Ф. 7.03-03
Мыңбаева Д.Е., Атенова К.А.
«Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы
Шымкент 2022 ж
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«Есеп және аудит» кафедрасы
Мыңбаева Д.Е., Атенова К.А.
6В04130 - «Есеп және аудит» Білім беру бағдарламасы бойынша
білім алушыларға «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы
Шымкент 2022 ж
ОӘЖ 336.225.673
Құрастырған: Мыңбаева Д.Е.
Атенова К.А.– аға оқытушы «Есеп және аудит» кафедрасы
«Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы. Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚУ 2023- 112 б.
Дәріс жинағы «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пән оқу бағдарламасына және оқу жоспары талаптарына сәйкес құрастырылған.
Дәріс жинағы 6В04130 - «Есеп және аудит» Білім беру бағдарламасы бойынша оқитын білім алушылар үшін арналған.
Дәріс жинағы тақырып бойынша сұрақтар, тақырыптың негізгі мазмұны және білім алушының бақылау сұрақтары қарастырылған.
Рецензент: Туребаева Ж.К. -э.ғ.к. «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы
«Қайсар 1» ЖШС бас бухгалтері: Шаймерден Т.К.
«Есеп және аудит» кафедрасы мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды
(Хаттама № 5 «16» 12. 2022ж.) және
«Басқару және бизнес» жоғары мектебінің оқытудың инновациялық технологиялары және әдістемелік қамтамасыз ету комитетімен қаралды және баспаға ұсынылды
(Хаттама № 5 «28» 12. 2022ж.)
М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ Оқу әдістемелік кеңесінде қаралды және баспаға ұсынылды. Хаттама № « » ______202 ж.
© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, 2022ж.
Шығарылымға жауапты Жақыпбеков С.Ж., Атенова К.А.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
|
4
|
Тақырып 1.Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қаржылық жоспарды құру тәртібі
|
5
|
Тақырып 2. Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің нормативті-құқықтық реттеу
|
8
|
Тақырып 3. Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
|
12
|
Тақырып 4. Қысқа мерзімді активтердің есебі: ақша қаражаттары, дебиторлық борыш, қорлар.
|
16
|
Тақырып 5. Негізгі құралдардың есебі.
|
25
|
Тақырып 6. Инвестициялық жылжымайтын мүліктің есебі.
|
31
|
Тақырып 7. Биологиялық активтердің есебі.
|
34
|
Тақырып 8. Қаржылық міндеттемелер мен қаржылық инвестиция есебі.
|
38
|
Тақырып 9. Жал есебі.
|
42
|
Тақырып 10. Жұмысшылармен есеп айырысу есебі.
|
45
|
Тақырып 11. Кірістер мен шығыстар есебі.
|
50
|
Тақырып 12. Шартты активтер мен міндеттемелер және бағалау міндеттемелерінің есебі.
|
56
|
Тақырып 13. Таза актив /капиталдың есебі
|
57
|
Тақырып 14. Баланстан тыс шоттардың есебі.
|
60
|
Тақырып 15. Қаржылық есепті құру тәртібі
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер
|
62
|
КІРІСПЕ
Бюджеттік органдардағы бухгалтерлік есеп курсы студенттердiң бiлiмдерi мен бiлiктілігін құрайтын негiзгi пәндердiң бiрi болып табылады.
Курста логикалық түрде бiртiндеп қаржы органдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiнiң орындалуы есебiнiң мазмұны және мiндеттерiн, салық органдарында басқа да мiндеттi төлемдерден түсетiн түсiмдер және салықтық түсiмдердiң есебiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджеттiнiң кассалық орындалуының есебi оқытылады. Курсты оқудың маңызды жағы республикалық және жергiлiктi бюджеттiң есебiнен қамтылатын мекемелердiң есебiн үйрену болып табылады.
Курс бағдарламасында бюджет мекемелерiнде активтердiң, тауарлы – материалдық қорлардың есебiнде, шығындар есебiнде, шығындар сметасының орындалуы туралы есеп берулердi құруында маңызды орын алады.
Экономика саласындағы мамандар есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік есеп және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын жетік меңгерулері қажет
ҚР қаржылық есептеменің жаппай халықаралық стандартқа өтуі, оның негізгі ұстанымдарының бірі маңыздылықтың нысандардан басымдылығын көрсетеді, қаржыда сандық әдістерді кеңінен қолдану, бұрынғы бар бағдарламаларға сын көзбен қарап, қайтадан жетілдіруді талап етеді.
Бұл курстың мақсаты студенттерге қаржы, бюджет мекемелеріндегі есеп жүргізу тәртібі туралы білім беру, оның әдістемесі және наррықты экономика жағдайында шаруашылық субъектілерінің қызметінің экономикалық параметрлерінің аналитикалық зерттеуіне қойылатын сұранысына сәйкес ұйымдастыру, мемлекеттік білім беру стандартына және жұмыс берушілердің талабына сәйкес келетін, қаржы саласында кәсіптік қызметті орындауға жеткілікті деңгейде білімге, іскерлікке, машыққа ие мамандарды дайындау.
Курстың міндеті басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржылық ақпараттты қалыптастыру, студенттерді қаржылық есеп беруді құрастыру ережелерімен таныстыру, қаржы органдарының есебі мен есеп беруін жетілдіру және дамыту жөнінде қаржы мамандарына қажетті теориялық және тәжірибелік білім беру.
Лекцияны құру кезінде заңдық және нормативтік актілер, нұсқаулықтар мен отандық, шет елдік мамандардың ғылыми еңбектері пайдаланылды.
Достарыңызбен бөлісу: |