер алмыз деп келген Мәдинаны 
жайына қалдырып келген ізімен кері қайтуға асықты.
Мүшріктердің жай-күйінен толық хабардар болған 
Хузайфа көрген-білгенін Аллаһ елшісіне 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
жеткізуге асығып, жолға шықты. Жолай жиырма 
кісілік атты жасаққа кезікті. Оларға:
– «Достарыңа хабарлаңдар. Аллаһ тағала дүлей 
дауыл мен әскер жіберіп, имансыздардың жазасын 
беріпті», – деді.
Хузайфа бұларды жақсы танымайтын еді. Қайтып 
оралғанда Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
намаз оқып 
жатты.
Тапсырманы ойдағыдай орындаған Хузайфа 
қайтадан тоңа бастады. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм)
оған қол бұлғап қасына шақырды. Үстіндегі 
киімінің бір бөлігін Хузайфаның үстіне жауып, көріп-
білгенін тәптіштеп сұрай бастады
3

3
Берілген тапсырманы орындап, көрген-білгенін Аллаһ елшісіне 
баяндағаннан кейін Хузайфа сол жерде қалың ұйқыға кетеді. Таңертең 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қасына келіп, оған «Ей, 
ұйқыбас, тұр», – деп намазға оятады. Қараңыз: Сахихи Мүслим 3/1414 
(1788); Ибн Хиббан, Сахих 16/76 (7125); Бәззар, Мүснәд 7/317-318 
(2916)


12
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет