Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы


Тақырып 1.Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қаржылық жоспарды құру тәртібі



бет2/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Тақырып 1.Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қаржылық жоспарды құру тәртібі
Дәріс 1

  1. Ұйымдардың қаржыландыру көздері мен шығыстарының қалыптасуы.

  2. Бюджеттен бөлінген құралдардың жоспарлануы және оның орындалуының бақылануы.

  3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі.

Дәріс 2

  1. Бағдарламалар, ерекшеліктер сыныптамалары.

  2. Мемлекеттік мекеменің сметасы.

  3. Мемлекеттік мекеменің міндеттемелер мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары.

  4. Бюджеттік қаражаттардың меңгерілуі.




  1. Ұйымдарды қаржыландыруға арналған шығыстар құрамы (мысалы білім беруге) бюджеттік жіктелу бойынша арнайы функционалдық топқа сәйкес қалыптасады. Республикалық бюджетте бұл топтың үлесі жыл сайын ұлғаюда және келешекте олардың деңгейі жалпы ішкі өнімнің төрт пайызына жетуі ұйғарылуда. Қаржыландыру көздері болып республикалық, жергілікті бюджеттер және бюджеттен тыс құралдар табылады. Білім беру мекемелердің іс әрекетін қаржыландыратын бір немесе бірнеше құрылтайшылар болғандықтан, мұндай білім беру мекемесі ҚР Азаматтық кодексі ережелеріне сәйкес коммерциялық емес ұйым деп есептеледі. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің жеке меншік ретінде мемлекеттік атынан орталық және жергілікті басқару органдары болғандықтан, олар осы мемкемелердің мемлекеттік орталық және жергілікті қаржыландырудың мемлекеттік кепіл берушісі болады. Білім беру саласын бюджеттік қаржыландыру қажеттілігі ең алдымен білім беру қызметтің қоғамдық тауар ретіндегі қасиеттері мен елдің әлеуметтік экономикалық дамуындағы олардың ролімен серттеседі. Қазіргі кезеңде білім беру мекемелерін ұстау үшін әрекеттегі қаржылық ағымдар бюджет деңгейлері бойынша жіктелінеді. Орталық республикалық деңгей бойынша бюджеттік құралдармен қамтамасыз ету үш бағытқа бөлінеді, яғни республикалық бағыныштағы мекемелерді ұстауға, республикалық білім беру бағдарламаларды іске асыруға және қаржылық жәрдемге мұқтажды аймақтарға трансферттер ретінде білім беру субвенцияларға. Ұйымдардың басқару стратегиясының негізгі бөлігі ол қаржылық қамтамасыз ету. Бұл мәселені жетілдіру барысында бірнеше мақсаттарды шешу қажеттігі пайда болады.Олар дамудың басымды бағыттарын таңдау, қаржыландырудың жаңа көздерін анықтау және пайдалану, қолда бар ресурстарды тиімді пайдаланудың ұйымдық және экономикалық механизмдерін жарату, бюджет құралдарын билеу жөніндегі өкілеттікті дәйекті үлестіру. Республикалық деңгей бойы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету қажетті білім беру дамуының басымды бағыттарын таңдау мақсаты ең алдымен білім берудің әртүрлі деңгейлері бойынша шығындардың ара қатынасын анықтауға байланысты. Білім беру саласында қаржыландыру қосымша көздер тартылу арқылы іске асыруы мүмкін, яғни білім беру мекеменің өзінің кәсіпкерлік іс әрекеті және оларға демеуші болатын заңды және жеке тұлғалармен арақатынас құру. Білім беру саласында бюджеттен тыс қосымша ақылы қызмет көрсету формалары ретінде келесілер болуы мүмкін:

  • Ғылыми зерттеулік, өнеркәсіптік, консалтингтік, сертификаттық іс әрекет, сараптамалық, ақпараттық және басқа да қызмет көрсету;

  • Мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдарымен, жеке және заңды тұлғалармен келісі шарт арқылы мемлекеттік тапсырыстан тыс кадрлдарды дайындау, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату;

  • Шетел студенттері, аспиранттар мен стажерларды оқытудың тиімді және табысты жүйесін қалыптастыру;

  • Оқу орындарының әлеуметті инфрақұрылымдарын келе келе ақылы пайдалануға өту.

Тағы бір қаржыландыру көзі жөнінде айтсақ ол халықралық ұйымдардың ақысыз негізінде немесе халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларды іске аыруға білім беру мекемелерге берілетін құралдар.

  1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге арналған шығыстар құрылымының келесідей өз мқсаты бар:

  • Мемлекетті нақты мұқтаждықтарының негізінде уәкілдік шектеуі заңды түрде бекітілген басқарудың республикалық органдарын қаражаттандыру

  • Мемлекеттік қызметтің бірыңғай жүйесі бойынша мемлекеттік қызмткерлерді ұстау үшін шығындардың қалыптасу жалпы принциптерін жасау және енгізу

  • Осы мақсттар үшін бөлінген бюджет құралдарын пайдалануының мемлекеттік қаржы бақылау жүйесін жетілдіру

  • Басқарудың мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер шығыстарына арналған бюджет құралдарымен қаражаттандыру мен оларды пайдалану үшін тұрақты ішкі және сыртқы бақылау жүргізіледі. Ішкі бақылауды Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау атты Комитеті және оны жергілікті органдары мен аумақтар бойынша өкілетті органдар іске асырады. Сыртқы бақылауды Есеп комитеті мен маслихаттардың ревизиялық комиссиялары атқарады. Бұл бақылаушы органдар бюджет құралдарының мақсатты пайдалануын тексереді, оларға талдау жасап негізінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге арналған шығыстарды азайту мен қайта құрылымдау жөнінде ұсыныстар енгізеді.

  1. Бюджеттік бағдарламалар әкімгері болып оларды жоспарлау, негіздеу мен іске асыруына жауапты және соларға жүктелген функциялар мен өкілдік арқылы анықталған мемлекеттік органдар табылады. Олар бюджеттік қаражаттарды бюджеттік бағдарламалар паспорттарына сәйкес өздігінен пайдаланады және сол қаражаттарды нысанды және тиімді пайдалануына жауапты болады. республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімгері ретінде орталық мемлекеттік атқарушы органдар тағайындалады, бірақ олардың құрылымдық және аумақтық бөлімдері әкімші бола алмайды. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімгері ретінде ҚР ретінде ҚР Үкіметі бекіткен жергілікті мемлекеттік басқарудың типтік құрылымына сәйкес анықталатын атқарушы органдар болады.

  2. Бюджеттік бағдарламалар экономикалық нәтижелерге байланысты ағымдағы немесе даму бюджеттік бағдарламалар болуы мүмкін.Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар өз алды мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттік міндеттемелерін атқаруды қамтамасыз етуге арналған бюджеттің тұрақты шығындарын көрсетеді. Бюджеттік даму бағдарламалар негізінде іргелі сипаттағы ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар болып табылады.

Бюджеттік бағдарламалар мемлекеттік басқару мен бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша бекітуіне байланысты республикалық және жергілікті бағдарламалар болып бөлінеді. Өз алдына жергілікті бюджеттік бағдарламалар облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық,аудандық бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді.

  1. Сметасы (бұдан әрі - смета) республикалық және жергілікті бюджеттерден мемлекеттік мекемелерді ұстауға және нақты бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) орындауға бөлінетін қаражаттың көлемін, мақсатты бағытталуын және айлар бойынша бөлінуін анықтайтын негізгі құжат болып табылады. Смета әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жасалады. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын белгіленген тәртіппен бекітілмеген сметамен жұмсауға жол берілмейді. Смета жиынтық және жеке болуы мүмкін.
    Бюджетте әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша бекітілген жалпы сомаға жасалатын смета жиынтық болып табылады. Егер бағдарлама (кіші бағдарлама) бірнеше мемлекеттік мекемелерді ұстауды, бірнеше мемлекеттік мекемелермен іс-шаралар өткізуді көздейтін болса, онда мұндай бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық смета тиісінше жеке сметаларға бөлінеді. Егер бағдарлама (кіші бағдарлама) тек бір ғана мемлекеттік мекемені ұстауды, бір ғана мемлекеттік мекемемен іс-шаралар өткізуді ұйғарып отырса, онда осы бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша смета жеке және бір мезгілде жиынтық смета болып табылады. Бюджеттік тағайындауларды әкімші - аумақтық (құрылымдық) бөлімше - түпкі алушы сызбасы бойынша бөлу кезінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ІІ деңгейдің аумақтық (құрылымдық) бөлімшенің (бұдан әрі - ІІ деңгейдің бөлушісі) және түпкі алушылардың жеке сметасының жиынын білдіретін жиынтық сметасын бекітеді. ІІ деңгейдің бөлушісі жиынтық сметалар негізінде әрбір түпкі алушының жеке сметаларын бекітеді. Жиынтық және жеке сметалар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысандар бойынша жасалады және бекітіледі.

2.
Сметаны жасаған кезде мемлекеттік мекемелер:
Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік жіктемесі шығыстарының экономикалық жіктемесін ; Қазақстан Республикасының бюджеті шығыстарының экономикалық жіктемесі ерекшелігінің құрылымын ; бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру тәртібін көздейтін нормативтік құқықтық кесімдерд;
тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алуға, мемлекеттік тапсырысты орналастыруға арналған конкурстарды (тендерлерді) өткізу мерзімдерін, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушілермен шарттар жасасудың мерзімдерін;
тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланған шығыстардың есептемесін басшылыққа алады. Іске асыру нысаны "мемлекеттік мекемені ұстау" ретінде анықталған бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша әрбір мемлекеттік мекемеге жеке смета және тұтастай алғанда, бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық смета немесе бюджеттік тағайындауларды үш звенолы бөлу сызбасы кезінде - тұтастай алғанда, бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық смета, ІІ деңгейдің жиынтық сметасы және әрбір мемлекеттік мекеменің жеке сметасы жасалады. Іске асыру нысаны "іс-шара" ретінде анықталған бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша іс-шара өткізетін әрбір мемлекеттік орган үшін жеке смета және тұтастай алғанда, бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық смета немесе бөлудің үш звенолы сызбасы кезінде - тұтастай алғанда, бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық смета, ІІ деңгейдің жиынтық сметасы және әрбір мемлекеттік мекеменің жеке сметасы бекітіледі.
Іске асыру нысаны "мемлекеттік тапсырыс" ретінде анықталған бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша, тұтастай алғанда, бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық смета және әрбір Тапсырыс берушіге жеке смета, бюджеттік тағайындауларды үш звенолы бөлу сызбасы кезінде - тұтастай алғанда, бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық смета, ІІ деңгейдің жиынтық сметасы және әрбір Тапсырыс берушінің жеке сметасы бекітіледі. Жоғарыда санамаланған іске асыру нысандарына жатпайтын бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша тұтастай алғанда, бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жиынтық смета ғана жасалады. Халықаралық шарттарға сәйкес қаржыландырылатын бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша смета осы шарттардың ережелерін ескере отырып жасалады.
Бөлінетін бағдарламалар бойынша (Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резерві, өкілдік шығыстар, шетелдік іссапарлар, кредиторлық берешекті өтеу және с.с.) осы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жиынтық сметаны жасайды және бекітеді. Осы бағдарламалардың есебінен түрлі әкімшілерге іс жүзінде қаражат бөлген кезде алушы-әкімшілер жиынтық және жеке сметаларды және бюджеттік тағайындауларды үш звенолы бөлу сызбасы кезінде - ІІ деңгейдің жиынтық сметасын жасайды және бекітеді.

  1. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын құру мен бекіту бюджеттік процестің маңызды кезеңі, ебебі осы жоспарлар негізінде мемлекеттік мекемелер азаматтық-құқықтық келісімдерін тіркейді,бюджеттік ақшаларды игеру мен тауарлар, жұмыстар, қызметтер алу үшін төлемдер мен аудармаларды іске асырады. Бюджетті атқаруды қамтамасыз ету үшін жоспарлардың келесі түрлері жасалады:

  • қаржыландырудың жеке жоспары

  • бюджеттік бағдарламаларының әкімшіліктерін қаржыландыру жоспары

  • міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары

Қаржыландырудың жеке жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерін қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерні қаржыландыру жоспарлары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары тиісті қаржы жылға бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен белгіленген мақсаттарды іске асыру үшін жасалады. Қаржыландырудың жеке жоспары мемлекеттік мекеменің бюджетті атқару жөніндегі негізгі құжаты болады. Ол міндеттемелерді қаржыландыру жоспар формасында және төлемдерді қаржыландыру жоспар формасында қалыптасады. Төлемдер бойынша қаржыландыру жеке жоспары-мемлекеттік мекеменің қабылдаған міндеттемелері бойынша төлемдер өткізу шегіндегі құралдар көлемін анықтайды. Міндеттемелер бойынша қаржыландыру жеке жоспары-мемлекеттік мекемелердің қажетті шараларды іске асыру үшін қабылдаған міндеттемелер шегіндегі құралдар көлемін анықтайды. Бюджет түсімдері мен бюджеттен қаржыландырудың жиынтық жоспары арнайы форма түрінде және келесі құрылыммен жасалады: а) бюджет түсімдері жиынтық жоспары-кірістер, алынған ресми трансферттер, несиелер қайтарылу мен бюджет тапшылығын қаржыландыру көздері; ә) міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жиынтық жоспары-шығыстар, несиелер мен Үкіметтік қарыз немесе жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын өтеу. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қаржыландыру жылдық жоспарды бекікеннен кейінгі екі апта ішінде қаржыландырудың жиынтық жоспарын құрады және бекітеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет